ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАНЫ ЖЕТІЛДІРЕ ОТЫРЫП

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған міндеттердің біріұлттыққұқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңіне қатысты болып отыр.

Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқарушылық кодекстердіңжәнеӘкімшілікқұқық бұзушылықтар туралы Кодекстің қабылдануы сот өндірісін сапалы реформалауды қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдары еліміздеқұқық қорғауоргандарыменарнаулы қызметтер жүйесін реформалау үшін барлық жағдайлар жасалды. Күштік құрылымдар қызметкерлерінің өз ауқымы бойынша теңдесі жоқ аттестациясы өткізілді. Қызметкерлерді ақшалай қаражатпен ұстау және зейнетақымен қамтамасыз ету көтерілді, құқықтық база ұдайы жетілдірілуде.

Тек соңғы 10 жыл ішінде ғанаҚылмыстық, Әкімшілік, Қылмыстық-процессуалдық кодекстергежәнеқылмыстық жазалар жүйесін жәнеқылмыстық-атқарушылықжүйесінодан әрі жетілдіру, азаматтарды қамауда ұстаудың негіздерін және тәртібін нығайту, есірткілердің заңсыз айналымы саласында жауапкершілікті, құқық қорғауоргандары жұмысының түрлері мен әдістерін өзгертуге жіберілген әскери қызметшілердің жауапкершілігін күшейту мәселелері жөніндегі басқа да көптеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді .

Заңнамалық деңгейдеқұқық қорғаужүйесін реформалау жәнесоттардың тәуелсіздігін нығайту жолымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бастандықтарын қорғауды одан әрі қамтамасыз ету мәселелері шешілді. 2011 жылықұқық қорғау қызметі туралы заң қабылданды. Сондай-ақ Президент ішкі істер органдары туралы жаңа заң әзірлеуге тапсырма берді, ол Парламентте қарауға биыл түседі.

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілді: медиация және сот актілерін жеке меншік негізде орындау, тұтқындауды соттың санкциялауы. Қылмыстық сот өндірісі машығында сайланбалы қосшы би институты табысты жұмыс істеуде.Жыл өткен сайын соттарды мамандандыру жетілдірілуде.

Мемлекет басшысы мегзеген болашақ өзгерістердің басымдықтары Құқықтық саясат тұжырымдамасында 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге қазірдің өзінде енгізілген, онда заң шығарудың жәнеқылмыстық саясат саласымен байланысты сотжәнеқұқық қорғау жүйелерінің құқық қолдану қызметінің барлық салаларын кешенді, өзара байланыста түзетудің қажеттілігі атап көрсетілген.Бұл үшінқылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған тұлғаларды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту, соттың істі әділетті қарауы жәнеқылмыстық заңның тиісінше қолданылуы мақсатындақылмыстықжәнеқылмыстық-процессуалдық заңнаманы тиімді қолдануды көздейтіноңтайлы құқықтық тетіктер талап етіледі.

Сонымен, жаңаҚылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерді қабылдаудың мақсатытеңдестірілген жүйені қалыптастыру болуға тиіс. Бұлқоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, алғаш рет жасалған немесеәлеуметтік әлсіз тұлғаларжасаған қылмыстарғақатысты төзіммен қарауды кеңейтуге, ауыр қылмыстарға, қайталанған қылмыс көріністеріне, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, терроризмге, сыбайлас жемқорлыққажәнеәділ сотқа кедергі жасауға қылмыстық-құқықтық реакциянықатайтуға саяды.

Сондай-аққылмыстардың алдын алуды күшейтуді, бас еркінен айыруға баламалы жазаларды барынша кең қолдану үшін алғышарттарды жасауды қамтамасыз ету қажет. Және бұл жерде заңдылықты, адамның құқықтары мен бостандықтарын бұлжытпай сақтау, негізсізжазғыруданжәнеайыптаудан, бас еркіндігін заңсыз шектеуденқорғауды қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады.

Бұл үшіназаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепілдіктерінің жүйесін күшейту, жеке өмірдің дербес құқықтылығын, қылмыстық сот өндірісінің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақбұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қоғамдағы құқықтық дауларды ескертуге бағытталған оңтайлы құқықтық тетіктерді әзірлеу маңызды.

Бұл реттеәкімшілік-құқықтық ықпалшараларды қалыптастыру кезіндеолардыңқоғамдық қауіптілік дәрежесінежәнеқұқық бұзу сипатына мөлшерлестік қағидаты мүлтіксіз сақталуға тиіс.

Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде сот және соттан тыс инстанциялар арасындағы өкілеттіктерді шектеудің нақты тұжырымдамасын дайындау жөн.Әкімшілік сот өндірісінде тараптардың бәсекелестік қағидатын одан әрі дамыту жөніндегі шараларды қабылдау керек.

Жаңа ӘҚтК қараған кезде әкімшілік-құқықтықжәне қылмыстық-құқықтықықпалшаралар арасын нақты шектеу қажет. Бұл реттеқұқыққа қарсыәрекеттің жаңа түрін – қылмыстық қылықты енгізу мақсатқа сай болып табылады.

Жаңа кодекстердің негізгі мақсатықолданыстағықылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілікзаңнаманыңжәнеқұқық қолдану машығыныңкөкейкесті проблемаларын шешуге саяды. Және барлық ұсынылатын жаңартпаларойластырылған жәнеғылымиқисынды болуға тиіс. Бір қарағанда қаншама тартымды болып көрінгенімен, қылмыстық сот өндірісінің шетелдік тәжірибесін ойластырып пайдалану өте маңызды. Өйткені оныбелгілі бір объективті факторларды ескермей қазақстандық құқықтық ортаға механикалық түрде көшіре салуқұқық қолдану машығынатеріс әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты ПарламенттіБас прокуратурамен, Әділет министрлігімен, ІІМ-менжәнебасқа да мүдделі мемлекеттік органдарменжаңаҚылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқарушылық кодекстердіжәнеӘкімшілікқұқық бұзушылықтар туралы кодексті қабылдау жөнінде үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр.

Оларды қабылдаудың арқасында отандық заңнаманыхалықаралық стандарттарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ете аламыз деп сенемін. ЕҚЫҰқылмыстық сот өндірісін жетілдіру жөніндегі Анықтамалық басшылығының көптеген қағидалары кодекстер жобаларының нормаларында қазірдің өзінде іске асырылған.

Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқарушылық кодекстеріжәнеӘкімшілікқұқық бұзушылықтар туралы кодекс қылмысқа қарсы күрестің пәрменді тетігі болуға тиіс. Бұл реттеМемлекет басшысықылмыстық құқықты ізгіліктендіру жәнеқоғамдакез келген құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру тенденциялары арасында жалпы векторды құру қажеттігін атап көрсетті.

«Нөлдік төзімділік» тактикасықұқық бұзушыларғамемлекеттіңкез келгенбассыздықты тоқтатуға бел байлағанын көрсету үшін,тіпті елеусіз құқық бұзушылықтар үшін қатаң жазалар қарастырады. Аталмыш қағидатқоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда, қылмысқа қарсы күресте маңызды қадам болуға нысаналанған. Бұл реттеәрбір қазақстандық мынаны сезінуі тиіс: тіпті ең ұсақ құқық бұзушылақтарға көнуге және бұған көз жұмуға болмайды.

Құқық қолдану машығын және заңнаманы талдау қылмыстарды ескертуге қолғабыс ететін нормалар құқықтың барлық салаларында және кіші салаларында бар екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Түйінді сәтқылмысдегеніміз – бұл динамикалықжәне бейімделгіш құбылыс, және себептік жиынтығын зерделеу тұрақты және жүйелі болуға тиісекендігіне саяды.

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңның қағидаларын орындау жөніндегі бүгінде қабылданып жатқан шаралар, өкінішке қарай, күтілген оң нәтижелерді әкелмегенін атап өту жөн. Осыған байланысты, халықаралық тәжірибені зерделеу қажет. Атап айтқанда, шет елде өзін-өзі қорғауға, шұғыл-алдын алу маңызы бар ақпарат үшінсыйақы беруге, қылмыстардың алдын алу жөніндегі кеңестерді радио және теледидар арқылы таратуға бағдарланған жұртшылықпен жұмыс кең пайдаланылады. Азаматтардың құқық тәртібін нығайтуға қатысуы құқық бұзушылықтардың санын азайтуға дәл керегінше мүмкіндік берді.

Машық заң шығару деңгейіндешешілуі қажет кейбір проблемалықмәселелердің бар екендігін көрсетті. Мәселен, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңмен алдын алу бақылауына жататын тұлғалардың тізбесі бектілген. Алайда оған бұрын сотталғандар сияқты санаттар кірмей қалған. Ал шын мәнісінде нақ осы тұлғалар қайталанбалы қылмысқа елеулі ықпал етеді ғой.

Бас еркінен айыру орындарынанмерзімінен бұрын шартты босатументұрақты мекендеу орнына келген тұлғалардың келуін бақылау жүйесін жетілдіру талап етіледі. Бас еркінен айыру орындарынан босатылған тұлғаларды еңбек және тұрмыстық орналастыру мәселесі көкейкесті болып көрінеді, өйткені ол қайталанбалы қылмыспен тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шара ретіндересоциализация жүйесін дамыту қажет. Осыған байланысты шетелдік тәжірибені есепке ала отырып пробацияның толық мәнді қызметі оң рөл атқара алады. Ол біздің елімізде сотқа дейінгі сатыларды да, постпенитенциарлық кезеңді де қамти алар еді.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағықұқық бұзушылықтар мен қылмыстар санының ұлғаю проблемасы өткір тұр. Балалар мен жеткіншектер отбасы, мектеп, жұртшылық тарапынан күшейтілген әлеуметтік бақылауды талап етеді, өйткені осы жас кезде жеке тұлға қалыптаса бастайды.«Қиын балаларға» дербес педагогикалықбап таба білу – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу ісіне қосылған үлкен үлес.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалықжаңғыртудың жаңа үлгісіне кіріккен құқық бұзушылықтардың алдын алудың мемлекеттіксалааралық бағдарламасын әзірлеуді жорамалдайтын қылмысқа қарсы күрестің сапалық жағынан өзге стратегиясын жасаудың қажеттілігі пісіп жетілді.

Қылмысты ескертудің міндеттерін шеше отырып, мемлекет пен қоғам құқықтық санамен, идеологияменжәне адамгершілік құндылықтармен байланысты әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізетінін атап өткім келеді.Осының бәрі мемлекеттің беделін арттырады, құқықтық нигилизм деңгейін төмендетедіжәне демократиялық қоғамның одан әрі дамуына қолғабыс етеді.

Ел Президентініңжоғарыда аталған және Парламенттің үшінші сессиясын ашарда сөйлеген сөзінде атап көрсеткен міндеттерді іске асыруреспубликаның ұлттық мүдделерін нығайтуғажәне заңдылық түзімін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалықдамуын қамтамасыз етуге қолғабыс ететін болады.

Өз кезегінде Парламент Үкіметпен бірлесіп халықаралық оң тәжірибені пайдалана отырыпқазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.Бұл реттебарлықмемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, әрбірқазақстандықтың өзара әрекеті ғана Мемлекетіміздің басшысы алға қойған сол жоғары мақсаттарға жеткізе алады.

Біздің жұмысымыздың бағасын қарапайым азаматтар береді. Әрбір адам қауіпсіздік жағдайында, оның жан тыныштығы, құқықтары мен бостандықтарысенімді қорғалғанына көзі жеткенде ғана қылмыстықжәнеәкімшілікәділетті реформалау саласындағы жетістіктер туралы айтуға болады.