Иммунодиагностика деп белгілі бір ауруды немесе зерттелетін материалдағы ауру қоздырғышын анықтауға мүмкіндік беретін иммунологиялық әдістердің жиынтығын айтады. Иммунодиагностика әдістері 2 топқа бөлінеді:
1) Жалпы, арнайы емес әдістер, бұл әдістер иммунитет жүйесінің әр түрлі бөліктерінің лимфоциттердің,гранулоциттердің,макрофагтардың,комплементтің күйін сипаттайды.
2) Арнайы әдістер, Бұл әдістер жануарлар организміндегі және сыртқы ортадағы антидене,антиген,Т-лимфоциттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Иммундық статустың арнайы емес көрсеткіштері Макрофагтар мен гранулоциттер жүйесінің күйін анықтау үшін зерттеушілердің қандағы лейкоциттер мен олардың түрлерінің қатынасын (нейтрофил,базофил,эозинофил,моноцит) фагоциттердің жұту және қорыту белсенділігін білуі қажет.Мұндай зерттеулерде мынаны есте үстаған жөн: фагоциттердің көрсеткіштері иммундық тапшылық жағдайында төмен болады,инфекция қолайлы өткенде жоғары болады
Лимфоидты жүйені сипаттау үшін лимфоциттердің жалпы санын,лейкоцитарлық формуланы Т және В-лимфоциттердің пайыздық мөлшері мен жалпы мөлшерін анықтайды. Т және В-лимфоциттердің жалпы мөлшерін иммундық флюоресценция реакциясында СД деп аталатын антигендерге қарсы моноклональды антиденелер көмегімен табуға болады.Олардың санын табумен қатар функционалдық көрсеткіштерін ,мысалы,пролиферативтік және цитотоксикалық белсенділігін де анықтайды.
В-лимфоциттердің функционалдық өнімдерін,яғни антиденелерді қандағы және әр түрлі биологиялық сұйықтықтардағы Ө,М,А класс иммуноглобулиндерін Манчини әдісі бойынша преципитация реакциясы көмегімен анықтайды. Иммундық тапшылық жағдайында Т -лимфоциттердің көрсеткіштері мен иммуноглобулин деңгейі төмендейді ,ал иммундық стимулдеу және қабыну кезінде жоғары болады
Иммундық статустың арнайы көрсеткіштері Мұндай көрсеткіштерді бағалау үшін 2 әдістер топтары пайдаланылады1 .Гуморалдық иммунитет көрсеткіштерін қолданатын иммунодиагностика әдістері (серологиялық реакциялар)
2.Клеткалық иммунитет көрсеткіштерін қолданатын иммунодиагностика әдістері
Серодиагностика немесе зерттеудің гуморалды әдістері гуморалдық иммунитет заңдылықтарына негізделген.Серологиялық диагностиканы ерекше диагностикалық реакциялар арқылы жүргізеді .Мысалы:
Преципитация
Агглютинация
Комплемент байланыстыру
Нейтралдау
Егер де белгілі бір микроб түрінен алынған антиген бар болса жануарлардың қанының сарысуынан оған қарсы антиденені анықтау мүмкін болады,осылайша белгілі бір жұқпалы ауруды диагноздауга болады.Ал арнайы антиденесі бар диагностикалық сарысу арқылы антигенді ,яғни патогенді микробты микроб культурасынан немесе патологиялық материалдан анықтауға болады.Мұндай реакциялардың нәтижелерін қаруланбаған жай көзбен көруге болады.Иммундық сарысуларды жануарларды (қояндеңіз шошқасы,жылқы,қошқар,өгіз)үзақ уақыт иммундау арқылы алады.Гипериммундау нәтижесінде жануарлардың қанында антиденелер жинақталады.
Барлық серологиялық реакциялар кезінде «антиген-антидене» комплексі түзіледі,бірақ оны тіркеу әдістері әр түрлі болып келеді.Серологиялық реакцияларға әлектролиттер қолданылады және Рн мәні 6,7-8,7 аралығында болуы керек.
Преципитация реакг/шгсы-антиденелердің еритін антигенмен жанасқанда оның агрегациясын туғызуына ,сөйтіп комплекстің байқалуына негізделген.Бұл реакцияны ерітіндіде (Асколи реакциясы) немесе агар гелінде ( иммунодиффузия реакциясы РИД) жүргізеді.
Бұл реакциялар кезінде жарықта көрінетін преципитация сақиналары түзіледі.Иммунодиффузияны әлектрофорез әдісімен қоса жүргізсе де болады.Осындай комплексті әдістердің ішінен Фримель бойынша ракеталы иммуноәлектрофорез және қарама қарсы иммуноәлектрофорез әдісін атап айтуға болады.
Агглютинация реакциясыныц мәнісі антиденелердің корпускулярлы антигендермен әрекеттесіп оларды желімдеу қасиетіне негізделген.Реакцияны шыныда немесе пробиркада жүргізеді.Антиген жүзіндісі тамшысына сарысуды қосады.Оң реакция кезінде бірденнен дән тәрізді немесе мақта талшықтары тәрізді агглютинат түзіледі.
Тура емес гемагглютинация реакцияларын еритін антигендерді белгілі бір корпускулалық үстағышта немесе жануарлар әритроциттерінде бекіту арқылы жүргізеді.Сонда антиген бекіген әритроциттер антиденесі бар сарысу қосқанда желімдаліп қалады1 .Гуморалдық иммунитет көрсеткіштерін қолданатын иммунодиагностика
әдістері (серологиялық реакциялар)
2.Клеткалық иммунитет көрсеткіштерін қолданатын иммунодиагностика әдістері
Иммуноферменттік анализ реакцияларын жүргізгенде ферменттермен белгіленген иммунореагенттер қолданылады.Көп жағдайда қатты фазалы ИФА қолданылады
Клеткалық ииммунитет ті бағалау әдістері
Клеткалық ииммунитет ті қолданатын иммунодиагностика әдістерінің ішінде инфекциялық ауруларды аллергиялық диагностика маңызды срын алады.Инфицирленген организмге аллергенді енгізгенде организм аллергиялық реакциямен жауап береді.Ол реакциялар жергілікті(гиперемия,ісік,ауырсыну) немесе жалпы (шаршау,дене температурасының көтерілуі,тынысының жиілеуі,жүрек соғысының өзгеруі) болуы мүмкін.Мысалы туберкулезді анықтауға арналған Манту сынамасы.
Клеткалық ииммунитет ті бағалау әдістерінің маңыздысына лимфоциттердің бласттрансформациясы реакыиясы да жатады . Нейтралдау реакциясын 1924 ж\Г.Рамон ұсынған Әдістің негізінде антиденелердің (антитоксиндердің) антмгеннің (токсиннің )биологиялық белсенділігін басып тастау қасиеті жатыр
Гемагглютинация реакциясын РГА Г.Херст ,М.Мак-Клиленд,Л.Хейер 1941 жылы ұсынған. Гемагглютинация дегеніміз микробтааарда болатын антиген гемагглютинин әсер еткенде әритроциттердің желімделіп, тұнбаға түсу қабілеті .РГА-ны микроорганизмдердің гемагглютиндеуші қасиеттерін анықтау үшін қолданады.Пробмркада микроб культурасынтауық қанынан алынған әритроциттер жүзіндісімен қосып 20-30 минут бөлме температурасында қалдырып кейін реакция нәтижелерінің есебін жүргізеді.Оң рекция кезінде пробирка түбінде қолшатыр түрінде әритроцит түнбасы болады да сүйықтық мөлдірленеді
Комплемент байланыстыру реакциясын Ж.Борде мен О.Жангу 1901 жылы жетілдірген.Олар антиген мен оған қарсы антидене әрекеттескенде түзілген комплекске комплемент байланысып адсорбцияланатынын анықтады
Иммунофлюоресценттті әдістер флуорохроммен белгіленген антиденелердің клеткада ,оның ішінде,ұлпада орналасқан антигенмен әрекеттесуіне негізделген.Флуорохром ретінде флуоресцинизотиоцианат (ФИТЦ)қолданылады. Ол ультракүлгін сәуледе жасыл түс береді.
Иммуноферменттік анализ реакцияларын жүргізгенде ферменттермен белгіленген иммунореагенттер қолданылады.Көп жағдайда қатты фазалы ИФА қолданылады
Клеткалық ииммунитетті бағалау әдістері
Клеткалық ииммунитет ті қолданатын иммунодиагностика әдістерінің ішінде инфекциялық ауруларды аллергиялық диагностика маңызды срын алады.Инфицирленген организмге аллергенді енгізгенде организм аллергиялық реакциямен жауап береді.Ол реакциялар жергілікті(гиперемия,ісік,ауырсыну) немесе жалпы (шаршау,дене температурасының көтерілуі,тынысының жиілеуі,жүрек соғысының өзгеруі) болуы мүмкін.Мысалы туберкулезді анықтауға арналған Манту сынамасы.
Клеткалық ииммунитетті бағалау әдістерінің маңыздысына лимфоциттердің бласттрансформациясы реакциясы да жатады.