Иммунологияда арнайы иммундық жауаптың 6 формасы болады.
- Антидене бөлу.
- Иммундық ес.
- Иммунологиялық толеранттылық.
- Жылдамдатылған типті гиперсезгіштік.
- Баяулатылған типті гиперсезгіштік.
- Идиотип -антиидиотипті әрекеттесу.
Барлық тірі организмдер әртүрлі паразиттердің қоректенуі, көбеюі үшін потанциалды субстрат болғандықтан эволюция барысында әртүрлі қорғаныс механизмерін олардың ішінде арнайы қорғаныс механизмдерін қалыптастыруға мәжбүр болған.
Иммунологияның негізгі түсініктерінің бірі антиген түсінігі.Антиген деп-қандайда бір иммундық жауап типін стимулдеп өзіне қарсы арнайы әрекетесетін өнімдер туғыза алатын затты айтамыз. Антигендіктің негізгі шарты затта бөтен генетикалық ақпараттық болуы Мұндай ақпаратты белок тар олардың құрылымдық бірліктері, күрделі полисахаридтер сирек жағдайда липидтермен ДНК ,белок, полисахарид ,липид, нуклеин қышқылдарының комплекстері алып жүреді. Эволюция процесінде клетка қабықшасын органиодтарды ферменттер, зат алмасу өнімдерінен тұратын бөтен құрылымдық компонентерді танудың экономды механизмдері қалыптасқан
Парентеральды енгізгенде кез-келген бөтен ұлпалар ,клеткалар, белоктар, полисахаридтер антиген болуы мүмкін. Молекулалардың антигенділігінің маңызды факторы оның өлшемдері (молекулалық массасы ) Қазіргі уақытта арнайы имундау әдістерін қолданбай антидене алуға мүмкін болған антигеннің ең кіші мөлшері 1000 дальтон (вазопрессин гормоны ) Антигеннің молекулалық массасы өскен сайын оған иммундық жауаптың интенисивтілігі де артады. Мысалы қояндарды іш сүзегі бактерияларының антигендерімен имунизациялағанда 2000кДа асатын молекулалары төменгі молекулалы антигендерге қарағанда оларға антиденелер 500 мың есе көп синтезделеді.
Адамның, жануарлардың иммундық жүйесі антигендердің химиялық құрылысын, олардың молекуласындағы өте нәзік айыршашылықтарды таң қаларлықтай таниды. Антиденелер антигендердің бүкіл молекуласына емес оның белгілі бір учаскелеріне эпитоп немесе антигендік детерминанта деп аталатын учаскелеріне ғана арнайы болып табылады. Ал антидененің антигенге байланатын учаскесін паратоп деп атайды. Антигеннің арнайылылығын тану мүмкіндігін эпитоптың құрлысының ерекшеліктерімен анықталады. Ал сол ерекшіліктер бірінші кезекте заттың молекулалық құрылымына байланысты болады. Мысалы әртүрлі жануарлардың инсулиндері бір-бірінен амин қышқылдық құрамы бойынша ерекшеленеді.