Иммундық жүйе организмнің генетикалық ішкі орта тұрақтылығын, яғни иммундық гомеостазды қамтамасыз етуге қызмет ететін мүшелер, ұлпалар,клеткалар жүйесі. Иммундық жүйе сонымен қатар қан жасау қызмет атқарады. Сүтқоректілердің иммундық жүйесі орталық және шеткі мүшелерден тұрады. Орталық мүшелерде иммунокомпетентті клеткалардың қалыптасуы мен пісіп жетілуі жүреді. Ал шеткі мүшелерд олардың қызмет етуі жүзеге асады. Сүтқоректілердің орталық иммундық мүшелеріне жілік майы мен тимус (айырша без) ал шеткі мүшелеріне лимфа түйіндері, көк бауыр асқорыту жолының лимфоидты ұлпасы (бадамша) Пейер тартпасы (бляшка) солитарлы фолликулдар жатады. Иммундық қызметті орталық жүйке жүйесінің нейроглиясы мен тері де атқарады. Құстардың иммундық жүйесінде орталық және шеткі мүшелер болады .Олардың орталық мүшелеріне жілік майы, тимус, Фабрициус қалтасы (бурса) ол шеткі мүшелеріне көкбауыр, Гардер безі, көз жасы безі, ас қорыту жолдарының лимфоидты ұлпасы ,өкпенің лимфоидты ұлпасы ,тері жатады.
Сүт қоректілердің айырша безі тимус сыртынан дәнекер капсуламен қапталған жұп бөлімді мүше. Ол сыртынан капсуламен қапталады, одан шығатын жапырақтар паренхиманы бөліктерге бөледі. Құстарда тимустың бөліктері мойын бөлімінде өңештің екі жағында орналасады. Әр бөліктің қыртыс, милық заттары болады.Сыртқы қыртыс қабықта пісіп жетілмеген бөлінуге ұшырайтын клеткалар лимфобластар орналасады, оларда Т- лимфоциттер түзіледі. Лимфобластарды үлкен алып эпиталды клеткалар күтуші клеткалар қоршап тұрады Ал мишық қабатта азғантай мөлшерді лимфоциттер көп мөлшерде жұлдыз тәрізді эпителиальды клеткалар мен Гассаль денешіктері болады .Гассаль денешігі деп- ортасында секрет бөлетін клеткаларын мүйізделген эпителиальды клеткалар қоршаған концентрлі жиынтықты айтады. Тимустың қыртыс қабатында сонымен қатар макрофагттар аз мөлшерде микрофагтар (эозинофил, нейтрофил) клеткалары, семіз клеткалар болады. Тимуста митоз процесі өте интенсивті жүреді. Тимустың иммундық жүйенің орталық мүшелерінің бірі ретіндегі маңызын 1961 ж Джон Миллер дәлелдеді. Ол тимоэктомерленген тышқандарда 1,5-3 айдан кейін вассинг синдромы, азып кету синдромы дамитынын клеткалық иммунитеттің күшті бұзылатынын анықтады Қазіргі уақыта тимус ұлпасынан он шақты пептидті гуморальды факторлар бөліп алынып идентификацияланып химиялық жолмен синтезделген Бұл факторларға мыналар жатады. Тимозин, тимопоэтин, тимулин тимустық гуморальды фактор, тимустық гормон т б Бұл факторлар Т-лимфоциттерді иммунокомпетентті клеткаларға ацналдырадыады. Т-лимфоциттерге әсер ету қасиеті бойынша бұл факторлар көбюді активтендіру факторлары мен дифференцировка факторларына бөлінеді. Тимус иммундық жүйе мен басқа жүйелерді байланыстыру қызметін де атқарады.
Фабрициус қалтасы (бурса) сөмке құстардың иммундық жүйесінің орталық мүшесі болып табылады Ол клоаканың дорсалды бетінде орналасады .Бұл да тимус тәрізді лимфоэпителиалды мүше, қыртыс ,милық заттары бар бөліктерден тұрады. Қалтаның эпителиалды клеткалары мен ретикулоциттері арасында тығыз қабықшалар түрінде үлкен және кіші лимфоциттер орналасады. Бұл лимфоциттерден кейінірек антидене синтездейтін плазмоциттер қалыптасады. Алдымен олар Б- клетка немесе В-лимфоциттер деп аталады.Сүтқоректілерде В-лимфоциттердің пісіп жетілуі сүйек майында жүзеге асады .
Сүйек майы-сүйектердің кемік заттарында орналасатын ретикулярық строма, қан түзуші клеткалар мен май ұлпалары жиынтықтарынан тұрады. Сүйек майының бағаналы клеткалар имунокомпетентті клеткалардың бастамалары болып табылады. Сыртқы көрнісі жағынан бағаналы клеткалар қаның кіші лимфоциттеріне ұқсас оларды колония түзуге қабілеттілігі бойынша анықтауға болады. Сүйек кемігі соныменн қатар В- лимфоциттерді қалыптастыру қызметін де атқарады.
Бауырды соңғы жылдары ғана иммунитеттің орталық мүшесіне жатқызып жүр. Дамудың эмбрональды кезеңінде бауыр В-лимфоциттердің біріншілік популяциясының бастауы болып табылады. Осы кезде В- лимфоциттердің антигенге байланыссыз дифференцировкасы жүреді.
Бауырлардың иммунокомпетентті клетка макрофаг болып табылатын Купфер клеткасы жатады, олар қанды эндотоксиндерден тазартады ,айналып жүрген иммундық комплекстерді ұстап оларды жояады фагоцитозды жұзеге асырады антиденелерді Т-клеткаларға ұстап береді интерлейкиндерді синтездейді т б қызмет атқарады. Эмбрональдық бауырда Т-лимфоциттердің алдыңғы клеткалары арғы текті клеткалары табылған мнда лимфоциттер супрессорлардың дифференсировкасы жүреді эмбрионалдық бауырда цитотоксикалық қасиеті бар лимфоциттер Т- клеткалар үлкен лимфоциттер пит клеткалар ,НК- т б клеткалар болады.