Инфекцияға қарсы күреске организмнің арнайы емес анатомиялық-физиологиялық факторлары және маманданған иммундық жүйе қатысады. Қоздырғышқа қарсы күресте иммундық жүйе анағұрлым әффективті, бірақ организмнің қарсы тұру қабілеті көптеген арнайы емес факторлар мен механизмдерге байланысты болады (тері- сілемей қабаты, секреттердің бактерицидтік әсері, лизоцим, комплемент т. б.)
Организмді инфекциядан қорғауда жедел қабынудың рөлі өте үлкен. Қабыну ұлпаллардың бөтен микробтар мен құрылымдық бұзылуына қарсы жауабы болып табылатын организмнің өмірлік маңызды қорғаныс механизмі Бұл процеске фагоцит, антидене, комплемент қатысады Жедел қабыну реакциясы ұлпалардың бұзылуына кейін бір сағат ішінде дамиды және хроникалық қабынудан әжептеуір айыршашылығы болады .
Оның классикалық формуласы: қызару, ісіну, температура түсінің өзгеруі, ауырсыну, қабынудан соң қызметінің өзгеруі Қабыну реакциясы ұлпалық бұзылу нәтижесінде организмде жаңа белоктар синтезделіп температура көтеріліп нейтрофилия, апатия бұлшық ет әлсіздігі сияқты қорғаныстық реакциялар жүреді Реакциялардың негізгі медиаторлары интерлейкиндер оларды макрофагтар бөліп шығарадьг И интерлейкиндердің әсерінен гепатоциттер белок синтезі мен секрециясын күшейтеді Мұндай жауап зақымданғаннан кейін бірнеше сағаттан соң басталып 24-28-сағатқа созылады Жедел инфекция мен қабыну кезінде түзілетіндіктен оларды жедел фаза белоктары деп аталады олардың көпшілігі инфекция қоздырғышын өлтіріп организмді қорғайды
Мұндай белоктар мыналар
1 Комплемент жүйенің белоктары
2 Қан ұюына қатысатын белоктар
3 Протеаза ингибиторлары
4 Метал байланыстыратын белоктар
жедел фаза белоктың маңыздылары мыналар:
С- реактивті белок
А- Сарысулык амилоидты белок
Р- Сарысулық амилоидты белок
Бұлардың концентрациясы қабыну кезінде қанда 100 еседен артып кетеді
2- Организмдердің қорғаныстық бейімділіктері түрлердің эволюциялық дамуының нәтижесі Мұндай қорғаныстық баръерлерді 3 түрге бөлуге болады
1) Тері сілемеилі
2)Лимфатикалық
3)Қантамырлық
Инфекциялық аурулардың патогенезінде организм арнайы қорлар мен күштерді ғана пайдаланып қоймай зат алмасудың деңгейін кейбір физилогиялық процестерді де өзгертуге қабілеттіМысалы көптеген инфекциялық аурулар кезінде дене температурасы артады несеп-тер бөлінуі артады. Бұзылмаған тері мен сілемейліқабаттар механикалық кедергі ғана емес сонымен қатар көптеген микробтар үшін стерилдейтін факторлар бөледі. Тер және май бездері әртүрлі бактерицидті заттар май қышқылдарын бөледі Көз алмасының сыртқы қабаты коньюктиваның мұрынның сілеймелі қабатының айқын баръерлік қасиеттері болады.
Лизоцим ацетил мурамидаза молекуласы шағын фермент Белокты зат лизоцим көптеген бактерия түрлерінің клетка қабықшасының муреин қабатын күшті ерітуге қабілетті зат. Ол көз жасында сілекейде, қанда, лимфада, сүтте, балық уылдырығында ,жұмыртқа белогында болады. Мұрын сұйықтығы, көз жасы көптеген микробтарды өлтіріп грипп полимиелит герпес вирустарын инактивтеуге қабілетті болады .Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары тері сілемейлі қабатынан өтіп кетсе ол учаскеде тез арада қорғаныштық бекет жергілікті қабыну процесі түзіледі. Бұл кезде фагоцитоз процесінің маңызы зор. Қабыну зонасында бактериялар фиксациаланады. Себебі қабынған жерде фибрин жіпшелері түзіледі. Кан ұю жүйесі фибринолитикалық жүйе, комплемент жүйесі эндогенді медиаторлар барлығы қабыну процесіне қатысады.