М.Ә. ЕРМЕКОВ– АКАДЕМИК, ПРОФЕССОР, ГЕОЛОГИЯ-МИНЕРАЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, өмір кен орындарының газдылығы бойынша ірі маман, табиғаттың күрделі құбылыстары мен технологиялық процестерін, оларды компьютерлік технологияны пайдалана отырып, оңтайландыру мақсатында модельдеудің жаңа бағытының негізін салушы Ермеков Мағауия Әлімханұлы 1921 жылы Семей облысы Шыңғыстау ауданында Абай ауылында дүниеге келген, сондықтан ата-анасы оны Абайдың кіші ұлы Мағаштың құрметіне Мағауия деп атаған[1].

Бастауыш білімді үйінде, отбасында алған, себебі әкесі ғана емес, шешесі Рақия Шағабетдінқызы өте жоғары білімді адамдар, Қазақстанның алғашқы дипломды дәрігерлерінің бірі болған. Мағауияның әкесі — Әлімхан Әбеуұлы Ермеков – Қазақстандағы белгілі қоғамдық-саяси қайраткер, математиканың бірінші қазақ профессоры.

Ол мектепке дейін-ақ үштілді – қазақ, орыс және неміс тілдерін жетік меңгерді.

Қазақстанның барлық прогресшіл қайраткерлері іліккен Сталиндік геноцид кезеңінде Әлімхан Ермеков «Алашорда» партиясы көшбасшыларының бірі ретінде көп рет тұтқынға қамалды және жалпы алғанда, 18 жылға жуығын еңбекпен түзету лагерьлерінде өткізді. Оның қайғылы тағдыры отбасына да әсерін тигізді.

Он екі жасар бала Мағауия әкесін тұтқындаудың куәгері болды. Тінту кезінде дүние-мүліктерді қалай төңкергенін, шақырылмаған «қонақтардың» айуандығын көрді. Мұндай нәрсе ұмытылмайды. Сталиннің жеке басына табыну кезеңіндегі, тұтқындау, ату кезеңіндегі балаларда өмір бойы жазылмас жара қалды[1].

Отбасын алдымен қала шетіндегі жер төле үйге, сосын қала сыртындағы жер үйге көшірген кезде Мағауия Алматы орта мектебінің төртінші сыныбында оқитын. Бірақ онда да олардың отбасына тыныштық бермей, Үштөбе стансасына Қаратал ауылына көшірді, онда Ресейдің батыс облыстарынан 300 мыңға тарта қоныс аударушылар тұратын. Аштық пен шешек ауруы ызбарлана түсті. Өліктерді қыста үйме-үйме етіп жайдақ үлкен шаналармен траншеяларға жерлеуге алып кетіп жатты. Құжаттары мен мүліктерін тартып алды, Қазақстаннан шығуға тыйым салынды.

Отбасы шешесінің хирург-дәрігер, оның үстіне жақсы ұйымдастырушы және шаруақор болғандығынан ғана аман қалды. Ол Үштөбеде темір жол ауруханасын басқарды.

1939 жылы Мағауия Алматының орта мектебін үздік аяқтағаннан кейін, Ростов Ауыл шаруашылық машина жасау институтына түседі. Екі жылдық оқудан кейін ол Кеңес Әскері қатарына шақырылады, онда 6,5 жыл қатардағы солдаттан аға лейтенантқа, жеке батальон штабының бастығы және әскери училище оқытушысына дейін қызмет етті. Ол өзінің батырлығымен тұтқында жүрген әкесінің жағдайын жеңілдетермін деген аңғалдықпен майданға сұранғанымен, жазаланушының баласы ретінде жіберілген жоқ.

Әскери қызметін Қарақұм құмдарында Орта Азия әскери округы бөлімдерінде өткізді. Онда бір жұтым су үшін сол кездері сирек кездесетін зат – қол сағаты берілетін. Тыл ішінде қызмет ету ауыр болатын[1].Жорықтардан кейін тұз сіңген гимнастеркалары қатты қораптарға айналады. 40 градус ыстықта газ қағармен лақтыру. Аптаның алғашқы төрт күнінде 12 сағаттан және жұма мен сенбіде үзіліссіз 36 сағаттан шұғылданды. Әрбір 2-4 апта сайын майдандағы жағдайға байланысты даярлығы жоқ жауынгерлерден майданға жіберілетін жауынгерлерді даярлады.

1946 жылы әскерден келген соң ол погондары мен ілгектері сөгілген, үйкелген офицер шинелін киіп жүруін жалғастырды (басқа киімі болған жоқ). Канск және Тайшет лагерьлеріне әкесімен кездесуге бірнеше рет барып қайтты. Осындай әрбір баруы үлкен қиындықтармен өтетін. Тас қараңғы түндерде – ауылда электр жарығы болмағандықтан, батпақ арқылы төсемелерден өтуіне тура келетін.

1950 жылы Мағауия Әлімханұлы Алматы Тау-кен институтын «Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау» мамандығы бойынша инженер-геолог атағымен бітіріп шықты. Сол жылы ол Қарағандыға жол тартады, онда учаскелік геолог, кейін «Қазақ көмір геология» тресінде аға геолог болып жұмыс істейді. Басында оны стратегиялық шикізат ретінде көмірге жолатпады да,ол жергілікті құрылыс материалдарымен айналысты.КБА1953 жылы сол тресте Қарағанды көмір бассейнінің көмірлі қабаттарының газдылығын зерттеу бойынша тақырыптамалық отрядтың жетекшісі болып тағайындалады. 1957 жылға дейін олар газдық сынамалардың әдістемелері мен техникалық құралдарын жасайды, бұл Қарағандының осы мәселені жүйелі түрде зерттеуге жол ашқаны болатын[2]. 1957 ж. М.Ә.Ермеков бір жылдық сырттай аспирантурада оқыған соң, кандидаттық диссертациясын табысты қорғайды.

Ол 1958 жылдан 1970 жылға дейінгі кезеңде ҚазКСР ҒА химия-металлургия институтында, ҚҒЗКИ, Шығыс ҒЗИ алдымен АҒҚ лауазымында, ал 1963 ж. бастап зертхана бастығы ретінде бассейннің газдылығы мәселесімен еңбектенуін жалғастырады. 1968 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертациясын қорғайды[2].

1968 жылы Қарағанды политехникалық институтының геология кафедрасының профессоры болып сайланады, ал 1970 жылы оның меңгерушісі болып тағайындалады, геофизика, тау-кен және құрылыс мамандықтарының студенттеріне геологиялық барлау, құрылымдық және инженерлік геология, гидрогеология, мұнай мен газды кен қабаттарынан дәрістік курстар жүргізеді. Бұларға қоса көмір қабаттарының газдылығы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізеді (Ғылым және техника жөніндегі Мемлекеттік комитет тақырыбы бойынша). Геологиялық факторлардың, қойнаулар термодинамикасының газдылығына сандық бағалаудың бірегей әдістері жасалады.

Олар Қарағанды бассейнінің газдылығының бірінші картасын құрастырады, ол жеткілікті түрде газдың молдылығын дәлелмен болжауға, нормативтік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

Өндіріске практикалық көмек көрсеткені үшін М.Ә. Ермеков бірнеше рет «Көмір өнеркәсібі Социалистік Жарысының үздігі», «Шахтер даңқы» белгілерімен марапатталды, Құрмет кітабына және облыстың Құрмет тақтасына енгізілді. 1980 ж. шахталарда жарылысқа қауіпті метанмен күресудің физика-химиялық негіздерін жасау жөнінде жұмыс циклі үшін оған академик А.А.Скочинский атындағы диплом мен сыйлық берілді.

1979-80 жылдары оның авторлық бірлестігімен үш томдық «КСРО көмір бассейндері мен кен орындарының газдылығы» монографиясын баспадан шығарады да, М.Ә.Ермеков КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болады. 1983 жылы Қазақ Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланады[2].

М.Ә.Ермеков геологиялық және тау-кен мамандығының 13 кандидатын қорғауға даярлайды. Ғылымдағы бес ізденушінің жұмысы оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен есептелген математикалық модельдер негізінде орындалды.

Жоғарыда аталған үш томдық монографиядан басқа оның 160-тан астам баспа жұмысы түрлі одақтық басылымда жарияланды, төрт авторлық куәлік алынды. Көптеген жұмыстарда көмірлі түзілімдердің газдылылығы мәселесі, бірегей аспаптар және газдық сынамалар әдістері, қойнаулар термодинамикасы сипатталды.

Оның көмір кен орындары газ динамикасы бойынша зерттеулері көмір шахталарында метан болуын анықтау жөніндегі жөнелту пункті болып табылады және тек ТМД мемлекеттерінде ғана емес, сондай-ақ Чехия, Польша, Словакия, АҚШ, Канада, Австралияда кеңінен пайдаланылады.

Мағауия Әлімханұлы Ермековтің тағдырын «жұмыс, табанды, үздіксіз жұмыс» деген бірнеше сөзбен атауға болады. Мағауия Әлімханұлы әкесінен – таң қаларлық өмірбаяны бар адамнан үлгі алды. Математик болды, математика ешқашан құрғақ, қатты болмайтынын дәлелдей алды. Осы өз пәніне сүйіспеншілігін жеткізе білуді Мағауия Әлімханұлы, бәлкім, әкесінен мұра етіп алған болар. Ол геолог, адам үшін асыл затты жер қойнауынан іздеп қана қоймай, адамдардың жақсы қасиеттерін де аша білді.

Дәрістер Мағауия Әлімханұлының студенттермен араласуының жалғыз ғана нүктесі болған жоқ. Сонымен қатар көп күші мен энергиясын студенттік ғылымға берді. Оның «Эксперимент стратегиясы» үйірмесі институтта ең атақтылардың бірі болды.

Мағауия Әлімханұлы геология мен тау-кен ісінің ең күрделі проблемаларын әзірлеуге әрқашанда жас ғалымдарды қатыстыратын. Әрқашан өзінің сүйікті ісіне берілгендігінің көрнекті үлгісін көрсететін. Одан бәрі білім алды. Ең алдымен, мақсатқа қол жеткізуде қайтпастық танытқанда, жан дүниең қатайып кетпей, мейірімді, қайырымды адам болуға, тағы да еңбекке қабілеттілікке үйретті. Мағауия Әлімханұлы оқытушылық қызметпен айналыса жүріп, ешқашан ғылыми зерттеулерін қалдырмады. Ол әрқашан шығармашылық ойлар мен жаңа идеялар билігінде болатын. Ізденумен өмір сүрді. Өз студенттерін де осыған үйретті.

М.Ә.Ермеков аспирантураның бір жылдық сырттай бөлімін аяқтағаннан кейінкандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығады.

М.Ә. Ермеков газ молдылықты дәлелді түрде болжауға, нормативтік құжаттарды жазуға мүмкіндік беретін Қарағанды бассейнінің алғашқы газдылық картасын жасады.

Мағауия Әлімханұлы өте сирек кездесетін тыңдай білу ерекшелігіне ие болған, бұл шеберлікті өз студенттерінің бойында да дамытқанмен, академик А.М. Терпигоревтің мына бір сөзін жиі еске алатын: «Хорошо учатся не те студенты, которым хорошо читают лекции, а те, которых хорошо спрашивают». Оның әр дәрісінің, міндетті түрде, өз ерекшелігі, өзіндігі болатын, ол ең күрделіні ең қарапайым арқылы түсіндіре алатын, ең бастыны көруге көмектесетін.