Геотектоника (тектоника) негіздері

Геотектоника – Жердің бағдарды түрде дамуына байланысты оның құрлыс ерекшеліктерін зерттейдін ғылым саласы; ол Жердің жоғарғы қатты қабықтары ( жер қыртысы ,литасфера, атмосфера) өңірлеріндегі ірі – ірі құрлымдық элементтерді, олардың уақыт пен кеңістікте геологиялық дамцу ерекшеліктерін зерттейді. Геотектониканың басты мақсаты жер қыртысы мен литасфера өңіріндегі қозғалыстардың көрініс беру себебін , сипаттап және бағыт – бағдарын анықтау , сол қозғалыстардың нәтижесінде ірі – ірі құрлымдық элементтер қалыптасуын ың сабақтастық ретін, уақытын және жағдайын ашып көрсету болып табылады . Жер қыртысы тұрғысынан алғанда “ ірі – ірі құрлымдық элементтер “ деген түсінікке жер бетіндегі әлемдік және ммейлінше ірі құрлымдар кіреді , олардың басты – басты өкілдері – континенттер, мұхитт ар және мұхиттан континенттерге ауысу белдемдер ( бірінші дәрежелі құрлымдар ) , геотектоникалық тұрғыдан мейлінше қозғалмалы болып келетін қатпарлы, немесе орогендік облыстар мен белдеулер, сол сияқты геотектоникалық тұрғыдан марғау платформалық облыстар (екінші дәрежелі құрлымдар Жекелеген құрлымдық — формациалық белдемдерден бастап тектоникалық қозғалыстар нәтижесіде дараланған жер қыртысының жекелеген шағын үлескілеріне дейінгі аралықтағы жоғарғы дәрежелі геологиялық құрлымдарға келсек, олардың геологиялық дамуы ерекшеліетерін тектоника ғылымы зерттейді.Тектоника дегеніміз жер қыртысының тектоникалық бұзылыстар жиынтығымен және өзіне ғана тән геологиялық даму тарихымен сипатталатын белгілі біер үлескісінің геологиялық құрлысы, немесе жер қыртысының құрлысы, геологиялық құрлымдар және олардың даму және орналасу заңдылықтары жайлы ғылым.

Келтірілген анықтамалар тұрғысынан алғанда “ тектоника” түсінігі “ геотектоника” түсінігінің құрам – бөлігі болып шығады, тек қана бірінші Жердің беткі қабаттарына тән кішігірім геологиялық құрлымдардың даму тарихын зерттесе, геотектоника жер қыртысының ірі – ірі құрлымдық элементтерінің жиынтығын және бүкіл планетаны тұтасымен зерттеуге мүдделі.

Солай бола тұрса да, бұл екі түсінікке де ортақ бір нәрсе бар: бұлардың екеуі де, сайып келгенде , жер қойнауларындағы қозғалыстарды және сол қозғалыстардың әр түрлі дәрежелі геологиялық құрлымдардың қалыптасуындағы рөлін зерттейді . Ал геологиялық құрлым түсінігіне келер болсақ , геологияда бұл терминмен негізінен алғанда тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қалыптасатын тау жыныстары мен олардың ірі-ірі брлестіктерінің кеңістікте таралуын, сол сияқты

Тау жыныстарының жекелеген қабаттар мен олардың жинақтарының бір – бірмен астасу сипатындағы бұзылыстарды белгілейді . Келтірілген түсініктер үрдісінен алып қарағанда , “геотектоника» және тектоника ұғымдарының анықтамалары бір арнаға тоғысады , оны былайша анықтауға болады ; геотектоника ( тектоника ) – жер қыртысының оның ірі – ірі құрлымдық элементтерден бастап тау жыныстарының жекелеген қабаттарына шейінгі аралықтардағы қрам бөлікткрін деформацияға ұшыратып қозғалыстарды және осы қозғалыстардың жер қойнауында көрініс беру заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Келтірілген анықтамалардан ұғынатынымыз геотектониканың басты зерттеу пәні қатты Жер болмысындағ қозғалыстар болып шығады , бұлардың кһрініс беру ерекшеліктері жекелеген тау жынысы қабаттарының және олардың жинақтарының формациялық ерекшеліктерін және Жер дамуының әр түрлі дәуірлерінде туындаған қозғалыстар нәтижесінде кейінірек кһрініс берген деформациялар сипатын сатылай отырып қадағалау арқылы анықталады.

Геотектоника қатты Жердегі қозғалыстарды зерттейтін болғандықтан да динамикалықгеологияның құрам – бөлігі болып табылады . Оқулықтың бірінші тарауында аталып көрсетілгендей , динамикалық геология құрамына сейсмалогия және вулканология ғылымдарыда кіреді деп есептелінеді, және де бұлар динамикалық геологияның геготектоникамен деңгейлес таулары ретінде тараланады . Мұндай түсінік күмәнсіз емес екендігін ескерген жөн: жерсілкіністтерін зерттейтін сисмология да, жанартаулар әрекетін саралайтын вулканалогия да , түптеп келгенде геотектоника ғылымының құрам – бөліктері десе де боғандай , себебі жерсілкіністер мен жануарлар әрекеті тектоникалық қозғалыстармен тығыз байланысты және де олардың жер қойнауларында көрініс беру себептері, сайып келгенде, сол қозғалыстардан туындайды.

Жер қойнауындағы тектоникалық қозғалыстарды тудырушы күштер табиғатты бұл оқулық көлемінде сөз етілмейді , бірақ мұндай күштердің қайнар көзі Жер планетасының өз қойнауында екендігіне баса назар аударамыз. Екіеші сөзбен айтқанда тектоникалық қозғалыстар планетаның бағдарлы түрде даму барысын қамтамасыз ететін бүкіл эндогендік геологиялық процестердің басты “ себепкері” болып табылатын планетаның ішкі энергиясының туындауы.

Планетаның терең қабаттарындағы қозғалыстар жер қойнауларындағы геологиялық процестердің етек алуына ғана емес , оның беткі келбетін өзгертуге де айтарлықтай үлес қосқан. Мәселен , жербедерінің қалыптасуы эндогендік және эгзогендік процестердің бір – бірімен тоқайласу нәтижесі екендігі белгілі. Планетаның ішкі күштері оның бетбедерін дәйім бұдырлай түсуге тырысса , сыртқы күштер керісінше, оны тегістей түсуге твырысады. Эндогендік және эгзогендік күштердің бір – бірімен байланысы жебедер қалыптасу процесін қамтамасыз етеді , бұл мәселелер динамикалық геологияның тығыз бір таралуы болып табылатын геолгоиялы – географиялық ілім саласы геоморфологияның зерттеу пәні болып табылады. Геомарфологияның мазмұны бұл оқулық көлемінде сөз етілмейді, себебі бұл оөу курсы жеке пән ретінде , немесе “Жалпы жертану” деп аталатын арнаулы оқу курстары ауқымында бөлек оқылады.

Сонымен , жер қойнауларында етек алған геологиялық процестердің ең басты себебі тектоникалық қозғалыстарды туындататын тектоникалық кернеулермен байланысты екендігін ұғындық. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз литосфераның, соның ішінде жер қыртысының аумағындағы геологиялық денелер құрылымын өзгертетін, Жердің астеносфера және літосфера қабаттарында етек алған механикалық қозғалыстар. Бұл қозғалыстар жер бетінің бедеріне өз әсерін тигізеді, олар Жер планетасы қимасының әр түрлі деңгейлерінде болып жататын физикалық-химиялық процестермен байланысты. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз литосфераның, соның ішінде жер қыртысының аумағындағы геологиялық денелер құрылымын өзгертетін, Жердің астеносфера және литосфера қабаттарында етек алған механикалық қозғалыстар . Бұл қозғалыстар жер бетінің бедеріне өз әсерін тигізеді, олар Жер планетасы қимасының әр түрлі деңгейлерінде болып жататын физикалық-химиялық процестермен байланысты. Тектоникалық қозғалыстарды тудырушы күштер ретінде әдетте жер қойнауларынан бөлінетін жылу энергиясы және планетаға тән гравитациялық энергия аталады; Күн мен Айдың Жерге тигізер әсерін, өзге де галактикалық энергия көздерін де естен шығаруға болмайды.

Тектоникалық қозғалыстарды бірнеше типтерге(түрлерге) бөлуге болады, олардың ең бастылары- эпейорогендік (тербелмелі), оргендік (қатпарлы), изостазиялық тектоникалық қозғалыстар, континент тер дрейфі, мұхит түбінің спредингіт.б.

Эпейорогендік (тербелмелі) тектоникалық қозғалыстарөте жай және ұзақ уақыттар бойына етек Ала отырып, Ірі-ірі аймақтардың жоғары көтерілуін немесе төмен жылжуын қамтамасыз ететін, бірақ сол аймақтардың ішкі құрылымын өзгертпейтін қозғалыстар. Эпейорогендік қозғалыстар нәтижесінде тұтас континент тер, сол сияқты мұхиттық және континеттік үстірттер қалыптасады. Орогендік (қатпарлы) тектоникалық қозғалыстармен салыстырғанда бұлар өздері қамтыған аймақтың ішкі құрылысын өзгертпейді деп. есептеледі,яғни бұл қозғалыстар нәтижесінде аймақты құрайтын тау жынысы қабаттары қатпарлы деформацияға және жыртылыстарға ұшырамайды. Бұл қозғалыстар негізінен алғанда жоғары-төмен бағытталған (тік бағытта өрбиді), олардың масштабы, қамту ауқымы, қозғалыс жылдамдығы мен амплитудасы түрліше болып келеді.

Орогендік (қатпарлы) тектоникалық қозғалыстар-тау жүйелерін қалыптастыратын қозғалыстар. Бұл қозғалыстардың өздеріне тән сипаттары олардың қысқа мерзімділігі (геологиялық ақыт масштабымен есептегенде) , бір сәттілігі, өте жоғары қарқындылығы және орогендік белдеулер мен жүйелер аумағында ғана көрініс беруі. Эпейорогендік қозғалыстармен салыстырғанда орогендік қозғалыстар өздері қамтыған аймақтағы тау жыныстары мен олардың жиынтықтарын өте кошті деформациялық өзгерістерге ұшыратады, яғни олар қарқынды түрде қатпарланады. Және әр түрлі дәрежедегі жыртылыстармен шатынай бөлшектенеді. Қатпарлар жүйесін, сол сияқты жыртылыс құрылымдарын қалыптастыруда бүйірлік қысым да , тік бағыттағы қозғалыстар да атсалысады деп. есептелінеді.

Изостазиялық тектоникалық қозғалыстар-литосфераның изостазиялық теңдестігін қамтамасыз ететін қозғалыстар; түзілімдердің қалыптасуы және олардың қатпарлануы нәтижесінде өз массасы (салмағы) есе лей өскен аймақтардың төмен қарай сұғына түсуін, мұжылған және мұжылу материалдары аласталған аймақтардың өз массасын (салмағын) азайтуына байланысты жоғары қарай саумалдана көтерілуін қамтамасыз етуімен сипатталады. Бұл қозғалыстар тек қана тік бағытта өрбиді.

Континенттер дрейфі-тұтас континентердің (материктердің) көлбеу бағытта алыс-алыс қашықтықтарға жылжып кету ін қамтамасыз ететін жалпыпланеталық тектоникалық қозғалыстар . Континент тер дрейфінің қозғаушы күші жер мантиясы аумағындағы конвекциялық ағындар деп. есептелінеді.

Мұхит түбінің спредингі-Орталық – мұхиттық жоталар деп. аталатын аймақтарда жаңадан қалыптасқан мұхиттық литосфераның континенттерге қарай көлбеу бағытта дәйім жылжуымен сипатталатын мұхит түбінің көмкерілу процесі; бұл қозғалыстардың да қозғаушы күші жер мантиясы қимасындағы конвекциялық ағындар деп. саналады.

Тектоникалық қозғалыстардың Жер планетасының және оның литосфераның (жер қыртысының) геологиялық дамуын қамтамасыз етудегі ең бастр рөлі сол жер қыртысы аумағында әр түрлі дәрежелі тектоникалық құрылымдарды қалыптастыруы болып табылады, бұл құрылымдар тау жынысы қабаттарының нақтылы жиынтықтарымен (геологиялық формациялармен) және олардың түрлі-түрлі деформацияларға ұшырауымен сипатталады. Деформация түсінігі геологияда былайша анықталады: деформация дегеніміз жер қыртысының әр түрлі үлескілеріне тән тау жыныстарының тектоникалық күштер әсерінен өз піші ні мен көлемін өзгерту процесі. Дислокациялардың (деформациялардың) екі түрі болады, олар – пликативтік, немесе қатпарыл дислокациялар және дизьюнктивтік, немесе жыртылыс дислокациялары.