Палеонтология-организмдердің қазба қалдықтарын және олардың тіршілік іздерін зерттеу нәтижесінде өткен геологиялық кезеңдер мен дәуірлердегі жәндіктер мен өсімдіктердің даму тарихын анықтайтын, сол организмдердің филогендік қатынастарын және өздерінің тіршілік ортасына бейімделе қалыптасу пішіндерін қалпына келтіру шараларымен айналысатын биологиялық ғылым саласы . Аталған қазба қалдықтарды зерттеу нәтижесінде оларды кіріктіретін түзілімдердің геологиялық көнелігі анықталып , стратиграфиялық бірліктер дараланады.
Организм қалдықтарын кіріктіретін тау жыныстарының геологиялық көнелігін палеонтологиялық әдіс көмегімен анықтау” фауналық ассоциациялар заңдылығына” неізделген . Бұл заңдылыққа сәйкес, “жәндік және өсімдік қалдықтарының бірдей түрлерін кіріктіретін тау жынысы қабаттарыбір уақытта қалыптасқан”. Бұл заңдылық бір мезгілде, бірақ жер шарының бір-бірінен алшақ аймақтарында түзілген тау жынысы қабаттарын бәр-бірімен салыстыра сәйкестіруге мүкіндік береді. Ал фауна және флора қалдықтары көмегімен оларды кіріктіретін тау жыныстарының геологиялық көнелігін анықтау принципі Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының сабақтастығына, яғни ерте дәуірлердің өте қарапайым түрлері геологиялық уақыт өткен сайын бірте-бірте күрделене беретіндігіне негізделген.
Палеонтология жәндіктер мен өсімдіктердің таснұсқауға айналған қалдықтарын зерттейді. Таснұсқалану дегеніміз тау жыныстарымен көмілген жәндіктер мен өсімдіктерге тән органикалық заттардың минералдық заттарға, яғни таснұсқаларға айналуы. Тірі організм қалдықтары таснұсқалардың тау жынысы қабаттарында санталу дәрежесі түрліше болып келеді. Тау жынысы қабаттарында организм мүрделерінің толығымен сақталуы сирек құбылыс, алайда мұндай мүмкіндікті мүлдем жоққа шығаруңға да болмайды. Мәселен, Сібір аймағаның солтүстігінде мәңгілік тоңды белдеме пілдердің (мамонттардың) біршама жақсы сақталған кремниймен, карбанаттармен, темір тотықтармен, өзге де минералдық түзілімдермен алмасқан қаңқа қалдықтары ғана ұшырасады. Тау жыныстарындағы организм қалдықтары әр түрлі бақалшалардың (раковина) сыртқы ядросының немесе ішкі қуысының қалыпшасы (слепок) түрінде де бір шама жиі кездеседі. Ал тау жыныстарында ең жиі ұшырасатын організм қалдықтары — әр түрлі бақалшалардың, өсімдік жапырақтарының т.с.с. таптары және жәндіктер мен хаюандардың іздері.
Жәндіктер мен өсімдіктердің халықаралық біртұтас жүйесі жасақталған, бұл жүйеде хаюандар мен жәндіктер әлемі және өсімдіктер әлемі өздерінің тектік ерекшеліктері тұрғысынан топтастырылған. Бұл жүйенің басты бірлігі-биологиялық түр. Биологиялық түр (биологический вид) дегеніміз жүйелік белгілерінің ортақтығымен, өздерін қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты және табиғи сұрыпталу заңдылықтарына сәйкес бірте-бірте даралана түскен дербес тіршілік иелерінің жиынтығы.Туыстас , яки тамырлас түрлер жиынтығы тектерге, ұқсас тектер әулеттерге, әулеттер отрядтарға, отрядтар сыныптарға, сыныптар типтерге топтастырылады.Кейде “әулет бөлімшесі”, “әулеттер жиынтығы” ,”сынып бөлімшесі” т.с.с.аралық ат аулар да қолданылады.
Халықаралық келісімге сәйкес, белгілі бір палеонтологиялық нысанды белгілеу мақсатында бинарлық атаужүйе пайдаланылады. Бинарлық атаужүйе дегеніміз ботаникада, зоологияда және палеонтологияда халықаралық дәрежеде келісілген хаюан (жәндік) және өсімдік түрлерін атау ережесі. Латын тілінде берілетін бұл атау үш бөліктен тұрады: алғашқы бөлігі- зат есім түрінде берілетін тек атауы, екінші бөлігі –көбінесе сын есім түрінде берілетін түрлік эпитет; түр атауынан кейін әдетте осы атауды ұсынған автор фамилиясы қысқартылған түрде келтіріледі.
Тіршілік ортасы ретінде теңіз алабы континент тік облыстарға қарағанда қолайлылау, сондықтан теңіз түбінде қалыптасқан түзілімдерді палеонтология тұрғысынан сипаттау мүмкіндігі құрлықта түзілген тау жыныстарын сипаттауға қарағанда молырақ та толығырақ. Теңіз жағдайында організм қалдықтарының сақталу дәрежесі де жақсырақ болуы аталған мүмкіндікті одан әрі күшейтеді.
Өздерінің тіршілік жағдайы тұрғысынан теңіз организмдері үш топқа бөлінеді: белсенді түрде жүзу қабілетін иемденген организмдер нектон дар, су ағысына яки толқынға тәуелді түрде қозғалатындарын планктон дар, ал теңіз түбіне жабыса тіршілік ететін организмдерді бентос тар деп. атайды. Нектон дар мен планктондарға қарасты жәндік топтары тіршілік ететін су қабатын пелегиаль, ал бентостардың тіршілік өңірін, яғни теңіз табанын бенталь деп. атайды.
2-3. Жәндіктер мен хаюандардың палеонтологиялық маңызы бар 11типін қысқаша сипатталық.
Қарапайымдар-денесі бір ғана клеткадан тұратын өте ұсақ организмдердің біріктіретін жәндіктер типі. Бұлар 4 сыныпқа бөлінеді, солардың ішінде саркодтылар сыныбының ғана палеонтология үшін маңызы зор. Қарапайымдардың саркодтылар сыныбы фораминиферлер және радиолярийлер деп. аталатын сынып бөлімшелеріне жіктеледі. Фораминиферлердің басым көпшілігі теңіз жәндіктері, олар бентос тар немесе планктон дар қатарына жатады. Бұлардың бақалшалары әдетте әктерден тұрады, қазба күйінде сақталатын да сол бақалша қалдықтары. Фораминиферлер кембрий кезеңінен бастап ұшырасады, слайда олардың қаулай өсу уақыттары таскөмір, пермь,бор және палеоген кезеңдеріне сәйкес келеді. Сондықтан да фораминеферлердің қалдықтары палеозойдық, мезозойлық жне кейнозойлық түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтау мақсатында жиі пайдаланылады.Планктон организмдерге жатанын радиолярийлердің қаңқасы кремнийден тұрады. Кембрий кезеңінен
бастап тіршілік еткен бұл организмдердің бақалшалары әр түрлі кремнийлі жыныстарды түзуде маңызды рөл атқарған.
Губкалар –көп клеткалы қарапйым жәндіктер типі. Бұлардың жөнді ткандары да жақсы жетілген органдары да болмайды. Губкалар бентостарға жатады. Губкалардың қаңқасы жалқаяқ заттардан тұрады, сондықтан да қазба күйінде олардың әктен немесе кремнийден тұратын қаңқа элементтері- шнелері, немесе губка спикулдары ғана сақталады. Губкалар бағзы заманнан тіршілік еткен, протерозой шөгінділерінен губка спикулдарының табылуы осы айтқанымыздың дәлелі. Бірақ бұл организмдердің қаулай өсу уақыттары юра және бор кезеңдеріне сәйкес келеді. Губкалардың палеонтологиялық маңызы шектеулі болып табылады.
Археоциаттар –губкаларды еске салатын , жекеше немесе үймелеме түрде ұшырасатын теңіз жәндіктерінің типі. Бірақ археоциаттардың құмыраға ұқсайтын немесе байырғы диск тұрқылас пішіндерді иемденген тұтас қаңқасы болады. Теңіз түбіне жабыса тіршілік еткен. Алғашқы кембрийде қалыптасқан түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда өте маңызды рөл атқарады.
Ішекқуыстылар— тұщы суларды және теңіз алаптарын мекендеген көп клеткалы біршама қарапайым жәндіктердің түрлі-түрлі топтарын біріктіретін жәндіктер типі. Жыртқыштарға жатады, өзінің қорегін ауыз тесігі жанында арнайы орналасқан ұзын түрткімелері көмегімен аулап дағдыланған. Ішекқуыстылар құрамында медузалар сыныбы және маржан полиптерінің сыныбы дараланады. Медузалар ер кін жүзетін жәндіктер, маржан полиптерінің үймелемелері есебінен әкті кедертастар(рифы) қалыптасады. Маржан полиптері сыныбы үш түрлі сынып бөлімшелеріне- табуляттарға, хететидтерге және төртсәулелеі маржандарға жіктеледі. Медузалар венд түзілімдеріне ұшырасады,кембрій кезеңінде тасбуляттар, ордовикте хетеидтер мен төртсәулелі маржандар пайда болған.Ішекқуыстылар типінің палеонтолоиялық маңызы зор, бұлар әсіресе палеозойлық түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда үлкен рөл атқарады. 5 . Буынаяқтылар-көптеген жәндік түрлерін біріктіретін типтердің бірі. Бұлардың алғашқы өкілдері фанерозой эонына дейін-ақ пайда бола бастаған. Түрлі-түрлі орталарда- суда , құрлықта және ауа қабатында тіршілік ете алады. Буынаяқтылар типі бес түрлі тип бөлімшелеріне дараланады, олардың әрқайсысы бірнеше сыныптарға жіктеледі. Палеонтологиялық тұрғыдан шаянтектестер мен насекомдардың рөлі мейлінше төмен, бірақ трилобиттер сыныбының палеонтологиялық маңызы айта қаларлықтай. Трилобиттер теңіз түбіне тіршілік ететін жәндіктер , олардың Денисі үш буыннан- басынан, кеудесінен және құйрығынан- тұрады. Триболиттер сырт қаңқалы жәндіктер , сондықтан қазба күйінде біршама жақсы сақталады. Олар кембрий кезеңінен пермь кезеңіне дейін тіршілік еткен , кембрий, ородовик және силур түзілімдерінің геологиялық көнелігін анықтауда өте маңызды.
Тіржандар(молюски)-бунақталмаған, яғни тұтас денелі жәндіктер типі. Бұлардың көпшілігі әкті бақалшаларды иемденген . Тіржандар типі 10сыныпқа бөлінеді, бірақ палеонтологиялық тұрғыдан ең маңыздылары үш-ақ сынып өкілдері- бауыраяқтылар, басаяқтылар және қосжармалылар. Бауыраяқты тіржандар сыныбы, немесе гастроподтар теңіз суында , тұщы суларда және құрлық бетінде тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар бүрмелене үшкірленген сырт бақалшаларға иелік ететін жәндіктер, осыған сәйкес оларды әдеттежай ғана”ұлулар” деп. те атайды. Бауыраяқтылардың бақалшалары әдетте әкті заттардан тұрады, сондықтан олар қазба қалдықтар түрінде біршама жақсы сақталады. Бауыраяқтылар кембрій кезеңінде пайда болван, бірақ олардың қаулай өсуі кайнозой эрасына сәйкес келеді. Сондықтан да бұлардың қазба қалдықтары палеоген, неоген, және антропоген түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда пайдаланылады. Басаяқты тіржандар сыныбы , немесе цепалоподтар омыртқасыз теңіз жәндіктері. Бұлардың қатарына күні бүгінге шейін тіршілік ететін каракатицалар, сегізаяқтар, кальмарлар және наутилустар жатады. Басаяқты тіржандардың құрып кеткен өкілдері – аммониттер мен белемниттер. Аммониттер дегеніміз бақалшасы жайпақ пішінді бүрмелерге бүрмеленген тіржандар, сирегірек ұлу тұрқылас бақалшалары да ұшырасады. Юра кезеңінен бор кезеңіне дейін тіршілік еткен. Белениттердің бақалшалары саусақ тұрқылас болып келеді. Қос жармалы тіріжандар — жеке дара тіршілік ететін қосжақты – симметриялы жәндіктер, теңіз алаптарын және тұщы суларды мекендеген. Бұлар кембрий кезеңінде пайда болған. Олардың кеңінен таралуы мезозой эрасында ғана басталған, қаулай өсуі кайнозой эрасына сәйкес келеді. Олардың тау жыныстарының геологиялық көнелігін анықтауда маңызы өте зор.
Мшанкалар – су алаптары түбінде үймелеме түрде жабыса тіршілік ететін су жәндіктерінің типі. Теңіз суында да, тұщы суларда да кезігуі ықтимал. Мшанкалар өздерінің сырт көрінісі жағынан балдырларды, мүктерді еске салады. Олар сан мыңдаған өте ұсақ жеке түрлерді топтастыратын үймелемелер түрінде ұшырасады. Олар қазба күйінде жақсы сақталған. Мшанкалар ородовик кезеңінен бері мәлім, алайда қаулай өсуі тас көмір кезеңіне және алғашқы пермь дәуіріне сәйкес келеді. Мшанкалардың палентологиялық маңызы онша жоғары емес.
Брахиоподтар немесе (иықаяқтылар) – жеке түрде теңіз түбіне жабысқан күйде тіршілік ететін қосжармалы – симметриялы жәндіктер. Брахиоподтар екі сыныпқа – құлыпты және құлыпсыз брахиоподтарға дараланады. Құлыпсыз брахиоподтар біршама қарапайым болып келеді, бұлардың қаңқасында екі жарманы бір-бірімен топсалай жалғайтын құлып атаулы арнаулы құрылыс элементі болмайды, әкті бақалшаны иемденетіндері сирек кездеседі. Құлыпты брахиоподтарға әкті бақалшалар тән, олар бір-бірімен құлып арқылы топсаланған. Брахиоподтар кембрий кезеңінен бүгінге шейін тіршілік етеді. Олар палеозойлық түзілімдердің геологиялық көнелігін анықтауда маңызды рөлді атқарады.
Тікентерілілер – бес сәулелі симметриямен және арнаулы су айдаушы жүйемен сипатталатын омыртқасыз жәндіктер типі. Тікентерілілер су түбіне жабыса отырып тіршілік етуіде (бентостар), су ағынымен қалқи қозғалуыда (планктондар) мүмкін. Жәндіктердің бұл типі 20 сыныпқа жіктеледі, бұлардың үшеуі палеонтологиялық тұрғыдан біршама маңызды болып саналады.
- Теңіз көпіршіктері сыныбы – бентостарға жататын құрып біткен тікентерілілер. Олар таскөмір кезеңінде түгелімен құрып кеткен.
- Теңіз лалалары сыныбы бентостық тікентерілілер ішіндегі ең көп тарағаны. Олардың денелері тек ішкі органдары ғана емес, кәдімгі қолдарға ұқсайтын бес бірдей тарамдары бар әкті табақшадан тұрады. Аталған тарамдар жәндікке өз қорегін жинақтауға мүмкіндік береді. Олар ордовик кезеңінен бүгінге шейін тіршілік етеді.
- Теңіз кірпілері сыныбының көне түрлері де, қазіргі түрлері де белгілі. Көне теңіз кірпілері ордовиктен пермьге шейін тіршілік еткен, ал қазіргі теңіз кірпілері триас кезеңінде пайда болып, бүгінге шейін тіршілік етуде. Мезозойлық және кайнозойлық кірпілер, бор, палеоген және неоген түзілімдерінің геологиялық көнелігін анықтауда кеңінен қолданылады.
Жартылай желілілер – омыртқасыздармен нағыз желілілер аралығына сәйкес келетін жәндіктермен хаюандар типі. Олар жеке түрде де үймелеме күйдеде тіршілік еткен, тіршілік мекендеріде түрліше (бентостардан планктондарға шейінгі аралықта). Жартылай желілілер үш сыныпқа бөлінеді, олардың ішінде тек қана граптолиттер сыныбының палеонтолиялық маңызы ерекше.
- 1. Граптолиттер құрып біткен жәндіктер өкілі, үймелеме тіршілік еткен. Олар ортаңғы кембрий дәуірінде пайда болып тас көмір кезеңінің бас шенінде құрып кеткен. Қаулай өсу мерзімі ордовик және силур кезеңдеріне сәйкес келеді, бұл кезеңдерде граптолиттер жер шарының бүкіл теңіздерімен мұхиттарын жайлаған болса керек. Граптолиттердің кейбір түрлері ордовик және силур түзілімдерінің геологиялық көнелігін анықтауда шешуші рөлді атқарады.
Желілілер – ішкі қаңқа білігімен, желісімен сипатталатын жәндіктермен хаюандар типі. Желілілер үш тип бөлімшелеріне жіктеледі.
- қабыршақтылар
- бассүйексіздер
- омыртқалылар
қазба күйінде тек қана омырқалылардың кейбір түрлері ұшырасады, оларда палеонтология тұрғысынан онша маңызды емес. Омырқалылар үш түрлі сыныптар жиынтығына топтастырылады.
- жақсыздар
- балықтар
- төрт аяқтылар
балықтар үш сыныпқа бөлінеді
- сауыттерілі
- шеміршекті
- сүйекті балықтар
төртаяқтылар төрт сыныпқа бөлінеді
- қосмекенділер
- бауырымен жорғалаушылар
- құстар
- сүтқоректілер.