Стратиграфия-жер қыртысын құрайтын, планета дамуының және оны мекендеген органикалық әлем эвалюциясының нақтылы табиғи сатыларын сипаттайтын шөгінді, магмалықжәне метаморфтық жыныстардың қалыптасу ретін, алғашқы астасу және таралу ерекшеліктерін анықтаумен айналысатын тарихи геология саласы. Стратиграфияның басты-басты мақсат-мүдделері:жер қыртысы дамуының геологиялық жағдайлары анықтау, сол сияқты құрлымдық геология, геологиялық түсірім және іздеу-барлау шараларын тиімді түрде жүзеге асыру жолында қажетті болып табылатын жекелеген аймақтардағы тау жыныстары түзілуінің өзіндік ретін қалпына келтіру және олардың көнелік көрсеткіштерін салыстыра саралау;жер шарының кез-келген аймағында жүргізілген кез-келген тарихи-геологиялық зеріттеулердің негізі болып табылады геологиялық жылнаманың салыстырмалы шкаласын, яғни Жер дамуының мерзімдік көрсеткіштерін сипаттайтын бірегей стратиграфиялық (жержылнамалық) шкаланы жасақтау.
Стратиграфиялық ғылым принцптері «тау жынысы қабаттарының қат-қабатталу заңдылығы» деп аталатын өте қарапайым заңдылыққа негізделген бұл заңдылықтың мән-мағанасы төмендегідей: «тау жыныстарының белгілі бір қабаттарының белгілі бір төртінші ролін атқаруын екінші қабаттың біріншісінен кейінірек қалыптасқандығын көрсетеді».Бұл заңдылық дәлелдеуді керек етпейді:расында да егер бірінші қабат болмаған жағдайда,онда оны көмкеретін екінші қабаттың да болмайтыны түсінікті . келтірілген анықтамадан іс-тәжрибе үшін өте маңызды қорытынды туындайды:тау жыныстарының әрбір төменгі қабаты оның үстіне орналасқан қабатқа қарағанда көнелеу.Алайда бұл заңдылық тек қана қатпарланып үлгермеген, яғни бір-бірімен көлбеу бағытта астасқан, немесе аз-мұз ғана еңістене астасқан тау ынысы қабаттары хақында ғана шындыққа сәкесетіндігін ескеру керек;тау қыртысының тау қабаттары күрделі түрде қатпарланған өңірлерінде аударылған қатпарлар деп аталатын арнаулы қатпарлар жиынтығы біршама жиі ұшырасады, мұндай геологиялық құрылымдар аумағында көне қабаттар өзінен гөрі жастау қабаттарды көмкере орналасады.
Тау жынысы қабаттары өте қарқынды деформацияға ұшыраған жағдайда олардың еңістену бұрышы кең аралықта өзгеріп отырады, мұндай жағдайда қабаттардың қайсысы төсеніш ролін атқаратындығын, ал қайсысы оны көмкеріп жатқандығын (олардың қайсысы көнелеу, қайсысы жастау қабат екендігін) жай ғана қадағалау көмегімен анықтау оңайға соқпайды.Сондықтан стратиграфиялық зеріттеулерде тау жынысы қабаттарының геологиялық көнелігін анықтау мәселесі өте маңызды рол атқарады(тау жынысы қабатының геологиялық көнелігі дегеніміз сол қабаттың алғаш қалыптасу яки түзілу уақытынан бергі мерзім мөлшері).Оқулығымыздың бірінші тарауында атап көрсеткеніміздей, тау жыныстарының геологиялық көнелігін анықтаудың екі түрлі әдісі белгілі, олар-тауі жыныстарының салыстырмалы көнелігін анықтау және олардың ақиқатты көнелігін анықтау әдістері.Тау жынытарының ақиқатты көнелігін анықтау олар кіріктіретін радиоактивті элементтердің өздігінен ыдырау мөлшерінанықтауға негізделген.Тау жыныстарының салыстырмалы көнелігін анықтау полеонтологиялық зеріттеулер көмегімен жүзеге асырылады, және де мұндай зеріттеулердің бірнеше тәсілдері белгілі. Сол тәсілдерді қысқаша ғана сипаттап өтелік.
Тау жыныстарының салыстырмалы көнелігін анықтаудың полентологиялық әдісі сол тау жыныстарынан кіріккен жәндіктер мен өсімдіктердің тас нұсқаға айналған қалдықтарының билолгиялық түрін немесе тегін анықтауға негіделген. Көне организмдердің бүкіл жиындығы полентологиялық тұрғыдан сараланған, яғни әрбір жекеленген биологиялық түр немесе тек жер планетасы геологиялық тарихының қандай уақытында (қандай геологиялық эрада, кезеңде, дәуірде т.с.с) тіршілік еткендігі түгел хатталған.Олай,палеонтолог-ғалым анықтаған нақтылы жәндіктер мен өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі сол организмдер қалдығын кіріктіретін тау жынысы қабатының қалыптасу уақытына сәкес келмек, және де осы жайт тау жынысы қабаттарының қалыптасу аймағына тәуелді емес.Екінші сөзбен айтқанда, Жер планетасының бір-бірінен қашықтығы мыңдаған, онмыңдаған км-мен өлшенетін әртүрді аймақтарында, бірақ бір мезгілде қалыптасқан тау жынысы қабаттары көне жәндік мен өсімдік қалдықтарының бірдей түрлерін яки тектерін кіріктіретін болады, мұның өзі осы түзілімдердің бір-бірімен сәкестіре зеріттеуге мүмкіндік береді.
Тау жынысы қабаттарының геологиялық көнелігін палонтологиялық әдіс көмегімен анықтаудың ең көп тараған тәсілдерінің бір организмдердің жетекші қалдықтарын анықтау тәсілі.Организмдердің жетекші қалдықтары дегеніміз азғантай уақыт қана тіршілік еткен, яки тез арада құрдымдалып кеткуен жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтары, сондықтан олар тау жыныстарының нақтылы қабаттарында ғана ұшырасады,олардан бұрынрақ немесе кейінрек түзілген қабаттарында мүлдем кездеспейді, ендеше жаңа қабаттын геологиялық көнелігін мұндай организм қалдықтары көмегімен біршама дәл анықтауға болады.