Табиғи таза (саф) элементтерге құрамы бір ғана химиялық элементтен тұратын минералдар жатады. Минералдардың бұл сыныбын даралау шартты түрде екендігін атап өту орынды, себебі табиғатта жеке түрде, яғни жүз пайыз бір ғана элементтен тұратын минералдар кездеспейді десе де болады, олар көбнесе өз құрамына аз да болса өзге қоспаларды да кіріктіреді. Солай бола тұрса да, жер қыртысында 30-дан астам табиғи таза (саф) элементер (негізінен метелдар) ұшырасады деп есептеледі. Олардың жре қыртысындағы үлес салмағы 0,01%-тен аспайды. Бұл элементтер әдетте табиғи жағдайда өздерінің химиялық бейтаратығымен бейнеленеді.
Сөз болып отырған минералдар сыныбы құрамында әдетте жоғарыда аталған 30 элементтің жетеуі қарастырылады (1-7), олар – көміртегі, күкірт, алтын, күміс, платина, мыс және темір.
Көміртегі. Көміртегі табиғатта екі түрде – алмас және графит түрінд ұшырасады.
А). Алмас. Гректің “адамас” –“жеңдірмейтін” деген сөзінен шыққа (ғаламат қаттылығын және физикалық әсерлерге төзімділігі ескерілген болса керек). Химиялық формуласы-С; түссіз, немесе көкшіл, көк, сары қоңыр және қара түсті; алмасша жалтылдайды; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 10, алайда оның шын мәніндегі қаттылығы кварц қаттылығынан 1000 есе, корунт қаттылығынан 150 есе артық; жымдастығы орташа; омырылмалы, яғни ұрғанда морт сынады.
Анықтау белгілері: ғаламат қаттылығы, күшті алмастық жалтырлығы; кристалл жақтарының беткі жазықтғы теп-тегіс болмауы яки кейбір-бұдыр болып келуі.
Тегі. Алмас кимберлит құбырлары немесе қопарылыс құбырлары деп аталатын арнайы құрылымдарда асангегізді интрузиялық жыныстармен байланысты қалыптасады.
Қолданылуы. 1-ші сыныпта асыл тас (жасанды түрде қырпланған алмас кристалдары гауһар деп аталады), жону және тегістеу материалы, бұрғылау қашауышын дайындау материалы.
Б). Графит. Герктің “графо”-“жазамын” деген сөзінен шыққан. Химиялық формуласы – С; қара және қою сұрғылт түсті; жұқпатүсі қара; жалтырлығы метал сияқты, жасырын кристалды түрлерінікі күнгірт; қаттылығы 1; сипап көргенде, май сипағандай әсер қалдырады; жымдастығы анық; саусаққа яки қағазға жұғады.
Анықтау белгілері. өзіне тін түсі, өе төмен дәрежелі қаттылығы май сипағандай әсер қалдыратындығы.
Тегі. Жоғары дәрежелі температураларда тотықсыздану процесі жағдайында түзіледі.
Қолданылуы. Әр түрлі өнеркәсіп салаларында кеңінен пайдаланылады (графитті тигелдер, қарындаштар, электродтар, үйкелген бөліктер аралығын майлау т.б.).
Күкірт. Химиялық формуласы –S; сингониясы ромбылы; кристалдарының мүсіні пирамида тұрқылас; кристалл қырларында алмасша жалтылдайды, омырылым бетіндегі жалтырлығы қоңды; қаттылығы 1-2; жымдастығы нашар; меншікті салмағы 2; морт сынады.
Анықтау белгілері. Өзіне тән сары түсі, төмен дәрежелі қаттылығы, морт сынғыштығы, омырылым бетіндегі қоңды жалтырлығы. Сіреңке отынан оңай-ақ тұтанады және күкіртті газ бөле отырып жақсы жанады.
Тегі. Гипстің-таушайырылы суларда, күкіртті қосындылардың органикалық емес жолмен және күкіртті газдардың-жанартау әрекеті кезіндегі ыдыраулары нәтижесінде қалыптасады.
Қолданылуы. Химия (күкірт қышқылыны дайындау) резина өнеркәсіптерінде (резина желімдеу), ауыл шаруашылығында (зиянкестермен күрес), сол сияқты сіріңкелер, бояаулар т.б. өнімдер дайындау істеріне пайдаланылады.
Алтын. Химиялық формуласы-Au; әдетте 50% -ке шейін Ag бірнеше пайыз Ғе, Cu, т.б. қоспалар кіріктіреді; сингониясы текше; кристалдары сирек ұшырасады, әдетте бұтақшалар, қабыршақтар жарғақшалар және дендриттер түріндегі агрегаттар түзеді; ірі-ірі сафкесек түрінде де ұшырасады; сары түсті (құрамындағы күмістің мөлшеріне қарай ашық сары түстен қою сары түске шейінгі аралықта өзгереді); металша жалтылдайды; жымдастығы жоқ; қаттылығы 2,5-3; иеленуге өте көнімді; меншікті салмағы 16-19 аралығында (құрамындағы күмістің мөлшеріне қарай өзгереді); ауада тотықпайды.
Анықтау белгілері. Өзіне тән сары түсі, төмен дәрежелі қаттылығы (бәкімен оп-оңай кесіледі), иелеуге көнімділігі, жоғары дәрежелі меншікті салмағы, ауада тотықпайтындығы.
Тегі. Кварцты желілерді кездеседі, құрамына алтын кіріктірген күкіртті және өзге де қосындылардың бұзылуы нәтижесінде қалыптасады.
Қолданылуы. Асыл-метал-валюта және ақша құралы; әр түрлі әшекейлер мен орасан байлық заттарын жасауға пайдаланылады, физикалық және химиялық приборлар дайындауға, тіс салуға т.б. қолданылады.
Күміс. Химиялық формуласы- Ag сингониясы текше; кристалдары сирек, әдетте “тоқылған” ұлпа шілтертаптар, жұқа жарғақтар мен парақтар түрінде кездеседі; ақшыл түсті, әдетте беткі жазықтығы қара түспен кіңреукеленген; металша жалтылдайды; қаттылығы 2,5; жымдастығы жоқ; меншікті салмағы 10-114; омырылым пішіні қармақша тәріздінемесе тікенекті; жылу мен электр тогын тамаша өткізеді; илеуге біршама көнімді.
Анықтау белгілері. Өзіне тән ақшыл түсі, қармақша тәрізді немесе тіккенетті омырылым пішіні, илеуге көнімділігі (бәкінің ұшы із қалдырады) және меншікті салмағының жоғарғы көрсеткіші.
Тегі. Гидротермальды жолмен және күміс кіріктіретін күкіртті қосындылардың ыдырауы нәтижесінде түзіледі.
Қолданылуы. Күміс бұйымдар мен тиындар жасауға қолданылады.
Мыс. Химиялық формуласы-Cu; сингониясы текше; кристалдары сирек, әдетте дендриттер мен тақташалар түріндегі агрегаттар түзеді; құбыла жылт-жылт ететін сарғылт-қызыл түсті; металша жалтылдайды; қаттылығы 2,5-3; иелеуге көнімділігі байқалады; омырылым пішіні қармақша тәрізді; жымдастығы жоқ; меншікті салмағы 8,5-8,9 электр тогын тамаша өткізеді.
Анықтау белгілері. Өзіне тән сарғылт-қызыл түсі, илеуге көнімдіоігі және меншікті салмағы.
Тегі. Гидротермальды жолмен, мыс және күміс кіріктіретін күкіртті қосындылардың ыдырауы нәтижесінде түзіледі.
Қолданылуы өте сирек мыс рудасы ретінде пайдалануы мүмкін.
Платина. Химиялық формуласы-Pr; сингониясы текше, кристалдары сирек, агрегаттары шағын шоғырлар мен тұтасмассаларға-сафкесетерге топталады; түсі ақшыл реңнен сарғылт түске шейінгі аралықта өзгереді; жұқпа түсі металдай сарғылт; металша жалтылдайды; қаттылығы 4-4,5; илеуге көнімді; жымдастығы жоқ; меншікті салмағы 15-19.
Анықтау белгілері. Табиғи таза күміс пен темірге ұқсайды, алайда олардың біріншісінен қаттылығы және меншікті салмағының жоғары дәрежелерімен, екіншісінен қышқылдарды (мәселен HNO3 да) ерімейтіндігімен ерекшеленеді.
Тегі. Асанегізді интрузиялық жыныстармен байланысты ұшырасады.
Қолданылуы. Қиын балқитындығы, электрөткізгішігінің жоғары дәрежесі, әсіресе химиялық әсерлерге орасан төзімділігі плотинаны асыл металдар санаына қосады. Аталған қасиеттері платина химия өнеркәсібінде, электротехникада, асыл бұйымдар дайындаужәне тіс салу істерне кеңінен қолдауға мүмкіндік береді.
Темір. Химиялық формуласы –Ғе; сингониясы текше; түсі болаттай сұрғылт; омырылым беттерінде металша жалтылдайды; қасиетті иемденген.
Анықтау белгілері. Өзіне ұқсайтын платинадан HNO3да еритіндігімен, өте жоғары магниттік қасиетімен және ауада тез тотығатындығымен ерекшеленеді.
Тегі. Негізді және асанегізід магмалық жыныстар ұрамында ғана өте сирек ұшырасады.
Табиғи таза темір іс-тәжрибеде пайдаланылмайды.