ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДА МАРКШЕЙДЕР ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІН ҚҰРУШЫ

Попов Иван Иннокентьевич 1919 жылы 15 сәуірде Солтүстік Двинск өңіріндеЧуприяново селосында дүниеге келген.

И.И. Попов біздің мемлекетіміздің дамуының қарқынды кезеңінде тәрбиеленген, Ұлы Отан соғысының және соғыстан кейінгі кезеңдердің барлық ауыртпалығы мен қайғы-қасіреті иығына түскен кеңес адамдарының қатарына жатады. Осыған қарамастан, ол өзін адамсүйгіштік, адамдарға сезімталдықпен қарау сияқты тамаша қасиеттерге тәрбиеледі. Оған таңғажайып еңбек қабілеттілігі мен еңбексүйгіштік, жұмыста мұқияттылық, өзінің міндеттеріне ұқыпты, адал қарауы, өзіне және өз ұжымына талап қоя білуі тән.

Мектепті бітірген соң Попов И. Свердловск тау-кен институтына түсіп, оны «Маркшейдер ісі» мамандығы бойынша табысты аяқтайды.1942 ж. Свердловск тау-кен институтын бітірген соң, Иван Иннокентьевич Урал көмір өнеркәсібінде шахталардың, «Свердловскуголь» комбинаты трестерінің бас маркшейдері, геолог-маркшейдер қызметі және Свердловск СХШ отын өнеркәсібінің басқармасын байыту бөлімінің бастығы болып 16 жылқызмет етті. Өндірісте жұмыс істей жүріп, өзін ғылыми ой-өрісі кең шебер бақылаушы-зерттеуші ретінде көрсетті [1, 65].

Осы қасиеттері, әсіресе, Қарағанды политехникалық институтында қызмет еткен кездерінде айқын ашылды, онда ол 40 жыл табысты еңбек етіп, доценттен профессорға, ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесіне, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының меңгерушісіне дейінгі жолды жүріп өтті.

Кафедра меңгерушісі бола жүріп, И.И.Попов оқу-әдістемелік жұмысқа көп көңіл бөлді. Ол студенттерді программалық-басқарып оқыту және проблемалық жағдайларды ойын түрінде модельдеу арқылы білімді бақылау жүйесін жасады. Нәтижесінде аталған жүйе КСРО ЖОО министрлігінің дипломымен марапаттады (1988 г.), авторлары: И.И. Попов, Г.Г. Поклад және Л.В. Сапожников

Құрылыс, жол-көлік, геоэкологиялық және экономикалық бейінде білім алатын студенттер оқитын «Геодезия» жалпы инженерлік пәніне арнап, оның жетекшілігімен оқу-әдістмелік қамсыздандырудың толық жинағы жасалды. Бұл кезде доцент Б.Ы. Жұмаділда, аға оқытушы К.А. Әміренов және Г.А. Ермекова белсене қатысқан геодезия және маркшейдерлік іс туралы мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.

Ол инженер-маркшейдерлерді дайындаумен байланысты әдісьемелік сұрақтардың зерттеуге көп еңбегін сіңірді. Тамаша дәріскер болды, оның дәрістері жоғары ғылымилығымен, мазмұнының қарапайымдылығымен және түсініктілігімен өзгешеленетін.

Кафедраға жетекшілік етіп жүрген кезде институт маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар, бұрыш өлшеуіштер, буссоль, теодолиттер мен дәлдігі әртүрлі нивелирлер, кипрегельдер мен мензулалар, гиротеодолиттер, гирокомпастар, ұзындық өлшеуіштер, лазерлікбағыт көрсеткіштер, жарық және радио қашық өлшегіштер, төрткілдештер мен өлшеуіш таспалар және рулеткалар сатып алады. «Маркшейдерлік іс» мамандығының арнайы пәндері бойынша кітапхананы жаңа оқулықтармен толықтырумен қатар, зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар, геодезия және маркшейдерлік істің негізгі курстары бойынша оқу құралдары әзірленеді [1, 105 б.].

«Политехник» (Қарқаралы қ.) спорт-сауықтыру лагері базасында оның жетекшілігімен оқы практикалырын өткізуге арналған геодезиялық полигон құрылады.

Профессор И.И. Попов мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарлары мен пәндер бағдарламасын одан әрі жетілдіреді (1995 ж.), әдістемелік нұсқаулар мен құралдар шығарады және жаңа мамандықтың – «Қолданбалы геодезия» мамандығының ашылуы жүзеге асырылады. Ол І және ІІ буынның «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша мемлекеттік және білім стандарттарын әзірлеуге көмектеседі. «Маркшейдерлік-геодезиялық өлшеулерді автоматтандыру» оқу зертханасын құруға атсалысады. Қазақ маркшейдер ісі ғылыми-зерттеу институты (ҚазСҒЗИ) және «Центрмаркшейдерия» мемлекеттік кәсіпорны базасында кафедра филиалын ұйымдастырады. Кафедраның пән аудиториялары аргнайы плакаттармен,маркшейдерлік-геодезиялық аспаптармен және сызбалармен жабдықталады. Ол екі оқулық әзірлеп, жарыққа шығарған: «Маркшейдерия при подземной разработке» және «Маркшейдерские работы при рекультивации нарушенных земель».

Профессор И.И. Попов кафедраға жетекшілік еткен уақытта ғылыми қызмет жобалық және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, өндірісімен тығыз байланысты жүргізіледі. Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен Қазақстанда тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін және қия маңындағы массив құрылымын зерттеу, аршық қиябеттерінің орнықтылығының есептік сұлбаларын әзірлеу, аршық қиялары мен кертпештерінің құлама беттерінің оңтайлы параметрелерін негіздеу және жобалық пішінде қиябет орнықтылықтарын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша кешенді эксперименттік зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері техникалық жобаларға кіргізілген және пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу кезінде аршықтарға енгізілген [2, 115 б.].

Барлық уақыт ішінде оқытушылар меен студенттер шаруашылық-шарттық және мемлекеттік-бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген зерттеу тақырыптары аршықтардың керпештері мен қияларының және жыныс үйінділерінің қиябеттерінің орнықтылығын сенімді басқару әдістерін және теориялық негіздерін әзірлеумен; тау жыныстарының жылжу процесін және күрделі-құрылымдық кен орындарын қазу кезінде жерасты тау-кен қазбалары мен жер бетінің орнықтылығын басқару әдістері әзірлеу мақсатында тау қысымын зерттеумен байланысты. Шаруашылық-шартық ҒЗЖ Қазақстанның көмір, темір-кенді, жез-кенді, полиметал және басқа да кен орындарында өткізілді. Барлық орындалған жұмыстардың нәтижелері өндіріске енгізілген. 1981-1990 жж. 1,1 млн руб. құраған ҒИЖ орындауға кеткен шығындар кезінде жасалған әзірлемелерді өндіріске енгізуден келген үнем осы кезең ішінде 6,3 млн руб., яғни, қатынасы 1:5,6 руб. Болды. 1990 жылы жүргізілген шаруашылық-шарттық ҒЗЖ көлемі кафедралық ғылыми-зерттеу зертханалары бойынша 4 млн руб асады.

Ашық және жер асты жұмыстарында тау жыныстарының ығысу, тау қысымы, жер қойнауын қорғау мәселелері бойынша зерттеулермен айналыса жүріп [3, 104 б.], Попов И.И. аспирантураны басқарып, Орталық Қазақстанда бүкіл Одақты мойындатқан ғалымдар мектебін құрды. Оның жетекшілігімен 5 докторлық және 29 кандидаттық диссертация қорғалды. И.И.Поповтың жетекшілігімен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары әрқашан жоғары ғылыми деңгейімен, жаңалықтарымен, пайдалылығымен және тиімділігімен ерекшеленетін.Ол – 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 12 монографияның, маркшейдер ісі бойынша 2 оқулықтың және 6 кітапшаның авторы.

Көп жылдар бойы И.И. Попов Қарағанды политехникалық институтында «Знание» қоғамының төрағасы болды.

Иван Иннокентьевич спортқа, әсіресе, волейболға табынушы болды. Көптеген жылдар бойы ол «Сергектік және денсаулық» спартакиадаларында тау-кен факультетінің және институттың намысын табысты қорғап келді. Өзінің жас әріптестеріне денсаулық пен спорттық ұзақ өмір үлгісін көрсете жүріп, әрқашан сергек, жинақы көрінетін.

Иван Иннокентьевичтің табысты өндірістік, ғылыми және педагогикалық қызметі үкімет тарапынан бірнеше рет марапатталды: жеті медаль; ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы», КСРО жоғарғы білім саласындағы «Еңбектегі үздік табыстары үшін» белгілер; Алтын құрмет кітабына енгізілді, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы, Қазақстан Компартиясы ОК Құрмет грамотасы; ҚазКСР Министрлер Кеңесі сыйлығының Лауреаты.