Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Тамақтану жайлы ғылымды нутрициология дейді. Қазіргі заманда тамақтанудың түсіну өте қиын. өйткені тағамның түсуі, қорытылуы, сіңуі организмнің, оны өз қажетіне жаратуы өте күрделі үрдіс. Тағам организмнің жұмсаған энергиясын толықтыру, өлген жасуша мен тіндерін қайта қалпына келтіру және барлық дене құрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді. Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық) материалдар тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Тамақтану үрдісі жүйке және гуморальдық жолмен реттеледі. Осы өте күрделі тамақтану үрдістерімен қатар организмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе бар –оны қызметтін тамақтану жүйесі деп атайды. Бұл қызметтік тамақтану жүйесінің бір қатар кезендері алдыңғы тарауларда толық, әрі түсінікті түрде қаралған (ас қорту, зат және энергия алмас, вегетативтік және орталық жүйке жүйесі).Жас ерекшеліктеріне, дененің жалпы салмағына, жынысына, атқаратын қызметіне, қоршаған ортаға қарай, әр адамға тән белгілі бір мөлшерде, құрамда қажетті белок, май, көмірсу, минерал заттары және витаминдері бар тағам қажет. Қазіргі уақытта тағамның құрамы және ондағы калория мөлшері жақсы зерттеліп анықталған, соның нәтижесінде әр адамға қажетті тәуліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшеріне сәйкестендіріп қабылдауға болады.
Тамақтанудың қазіргі ғылыми теориялық негізі ретінде МҒА академигі А.А. Покровскийдің айтып ұсынған, тендік концепциясын жатқызуға болады. Ал бұл теорияны кеңейтіп, нақтылы әртүрлі жағдайларда біздің еліміздің белгілі бір аудандарында қалай пайдалану керек екенін МҒА академигі Т.М. Шарманов зерттеп ұсынған. Осы концепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, белок, көмірсу, май, витамин, минерал заттары, су болуы қажет. Сонымен қатар басты көңіл алмастырылмайтын тамақ құрамына аударылады. Бұл тамақ құрамы организмде ферменттер жүйесімен түзілмейді, сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі шарт. Тамақтың мұндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан валин, лейцин т.б., май қышқылдарынан қанықпаған май қышқылдары және витаминдер жатады. Алмастыруға болмайтын амин қышқылдары арнайы белок синтезі үшін пайдаланылады, әрі түрлі гормондар және нейромедиаторлар минтезделетін бастапқы қоспа (тироксин, адреналин, ацетилхолин т.б.). көп қанықтырылмаған май қышқылдары (олеин, орохидон т.б.) биологиялық мембрана құрамына кіретін негізгі бөлік, олар простогландин, нейропептид т.б. биологиялық белсенді заттар жасалатын негізгі қажетті материал. Қажетті энергия мөлшерінің деңгейі организмдегі негізгі алмасу мен атқаратын жұмыс тәртібіне байланысты энергия шығыны арқылы анықталады. Атқаратын жұмыс неғұрлым ауыр, әрі тез орындалса, соғұрлым тамақта қоректік заттар мөлшері көп болуы қажет. Организм құрамында саны жағынан энергия мөлшері тым немесе аз тамақ заттары зиян келтіреді. Құрамында артық калория мөлшері бар тамақ ( дене қимылы төмен болса ), сезімдікке әкеледі, соның нәтижесінде әртүрлі мүшелердің, жүйелердің жұмыс қабілеті төмендеп, тіпті уақытынан бұрын қартаюға әкеліп соғады.
Тәуліктік тамақтанудың оңтайлы (оптималдық) мөлшері анықталған, онда жас ерекшелігі, жыныс, энергия жұмсалу мөлшері т.б. көрсеткіштер есепке алынған. Ересек адамдарда, салыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне 80-100 г, орташа ауыр қызмет атқарғанда 110-120 г, ауыр дене қызметін атқарғанда -130-160 г белок қажет. Балаларда қажетті белок мөлшері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады. Дене салмағының 1 кг есептегенде ересек адамдардын гөрі белок әлдеқайда көп пайдаланылады, ойткені бала организмінде даму, өсу үрдісі, белок биосинтезі өте жоғары. Тамақ рационында тәулігіне 70-80 г, егер энергия жұмсалу мөлшері жоғары болса -100 г дейін май, және оның құрамында 50-60% жануар майы болғаны жөн.
Тәуліктік көмірсу мөлшері адам тамағында 400-450 г дейін болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы белок, көмірсу, майдың өзара қатынасы 1,14 жақын болады. Тамақ заттары жақсы сіңіріліп пайдаланылу үшін, оның құрамы жануар мен өсімдік тектес болғаны дұрыс. өсімдіктің зат көбіне шикі күйінде пайдаланып организмді қажетті витамин, ферменттермен организмнің әртүрлі жұқпалы ауруларға, сыртқы орта әсерлеріне қарсы тұруы төмендеп, арнайы аурулар пайда болады (авитаминоз).
Әртүрлі витаминдерге берілетін анықтама, әрі организмдегі олардың ролі биохимия курсында толық жан-жақты берілген. Адам денсаулығын сақтауда оптималдық дұрыс тамақтанумен қатар, тамақ ішу уақытын дұрыс белгілуе, энергия құндылығы, мөлшері, құрамы, тамақ ішуді ұйымдастыру жағдайы үлкен роль атқарады. Тамақты бір тәулікте 3-4 рет бөліп ішкен пайдалы екені анықталған.
Көпшілік ғалымдар тәуліктік тамақтың көбін ертеңгілік және түсте, ал кешкілік бір тәулікке қажет жалпы барлық жылу калориясының үштен бір бөлігін қабылдау керек екенін айтады.
Тамақ жақасы сіңіп, пайдаланылуы үшін құрамы, түрі әртүрлі, әрі дәмді дайындалып, тамақ ішетін жер таза, әдемі жиналған, адам тәбетін ашатындай ұйымдастырылған болуы қажет. Әсіресе мұндай жағдай, балалар тамақтануында ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасы Академиясының регионалдық зерттеу институты қызметкерлері, ғылыми зерттеліп, негізге алынған балалар және емдік маңызы бар тамақ түрлерін ұсынып отыр, әсіресе сүттен ашытып жасалатын жаңа туған балалар тамақтарының («Балбөбек», «Балдырған», «Жігер» т.б.) құрамы және ондағы биологиялық белсенді қоғаныс түрткілері, ана сүті құрамына өте жақын.