Жүрек қуыстарындағы қан қысымы.
Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутына 65-80 рет соғады. Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систола мен диастола кететін мерзім жүрек қызметінің оралымы (циклы) деп аталады. Айналым уақыты жүрек соғуының жиілігіне байланысты. Айналым кезінде жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен (ретпен) жиырылады. Жүрек жиырылған сәтте ондағы қанның қысымы көтеріледі. Жүрек қуыстарындағы қан қысымының өзгеруі белгілі бір зандылыққа бағынады. Осыған сәйкес қақпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады. Бұл айтылғандар қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.
Жүректің әрбір бөліміндегі қан қысымын өлшеу үшін қан тамыры арқылы резеңке түтіктің (катетердің) бір ұшын жүрек қуысына енгізеді де, екінші ұшын қысым өлшейтін аспаппен жалғастырады. Осы әдіспен түңғыш рет жылқының жүрек қуыстарындағы қан қысымын Шаво мен Марей тәжіребе түрінде өлшеді. Тәжіребе былай жасалады. Жүрек жанындағы ірі артерия арқылы бір ұшына жұқа баллонбекітілген резеңке түтік жүректің оң жақ қуысына енгізіледі де, оның сырттағы ұшы Марей капсуласымен жалғастырылады, сөйтіп жабық түтіктер жүйесі ауаға толтырылады. Жүрек жиырылып, оның қуысындағы қысымарта бастаса түтік жүйесіндегі ауа баллоннан капсулаға қарай ығысып, оның қаламын көтереді. Жүрек еті босаңсыған кезде қысым азаяды, сондықтан ауа керісінше, капсуладан баллонға өтеді де қалам төменқарай ығысады. Қысым мөлшері қаламның қағазға түсірген сызығы арқылы анықталады.
Жүректің жиырылу оралымы. Жүрек минутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы (оралымы) 0,8-0,9 секундке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қысқарады. Айналым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.
Жүрек оралымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 секунд ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түйін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы сынап б.б. 5-8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастолада болады, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан жүрекшеден қарыншаға қуйылып тұрады. Жүрекше жиырылған сәтте оған қан жеткезетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады.
Изометрлік кезеңде қарынша еті түгелдей ширығады (қатаяды), бірақ оның қуыстары қанға толы болғандықтан жиырыла алмайды, яғни ет талшықтарының ұзындығы өзгермейді. Сондықтан да бұл кезең изометрлік кезең деп аталған (грек, isos –бірдей, метр -өлшем). Мұнда ет талшықтарының қатаюына байланысты қарыншалардағы қан қысымы біртіндеп көтеріледі.жүрек қақпақшалары жабық қалпында қалады. Сондықтан қан қысымы көтеріледі, ол қарыншалардан шығатын қолқа мен өкпе сабауындағы қысымнан асып түскенсоң айшық қақпақшалар ашылып, шиғыру кезеңі қан айдау кезеңіне ұласады. Ширығудың изометрлік кезеңінде, сол қарыншада қан қысымы с.б.б. 70-80 мм-ге, оң қарыншада 15-20 мм-ге жетеді. Оң қарыншадағы қысым сол қарыншадағыдан 3-4 есе төмен болатыны, оның қабырғасындағы еттің соншалық жұқа болуына байланысты.
Қанайналымының өлшемдік көрсеткіштері.
Қанайналымы –гемодинамика, көбіне гидродинамика заңдарына бағынады. Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан әлсін-әлсін тек систола кезінде өтеді. Бұған қарамастан қан тамырларда үздіксіз ағады. Мұның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуы. Бұл құбылысты дәлелдеу үшін суға толы шыны ыдыстың төменгі жағына шүмек арқылы жарыстыра екі түтікті жалғастырады. Түтік арқылы өтетін сұйықтықтың көлемдік мөлшерін көрсетеді. Осы гидродинамикалық көрсеткіштер Р, R, Ү қанның тамыр арқылы артуының өлшем көрсеткіші бола алады. Қан ағысының өлшем көрсеткіштері –қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы қантамырларының тонусы, яғни қан ағысына көрсететін кедергісі.
Қан қысымы. Артерия тамыры жарақаттанса сыртқа қанның шапшып ағатыны көптен белгілі, яғни артерияда қан қысымы жоғары (Р1), ал венада (Р2) төмен болады. Осыған орай қан артериядан венаға қарай үздіксіз ағып тұрады. Тамырдағы қанның қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті аса күрделі үрдістерді қамтамасыз етеді. Мысалы, қоректік заттардың ішектің қабырғасы арқылы қанға, қаннан денедегі жасушаларға өтуі және бүйректегі сүзілу үрдістері, несептің түзілуі.