Бұл сұрақтамалар «Денсаулық санын» организмнің функциялық мүмкіндіктерін анықтап бағалауға жағдайын туғызады. Сіздің жасыңызға сәйкес келетін қалып қалып -10 құрайды. Егер де көрсеткіш қалыптан төмен болса, онда екі санды бөлгендегі нәтиже 100%-тен аз болғаны. Мысалы, 40 жаста үйдің 4-қабатына көтерілгеннен кейінгі пульс 116 соқса, қалып осындай болу керек (100%), ал 120 рет соқса, ол қалыптың 96,7%-ін құрайды (116:120). Айталық, көтерілген соң, 2 минуттен кейін пульс 1 минут кейін 100 соғылыс болады, ол 104 қалыптың 96%-ін құрайды. Айтқандайын, бұл 45 жастағының көрсеткіштері құрайды. Осы сұрақтамалардан алынған барлық нәтижелеррді қалыпқа қатысы бар проценттерге ауыстырыңыз, осы көрсеткіштердің орташа арифметикалық өлшемін тауып шығарыныз. Бұл Сіздің «Денсаулығыңыздың саны» болмақ.Сонымен, Сіз өзіңіздің шын жасыңызды және «Денсаулығыңыздың санын» анықтап алдыңыз. Егер де бұл цифралар Сізді қанағаттандырмаса, не істеу керек? Әрине, өз өмір салтыңызды өзгерту керек. Көптеген жылдар бойы жасалған біздің зерттеулер мәліметтеріне қарағанда, организмнің мүмкіндіктерін дамытатын және жас деңгейін төмендететін бірден –бір тиімді жол –ол жүзу (тым болмаса аптасына 2 -3 рет), жүгіру болмаса, күніне 20 минут не 40 минут арасына күн қыста –шаңғы не коньки тебу, жазда велосипед тебу, қайық есу, баау –бақшада жұмыс істеу, жыл бойына гимнастика (егер оны аса қажетті жабдық –жағдаяттарына сай өткізсе, сауықтыру тиімділігі екі есе өсер еді), спорттық ойындар, жедел жүріс.
Адам және кейбір экологиялық көрсеткіштер.
Адамның өмір сүру мерзімі экология жағдайларының тепе-теңдігіне байланысты. Бұл тепе –теңдікте тууы, ауыруы және өлімі бір дәрежеде болуға тиісті. Осы көрсеткіштерге әлеуметтік факторлар әсер етеді. Солардың ішінде көбінесе екі көрсеткішті алады: балалар өлімі және орта өмір сүру мерзімі.
Балалар өлімі: Бұған есеп болатыны бірінші жылдағы 1000 жаңа туған нәрестелер. Осы көрсеткіш өте сезімтелдықты бейнелейді, балалардың өлім орта жастағы немесе кәрілер тобының өліміне байланысты емес. ХІХ ғасырдың аяғында балалар өлімі Ұлыбританияда 150/1000 нәрестеге тең болған. Көрсеткіш бұл елдерде экономикалық -әлеуметтік өмір жағдайына байланысты. Көптеген қарапайым қоғамдыстықтарда бала өлімі жоғары. Бұл экосистема да адам санының реттеуші факторы болып есептеледі. Сонымен бірге бұндай көрсеткіш белгілі шектелген экосистемалық сыйымдылыққа байланысты.
Орта өмір сүру мерзімі. Бұл көрсеткіш тас ғасырындағы және көне тарих алдындағы адамдардың қаңқа қалдықтарымен анықталады. Жасты анықталғанда мына көрсеткіштер алынады.
- Тіс аппаратының құрамы;
- Білезік сүйектерінің қатаю дәрежесі;
- Түтік эпифизарлы сүйек қуысының ұлғаю дәрежесі;
- Бас сауыты сүйектерінің аралықтарының біту дәрежесі.
Қаңқа сүйектері бойынша, оларды жасына қарай 4 -5 топқа бөледі:
- 0 дан 12-13 жасқа дейінгі балалар:
- 12-13 жастан 21-ге дейінгі жасөспірімдер және жастар:
- 21-ден 40-қа дейінгі ересек адамдар;
- 40-59 арасындағы орта жастығылар;
- 60-тан жоғары –кәрі жастағылар.
Адам тарихында өлім біздің заманымызға қарағанда көбінесе ерте жаста болған. Бұрын елдерде 10% халық 40 жылдан астам уақыт өмір сурген. Кейбір мәлімет бойынша, адамның 50%-ы жиырма жасқа дейін ғана жеткен.