Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша,Денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52 % ы – өмір сүру салтына, 20-25 % ы – тұқым қуалау факторларына, 18-20 % ы – қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12 % ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады.Антропогендік факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер етуші факторлар ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінщі орын алады.Адамның іс әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады.Олардың көпшілігі Ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда xenos – бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б.яғни « үшінші табиғатқа » айналуына байланысты.Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр.Табиғи және физико химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді.Төмендегі кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.
9- кесте
№ | Аурулар | |||||
Өмір сүру салты | Қоршаған орта | Тұқым қуалаушылық | Денсаулық сақтау | |||
1 | Жүрек аурулары | 54 | 9 | 25 | 19 | |
2 | Қатерлі ісік | 37 | 34 | 29 | 10 | |
3 | Жол-трансфорттық | 68 | 18 | 1 | 12 | |
4 | Атеросклероз | 49 | 8 | 25 | 18 | |
5 | Диабет | 26 | 0 | 25 | 18 | |
6 | Бауыр циррозы | 70 | 9 | 18 | 3 | |
7 | Өзін өзі өлтіру | 60 | 35 | 2 | 3 | |
8 | Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар | 51 | 31 | 2 | 3 | |
9 | Орташа алғанда | 48 | 16 | 25 | 11 |
9-кестеде адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша,жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен яқталажы.Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем » елдерінде жиі кездеседі.АҚШ пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90 % ы – қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты.ФРГ де соңғы он жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15 тен 23 % ға дейін, ал әйелдерде 17 ден 25 ^ ға дейін артқан.Аурулар индустриялды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады.Арал аймағы эклолгиялық апат аймағы болып табылады.Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады.Мысалға, Қарақалпақстанда балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87 ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда -5, Бұрынғы КСРО да 20 жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.
Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп – Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды. Аралдың табанынан жел көтерген тұзды шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.
Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Араал маңында атмосфераға ғана емес , су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңында жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқатту басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек аурулары және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туу соңғы кезде көбейіп кеткен. Байырғы тұрғындар ата – баба жерінен амалсыз қоныс аударуда. Қазір Арал теңізінің экологиялық жағдайы шетел ғалымдарын да алаңдатып отыр.