Павлов (1843-1936) организм ағзаларының қызметін нрвизм тұрғысынан зеттеп, реттелу заңдылықтарында жүйке жүйесінің жетекші мәнін көрсетеді.
(1847-1889) ол жүрек қызметінің реттейтін үш түрлі жүйке талшықтарының болатындығын анықтады.Бұл зерттеуінде ол физиологиялық тарихында тұңғыш рт жүйкенің жүрек етіне нәрлендіру (трофикалық) әсерін тапты.
И.П.Палов жүрек – тамыр жүйесін тексерумен қатар асқорыту физиологиясын (1889-1901)зерттеді.Ол көптеген жаңа тәжірибелік хирургиялық әдістерін енгізіп, бүкіл асқорыту бездерінің тікелй жүйке жүйесі қатысуымен қызмет атқаруын дәлелдеп берді.Асқорыту бездерінің жүйке жүйесі қатысуы арқасында ғана тамақтың әртүрлі құрамы мен мөлшеріне лайықты икемделетінін көрсетті.Осы асқорыту жүйесі саласындағы еңбектері үшін 1904 жылы И.П Павловқа дүниежүзілік Нобель сыйлығы берілді. И.П Павлов шәкіртерімен бірге физиологиялық хирургия негізінде созылмалы тәжірибелік әдісін дамытты.Ол әдіс ағзалардың қызметін са тұтас организм жағдайында, оның физиологиялық үрдістерін табиғи қалпында синтездік зерттеуге қолайлы болды.
И.П Павлов зерттеулерінің екінші бір маңызды жағы – организмді жеек ағзалардың жай ғана жиынтғы емес, сыртқы ортамен тығыз байланыста қызмет атқаратын толық біртұтас жүйе ретінде қарауы.Ол организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы оның құбылмалы жағдайлары жоғары жүйке іс әрекеті арқылы атқарылатынын дәлелдеді.(1901-1936).И.П Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісі организмнің мінез әрекеті негізін қалаушы психикалық әсерленістерді тексеруге мүмкіндік берді.Әсірсе, шартты рефлекстердің қалыптасу мен тежелу заңдылықтары жоғары жүйке іс әрекетінің типтері олардың тәжірибелік нврозда бұзылуы ұйқы, гипноз сигналдық жүйелердің басым негіздрі анықтады.Соның нәтижесінде жоғары жүйке іс әрекеті туралы материалистік ілім қалыптасты. Сеэімдік жүйелер организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын алады.
Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар (анализаторлар) белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Талдағыштар туралы ілімді И.П. Павлов ашты.Ол ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты. Қабылдағыштық (шеткі бөлім). Сезімдік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында сезімдік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлім).
Бұл үш бөліктің біреуі зақымданса белгілі бір тітіркендірісті ажырату қабілеті жойылады.
М, ми қыртысының нақтылы бір аймақтарын зақымдайтын тәжірибелер шартты рефлекстерді жояды.Осыны ескере отырып, И.П.Павлов талдағыштардың ми қыртысындағы бөлімінде алғашқы жабаланыс (проекция) аймағы болатындығын дәлелдеді. И.П.Павлов арнайы зерттеулер арқылы бейнелеу үрдісінің мидағы физиологиялық тетіктерін дәлелдеді.Мәдилік әлемді бейнелеу жүйке жүйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты екенін анықтады.Адамның ой өрісімен оның тереңдігі сыртқы дүние әсерінен туатын көптеген мәліметті қабылдау және өңдеуден құралады.Сондықтан әрбір талдағыш үрдісінде, әрекеттік тұрғыдан қарағанда, мақсатты мінездің тек арнамалы көрсеткіштерін белсендіріп қоймай, мидың басқа да күрделі қызметіне қатысады.
И.П Павлов шартты рефлекстер әдісін енгізіп, жоғары жүйке іс әрекеті туралы осы заманғы ілімнің іргетасын қалады.Оның зерттеулері рефлекстік ілімнің негізгі: Себептестік, анализ, синтез, құрылымдық қағидаларын жасады.