Тамақ өнеркәсібінің маңызын және құрамын, оның басқа салалармен байланысы

Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала.Онда өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің 1/4-нен астамын беретін кәсіпорындардың ең көп саны (5000-дай) жұмыс істейді. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдык жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен камтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.Көптеген «тамақ фабрикалары» көлемі үлкен, қымбат құрал-жаб-дықтар пайдаланады. Кейбір тауарларды алу технологиясы күрделілігі жағынан ауыр өнеркәсіптен қалыспайды. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 – 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып алады.

Тамақ өнеркәсібі — тұтас салалар кешені. Тек біздің еліміздегі олардың саны 14.Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер — шикізат және тұтыну факторлары.Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнімбірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Мысалы, 1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні, ал май алуға — 5-5,5 т мақта дәні кажет. Ондай көсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналаскан. Алматы мен Актөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды рафинадтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген. Жеміс-көкөнісөнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер — көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналаскан.Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пай-даланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Мысалы, 60 тонналық темір жол вагонына 55 т ұн, ал макаронның 20 т ғана сыяды.Бұл өнеркәсіптегі “ең жалпы халықтық” және “тек қалада” ғана орналаспайтын сала. Онда өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің 1/4 – нен астамын баратін кәспорындардың ең көп саны жұмыс істейді. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде жұмыс әстейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылғын жеммен қамтамасыз етеді және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына әсер етеді.

Көптеген тамақ фабрикалары көлемі үлкен, қымбат құрал- жабдықтарды пайдаланады. Кейбір тауарларды алу технологиясы күрделілігі жағынан ауыр өнеркәсіптен қалыспайды. Сонымен қатар кішігірім зауыттар 2-3 бөқлмеге сыйып кетед. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар сатып алады.

Тамақ өнеркәсібі орналасу сипаты жағынан барлық жерде кездесетін сала болып табылады. Оның кәсіпорындары күнделікті қажетті шикізат- астық, картоп, көкөністер, жемістер сүт, т.б. міндетті түрде табылады.

Тамақ өнеркәсібі- тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер шикізат және тұтыну факторлары.

1-кесте

шикізатқа тұтынушыға шикізатқа және тұтынушыға
жарма кондитерлік ет
Май айыру Нан пісіру сүт
қант макарон Ұн тарту
косерві Шай шығару
балық

Тамақ өнеркәсібін жалпы алғанда барлық жерде орналысуына қарамастан кейбір салаларының өзіндік орналасу ерекшеліктері бар. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.