Ағаш өңдеу өнеркәсібі – ағашты механикалық жолмен өңдеуді жүзеге асыратын орман өнеркәсібінің саласы.Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда ағаш өңдеу өнеркәсібінің негізі болып табылатын ағаш дайындауды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.осы жылдарда солтүстікте, Оралда және Печора, Волга өзендері жағасында ағаш тілетін ірі завоттар салынды. Соғыстан кейінгі жылдарда жаңадан ірі құрылыстар салу өрістеліп, бұрынғы кішігірім ағаш кесетін, фанер және мебель кәсіпорындары ұлғайтылды. Жетіжылдық (1959-1965) кезінде Енисейде, Чумскіде, Асиновскіде ағаш кесетін ірі комбинаттар, одан кейінгі жылдарда Пермьдегі фанер заводының екінші кезегі іске қосылды. Шатурада және Ленинградта мебель коибинаты мен Мәскеуде мебель фабрикасы өнім бере бастады. Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі –Республикамыздағы ең жас өнеркәсіп саласы. Бұрынғы бытыраңқы кәсіп орындардың орнына 1962 ж ірі арнаулы кәсіпке көшірілген.
Ағаш өнімдерін механикалық өңдеуден алдыңғы орындарда АҚШ, Ресей, Жапония, Бразилия, Турса ағашты химиялық өңдеуден жетекші орындарды АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Финляндия иеленеді. Оңтүстік орман белеуінен өндірілетін ағаш өнімдерінің дені Бразилиядан алынады. Солтүстік орман белдеуінде дайындалған ағаш өнімдерінің іске жарайтыны 80-100 пайызға жетсе, оңтүстік белдеуде ол бар-жоғы 10-20 пайызды құрайды.
Ағаш дайындау жұмыстары-ағаш құлату, құлатылған ағашты орманнан тасып шығару, бұтақтарын кесу, алғашқы өңдеу, оларды өзен мен ағызатын орынға немесе басқа да транспорттық қатынас орындарына тасымалдау және тиеу. Кейде ағаш дайындау жұмыстарына тек ағаш құлату мен тиеу жұмыстарының комплексі ғана жатқызылады. Ағаш дайындау жұмыстарындағы процестер жоғарғы және төменгі қоймаларда орындалады. Жоғарғы қоймаға ағаш құлататын орын, ал төменгі қоймаға ағаш материалдарын тұтынушыларға жөнелтетін транспорттық орындар жатады.
Ағаш құлату, жығу-ағашты түбірінен кесу не түп тамырымен жұлу. Ағашты электр және бензин маторлы аралармен кейде қол ара, балтамен де кесіп құлатады. Ол үшін құлайтын жақ түбірінен ағашты аздап кесіп, қарсы жағынан құлағанша еңістеп кеседі. Ағаш құлату жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Түп тамырымен құлату жоғарғы сортты ағаш алу үшін және жер участоктарын ағаштан тазарту үшін жүргізіледі.
Бұтақ кесу қолмен атқарылады. Бұл операция РЭС-1 және РЭС-2 дискілі электр бұтақ кескіштермен механикаландырылған Ағаш сүйрету операциясы жермен де, аспалы не жартылай аспалы минералмен де жүргізіледі. Ағаш сүйрету тракторымен тасымалдау да кең тараған. Батпақты жерде сүйреу лебедкалары, ал таулы жерде аспалы қондырғылар пайлаланылады.
Ағаш тиеу-ірі пакет түрінде жүзеге асырылады. Шынжыр табанды крандар мен т.б. көтергіш құралдармен жабдықталады. Ағаш сорттау, үю және оны транспортқа тиеу үшін төменгі қойма ағаш тасығыштарымен, консальды крандармен қамтамасыз етіледі.
Ағаш тілгіш рама — бөренелерді, кеспектер мен брустарды бойлай тілетін машина. Қайталамалы –ілгермелі қозғалысқа келетін аралары болады. Ағаш тілгіш рамасы өндірісте кең тараған. Онымен бөрене және кеспектер тілінеді, 12 не одан да көп арасы болады. Көлденең ара тілгіш рамада горизонталь бекітілген бір ғана ара бар. Ол фанер өндірісінде қолданылады. Өңделетін ағашты рамаға беріп тұратын және тілінген материалдарды қабылдайтын арбалар мен рольгангілер. Ағаш тілгіш рама құрамына кіреді.
Фанера – екі не одан да көп жұқа ағаш тақтайларды бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын ағаш материал. Фанера жасау үшін көбінесе қайың, сондай-ақ қанды ағаш, қарағай т.б. ағаштың түрлері пайдаланылады. Фанера тақтайларының қалыңдығы 1-19 мм, ұзындығы мен ені 725-2440 мм болады. Фанераның арнаулы түріне бакелиттендірілген. Фанера сәндік, фанера профильденген фанера жатады. Фанера құрылыста сондай-ақ автомовиль, вагон, кеме және тік ұшақ жасауда, мебель өндірісінде т.б. қолданылады
Орман ресурстарының Жердегі тіршілікті сақтауда орасан зор роль атқарады. Олар оттегін қалпына келтіріп отырады, топырақты бұзылудан қорғайды. Ормандардың құртылуынан жер асты суы дереу төмендейді, осыдан барып өзендер тайызданып, топырақ құрғап кетеді. Бұған қоса орман ресурстары алуан түрлі конструкциялық материалдар алынатын негіз, дүние жүзінің көптеген аудандарында ағаш әлі күнге дейін отынға пайдаланылады.
Ормандар құрлықтың 30 пайызын алып жатыр. Осының өзінде ең көп орман алқабы Азияда сақталған, ең аз сақталған жер Австралия. Алайда континенттердің үлкендігі әр түрлі болғандықтан, олардың ормандылығын, яғни, орман өскен алқаптың жалпы ауданға қатынасын есепке алу маңызды. Бұл көрсеткіш бойынша дүние жүзінде бірінші орында – Оңтүстік Америка. Орман ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалағанда ағаш сүрегінің қоры дейтін көрсеткіш бірінші дәрежелі маңызға ие. Бұл жағынан Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка алда. Жекелеген мемлекеттер арсында ағаш сүрегі қорлары жөнінен төрт ел: Ресей, Канада, Бразилия, АҚШ жетекші орындарды алады.Осының өзінде көптеген елдерде ормандар емес ағаш сирек өскен алқаптар көп. Орман мүлдем жоқ, өте аридтік жағдайдағы елдерде бар (Бахрейн, Катар, Ливия және т.б.).
Дүние жүзінің орман ресурстарының картасында ұзыннан ұзақ созылып жатқан және орман алқаптарының аумағы жөнінен де, ағаш сүрегәінің қоры жөнінен де шамалас екі орман белдеуі – солтүстік орман белдеуі мен оңтүстік орман белдеуі анық аңғарылады.