Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі. Еңбек заттарын өңдеуде негізінен әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының комплексі. Іштей химия және мұнай-химия, кен-химия (фосфорит, апатит, ас тұзын өндіру және байыту т.б. алу), негізгі химия, жасанды талшық, талшықтар, синтетикалық шайыр және пластикалық массалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, сыр, эмаль т.б. өндіру), химия және синтетикалық бояғыштар, кен-химия, тұрмыстық химия. Мұндай химия өнеркәсібі синтетикалық каучук негізгі органикалық синтетика өнімдерін өндіру, резина-асбет өнеркәсібі жатады.Химия өнеркәсібінің кәзіргі салаларын (синтетикалық амиак және оны азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер, күрделі анимин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды талшық, шина өнеркәсібін) дамытуда.Химия өнеркәсібі республика ауыр индустриясының халық шаруашылығында жалпы ғылыми техникалық прогресті қамтамасыз ететін барынша серпінді салалардың бірі. Бұл салада ешқандай қалдық болмайды. Химия өнеркәсібінің саласы белгілі бір өндірістің қалдықтарын пайдаланып өнеркәсіп үшін тиімді жаңа материалдармен халық тұтынатын тауарлар шығарады. Жоғарғы сатыда дамыған химия өнеркәсібі болмайынша ауыл шаруашылығы тиісті деңгейде өркендеуі мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы химия өнеркәсібінен минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды алып отырады. Қазақстанның химия өнеркәсібі 3 саладан тұрады.
1.Негізгі химия.
- Кен химия
3.Органикалық синтез химиясы.
Республикада химия өнеркәсібін дамытуға қажетті шикізат базасы фосфорит, барит, бром, ас тұзы және калий тұзы, натрий сульфаты өңделген мұнай мен кокс химиясының қалдықтары түсті металлургия кәсіпорындарының күкіртті газы бар. Қаратаудың Батыс беткейінде өсетін дермене Батыс Қазақстанда кездесетін қыша секілді жабайы өсімдіктердің химия өнеркәсібі үшін зор құндылығы бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда жақсы дамыған кен химия химия өнеркәсібі мен негізгі химия қазба химиялық шткізаттарды өндіру мен биорганикалық қышқылдар фосфор, күкірт және минералды тыңайтқыштар өндіру мен шұғылданады. Органикалық синтез химиясының салалары жақсы дамыған. Бұл салада синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмассалар өнеркәсібі бар. Қазақстанның химия өнеркәсібі Оңтүстік және Батыс Қазақстанда өте мол фосфорит қорларына мұнай, газ өнеркәсібінің дамуына металлургия өнеркәсібінің күкірт газын пайдаға асыруда Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы әртүрлі тұздарды т.б. химиялық шикізаттарды пайдалануға негізделген. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев таблицасының 110 элементтерінің 99-ы аталған 78-і табылған, ал 60-н астамы пайдаланады. Қазақстан фосфариттерінің 64,7%-н, азбестінің 20,1%-і, бариттердің 81,7%-і, калций корбидінің 40%-н өндіреді. Қазақстанда химия өнеркәсібінің дамуына және қалыптасуына Бөген және Шаян өзендерінің жағасында өсетін дермене жусалы негізінде Шымкент Сантанин заводын тұрғызудан қарапайым тұз кәсіпорындарын шағын және желім қайнату кәсіпорындарының пайда болуына мүмкіндік туғызды. Химия өнеркәсібінің дамуы бірнеше бағытта жүріп келеді.
1.Орасан мол фосфарит қорларын игеру және фосфорлық тыңайтқыштарды өндіру.
- Түсті және қара металургияның күкірт қышқылының пайдаға асру.
- Мұнай ,химия синтез өнімдерін өндіру.
4.Шаруашылық айналымға әр түрлі тұз қорларын енгізу және т.б.
Фосфаридтік кендерінің орасан зор қорлары Оңтүстік және Батыс Қазақстанда Қаратау және Ақтөбе фосфаридтерның негізінде ірі фосфор өнеркәсібінің қалыптасып дамуына себеп болды. Қаратау фосфор бассейіні соғыстың алдында барланған. Осы бассейін негізінде алдымен Қаратау кен-тау химия конбин Тараз Супер фосфат заводы салынды. Қаратау комбинатының 2-ші кезеңін құру басталды. 60 жылдары Жамбыл, Қаратау аймақтарының өндіріс кешені қалыпты. Қаратаудың фосфаритті негізінде Шымкент фосфор бірлестігі және Орта Азия Республикасының бірнеше химия өнеркәсіпорындары жұмыс істейді. Тек қана Қаратау бассейінде Қазақстанның фосфор кенінің 80%-ы шоғырланған.
Қаратау фосфоридінің құрамындағы ерекшелігі магнит тотығы жәіне май корбанат барлығы. Осы себептер оларды фосфорлық тыңайтқыштар алуға тікелей пайдалануға жарамсыз болып келді. Өйткені фосфорлардың шикізатқа магнитінің болуы тыңайтқыштарды су тартқыш қылады. Ал корбанат күкірт қышқылының шығынын өсіреді. Сондықтанда Қаратау фосфаридінен қыздыру әдісін пайдалану қажет. Өскемен, Ленинагор, Балқаш және Жезқазған қалаларында күкірт қышқылы шығарылады. Шикізат ретінде металургия өнеркәсібінің қалдық күкіртті өнеркәсібі пайдаланады. Теміртауда Қарағандыды көмірін кокстеуден шығатын қалдықтарды пайдаланып амоний сульфаты өндіріледі. Өскемен титан магний комбинатында қосымша өнім ретінде аздаған мөлшерде каллий тыңайтқыштары шығарылады. Ақтөбеде бром қосылыстары заводы Атырауда полиэтелен, Ақтауда пластмассалар заводы жұмыс істейді.Күкірт қышқылы. Сусыз күкірт қышқылы-түссіз май тәрізді сұйық. 10,37 градус С-та қатаяды. Күкірт қышқылы күшті тотықтырғыш,қыздырғанда көміртек, күкірт және көптеген металдардан (Cu,Hgт.б.) оңай тотықтырып, өзі күкіртті ангидридке дейін тотықсызданады. Егер тотықсыздандырғыш күшті болса, күкірт не күкіртті сутек түзіледі. Сұйытылған күкірт қышқылының тотықтырғыш қыщқылдық қасиеттері басқа күшті қышқылдар тәрізді сутек ионына байланысты.
Су ерітіндісінде ол Н+ және НСО4- иондарына диссоциацияланады. Na2SO4және бисульфаттар NaHSO4 түзеді. Көптеген тұздардың халық шаруашылығында маңызы зор. Көмір қышқылының суда жақсы еріп, көп мөлшерде жылу бөледі. Сондықтанда оны еріткенде суға көмір қышқылын ептеп құяды, бірден көп құйса бөлінген жылудың әісерінен су қайнап, ыдыстан шашырап шығуы мүмкін. Концентрациялы күкірт қышқылы теріге тисе қатты күйдіреді, матаны ойып түсіреді, сондықтан күкірт қышқылы мен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Күкірт қышқылын алу үшін арнаулы пеште колчеданды (FeS2) өртейді немесе күкірт) (S) не күкіртті сутекті(H2S) жағады. Бұлардан түзілген күкіртті газды оттек пен күкірт ангидридіне дейін тотықтырып, оны суда еріткенде күкірт қышқылы түзіледі. Осы кезде күкіртті ангидрит көбіне түсті металлургияның қалдық газдарынан коксхимиялық заттар газдарынан алынады. Контакт әдісінде газ күйіндегі күкіртті ангидритті оттек пен не ауамен араластырып катализатордан өткізгенде күкірт ангидридіне айналады. Оны суда немесе сұйытылған күкірт қышқылында ерітеді. Нитроза әдісінде күкіртті ангидриті құрамында азот тотықтары еріген күкірт қышқылының ерітіндісімен (нитроза) өңдейді.SO2+N2O3+H2O= H2SO4+2NO
Осыдан шыққан азот тотығы оттек пен оңай тотығып, азот қос тотығына айналып, өндірістік цикілде реакцияға қайта түсе береді. Күкірт қышқылының түрлі қышқылдар мен тұздар, органикалық заттар, бояу, қопарғыш заттар т.б. алуға, сондай-ақ мұнай, металл өңдеуде, мата, былғары өнеркәсібінде қолданылады. Суперфосфаттар, аммиак сульфаты т.б. тыңайтқыштар алуда жұмсалады.