Қазіргі машина жасау саласына XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған салалар жатады. Олар: электроника, радиотехника, робот техникасы, ғарыштың т. б. өнеркәсіптер;XIX гасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болган салалар. Олар: әуе және әуе көлігі техникасы, бумен және жылумен жүретін (жүзетін) кеме жасау, халық шаруашылығы мен өнеркәсіптің көптеген салаларына қажетті автомобиль, құрал-жабдықтар, т.б. қосымша бөлшектер жасайтын салалар.
—Ескі машина жасау саласына XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда болған экономиканың алғашқы салаларына (ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы) қажетті металл бұйымдар (қүрал-жабдықтар, саймандар) жатады.Машина жасау Англиядағы өнеркәсіп революциясынан (XVIII ғ.) кейін бастау алды. Қазіргі өндірістер ішінде машина жасау саласы жұмысқа тартылған адам саны (80 млнға жуық) және Өнімнің құны жеңінен дүниежүзілік өнеркәсіп саласында бірінші орынды алды. Бұл салаға дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің 1/3-і тиесілі.Машина жасау салалары бірімен-бірі тығыз байланыста және құрылымы да өте күрделі. Ол машина жасау және құрал-жабдық жасаудан басқа, шаруашылықтың басқа салаларын да қамтиды (тұрмыстық және мәдени бұйымдар жасау, т.б.). Өндірілетін өнім түрлеріне қарай машина жасау 70-тен астам салаларға бөлінеді.
Сонымен қатар өнім түрлеріне қарай машина жасау — энергетикалық, көліктік, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және өнеркәсіп салаларының технологиялық жабдықтарын шығарумен, т.б. айналысады.
Машина жасау өнеркәсібі өндірісі мынадай факторлар бойынша орналасады:
— еңбекті көп қажет ететін;
— ғылымды көп қажет ететін;
— шикізаттық;
— тұтыну.
Дамушы елдерде машина жасаудың бір саласы — металл өңдеу жақсы дамыған. Бұларда көлікті жөндеу шеберханалары, кең байыту өнеркәсібі және қарапайым ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жасау қалыптасқан.Дамыған елдердің ерекшелігі — олардағы машина жасау өндірісінің толық циклді электртехникалық саласы маңызының ұлғаюы, өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетінің жоғары деңгейде болуы.Соңғы 20 жыл ішінде дүниежүзілік машина жасаудың аумақтық құры-лымында елеулі өзгерістер болып жатыр. Егер бұрындары машина жасау өнімдерінің 9/10-ы «үлкен жетілік» елдеріне тиесілі болса, соңғы онжылдықта жаңа индустриялық елдер және Қытай, Ресей, Үндістан, Түркия, Бразилия, Мексика, т.б. елдердің үлесі ұлғайып отыр.Машина жасаудың станок жасау саласында алдыңғы орында Жапония, одан кейін Қытай, Германия, т.б. елдер тұр. Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасауда алдыңғы үштікке Жапония, Үндістан және АҚПІ кіреді.Дүние жүзінің экономикалық картасына қарап, машина жасаудың төрт аймағын бөліп көрсетуге болады (Солтүстік Америка, Шетелдік Еуропа, Шығыс және Онтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері).
Машина жасау дегеніміз – жеке детальдарды машина тараптарына біріктіру арқылы олардан механизм немесе агрегат, бұлардан белгілі бір машина құрастыру жұмысының жиынтығы.
Машина құрастыру ажырамалы және ажырамайтын қосылыс детальдарын біріктіріп жинастыру арқылы жүзеге асырылады. Құрастыру жұмыстары ауыл – шаруашылық машиаларда барлық жұмыстың 20-30 пайызына ал кейбір машина да 40 пайызға жуықтайды. Машина құрастыруда ажырамалы қосылыстар тойтару бпалғасы не машинасы, пісіру агрегаты, бұрғылау машинасы т.б көмегімен орындалады. Машина құрастыру кезінде детальдар өзара ауыстырымда болса оларды жинау құрастырда аранаулы жабдықтармен құралдарды тиімді пайдалану құрастыру жұмыстарын механикаландырудың және автоматтандырудың маңызы зор. Машина құрастыру жұмыстары заводтың арнаулы цехында жүргізіледі. Егер бір машина бір орында тұрып – ақ құрастырылатын болса, ол орнықты жағдайлардағы құрастыру деп аталады. Бұл тәсіл өте ауыр машиналараға тән. Ал жылжымалы құрастыру тәсілі кезінде машина тұғыры бір орыннан екінші орынға арнаулы конвейер арқылы жылжиды. Арнай бір орынға келгенде оның белгілі бөлігі құрастырылады.
Жылжымалы құрастыру жұмыстары жеке – жеке жұмыстарға бөлінеді. Әрі бір – бірімен өзара байланыстырады.
Машина құрастыру машинажасау өнеркәсібінің ең соңғы және жауапты кезеңі болып саналады.