Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуде және еліміздің экономикалық дамуын арттыруда машина жасау кәсіпорындарының маңызы зор. Машина жасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын станоктарды, көлік экспорттары мен аспаптарды, ауыл шаруашылығы машиналарын жасап шығарады. Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуын, өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Машина жасау республикамыздың материалдық-техникалық базасын құруда жетекші роль атқарады. Машина бөлшектерін жасайтын, дайын тетіктерден машиналарды құрастыратын жеке және арнаулы кәсіпорындар бар. Еліміздің жеке аудандарының табиғи-экономикалық жағдайларын дұрыс пайдалану, машина жасау өнеркәсібіндегі тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайтады. Сондықтан шикізатты көп қажет ететін бөлшектер шығаратын машина жасау кәсіпорындары шикізат көзіне, машина құрастыру кәсіпорындарына сондай-ақ тұтыну аудандарына мүмкіндігінше жақын орналастырылады. Машина жасау өндірісі ұйымдастырудың және кооперативтендірудің дамуына байланысты дамиды. Машина жасау зауыты бір-бірімен тығыз технологиялық және өндірістік байланыстары бар машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты – қара және түсті металдар. Бұрын машина жасау өнеркәсібінде шойын, болат, латунь, қола ғана пайдаланылған болса, қазіргі кезде жоғарғы температураға шыдамды, коррозияға берік болттың көптеген түрлері пайдаланылады. Сонымен қатар әр түрлі металдар, оның ішінде, сирек кездесетін металдар, шыны, пластмасса қолданылады. Жаңа материалдардан реактивті қозғалтқыштар, газ құбырлары, атом ракеталары, бақылау қондырғылары және басқа бөлшектер жасалуда, машина жасау салаларына көп мөлшерде бояу менлак қажет.
Машина жасау – түрлі машиналар мен олардың тетіктерін, құрал-жабдықтармен аспаптар жасайтын өнеркәсіп саласы. Ол шаруашылықтың барлық салаларын еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді. Алуан түрлі өнімдер шығарғанымен, машина жасау зауыттарының бәрінің технологиялық процесі біртектес. Олар дайындама жасау, тетіктер өндіру және дайын тетіктерді құрастырудан тұрады. Соған сәйкес , машина жасау зауытында құю, ұста-пресс, механикалық және құрастыру цехтары болады. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнім түріне қарай; ауыр машина жасау, электротехникалық машина жасау, көліктік машина жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, құрылыс және жол машиналарын жасау, сондай-ақ станок және аспап жасау б.т.
Кез келген машина жүздеген, тіпті мыңдаған тетіктерден тұрады. Электровоз жасау үшін 210 мың тетік, бір ұшақ жасауға 120 мың тетік керек. Осы тетіктердің барлығын бір зауытты жасау ыңғайсыз әрі тиімсіз. Сондықтанда негізгі зауыт дайын өнім жасауға бірлесе қатысатын басқа кәсіпорындармен бірігеді.Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан көшірілген зауыттар Қазақстанның қалаларына орналастырылып, машина жасау өнеркәсібі дами бастады.Мыс; 1941 ж Мәскеу, Воронеж, Харьков қалаларынан көшірілген зауыттар Шымкент өаласындағы пресс-автомат зауыты, Петропавл изолятциялық материалдар зауыты және Ақтөбе рентген аппараттары зауыты Астана машина жасау зауытына бөлшектер жеткізіп отырды. Тың игеруге байланысты Павлодар трактор зауыты салынды. Ең алғашқы трактор 1968 ж. Конвейерден шықты. Металды пайдалануына байланысты машина жасау салаларының бір-бірінен айырмашылықтары бар. Машина жасау өнеркәсібінің әр түрлі салалары металды бірдей мөлшерде пайдаланбайды. Металдары көп қажет ететін машиналарға; Кен қазатын комбайндар, экскаваторлар, қуатты автосамосвалдар, трансформаторлар жатады. Алматы ауыр машина жасау зауыты – түсті және қара металлургия, химия комбинаттары үшін күрделі құрал-жабдықтар, бұрғылау машиналарын, крандар мен кен қазатын комбайндар шығаруда.
Кентаудағы экскаватор зауыты — Өскемен электр станциялары үшін қажет жабдықтар жасайды. Ал мұнай мен газ өндіру өнеркәсібінің құрал-жабдықтары Атырау, Ақтөбе, Павлодар қалаларыындағы зауыттарда жасалынады.Шымкент қаласында алып пресс – автоматтар шығаратын зауыт жұмыс істейді. Бұл зауыт басқарушы құрылғылары мен автоматты желілері бар жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған станоктар жасайды. Зауыт өнімін дүние жүзінің көптеген елдеріне шығарады. (Аргентина, Канада, Бразилия, Уругвай). Шымкент пресс-автомат зауытының станоктары халықаралық стандарт деңгейіне сай.
Қазақстанда бүгінгі күнге дейін автомобиль құрастырушы ретінде 1996 ж. Алматыда құрылған «УСКЕР — ГАЗ» кәсіпорны белгілі. Мұнда жүк тасымалдайтын машиналарды, кішігірім автобустарды құрастырады. Бұрынғы №1 Алматы авто жөндеу кәсіпорнында «Газель» микроавтобусы мен «КамАЗ»-дың 3 түрін құрастыру қолға алынды. Татарстанның Набержный Челны қаласындағы ауыр жүк тасымалдайтын Кама автомобиль зауытынан екі ел арасындағы өзара келісім бойынша Оңтүстік астанаға машина жасау кешендері әкеленеді. 2001 ж бастап 100-ден аса жүк машиналары құрастырылып, олар шаруашылыққа тартылды. «Ускер -ГАЗ» кәсіпорны-мұнайшылар мен геологтар үшін арнайы автомобиль техникаларын отандық зауыттармен бірлесіп шығаруда. Бұдан басқа келешекте жол машиналарын шығаратын зауыттармен бірлесіп қызмет көрсету нұсқалары талқылануда. Бұл жүзеге асқан жағдайда «КамАЗ» автомобиль базасының негізінде Қазақстанда бензин және су тасымалдайтын машиналар құрастырылады деп күтілуде.