Шойынды, болатты және прокатты жекелей шығаруға да болады. Бірақ оларды алуды бір кәсіпорында – комбинатта біріктіру үнемдірек болып келеді. Өндірістің аталған үш сатасын да біріктіретін өндірісті (шойын, болат және прокат алу) толық циклді металлургия комбинаты деп атайды.
Құрамдастыру технологиялық процестердің іздіксіз жүруін қамтамасыз етіп, дайын өнімді алуды жылдамдатады, көлік шығынын азайтады.
1т.шойын алуға орта есеппен 1,5 тоннадан көмір мен кен керек. Сондықтан, толық циклді комбинаттарды шикізат, отын тазаларының маңында немесе олардың ортасында орналастырады. Бұл – орналастырудың ең негізгі принципіне жатады. Сонымен қатар сумен, электр энергиясымен, табиғи газбен қамтамасыз етілуі және экологиялық фактор ескеріледі.
Біздің еліміздегі толық циклді өндірістік жалғыз кәсіпорын – Теміртау қаласындағы «МитталСтилТеміртау» АҚ болат құю комбинаты (бұрынғы Қарағанды металлургия комбинаты). Ол шойын мен прокаттың 100%-ын, болаттың 95%-ын өндіреді. Ол отын-шикізат базасына қатысты алғанда қолайлы орналасқан.
Комбинат прокат табықтарын шығаруға маманданған.
Өнімнің пайдалану мерзімін ұзартатын қорғаныс беті (алюминий, мырышпен қапталған) болат табақтарын шығарады. Консерві зауыттарын даярлау үшін қалайымен қапталған жұқа табақшалар (ақ қаңылтыр), ал тұрғын үй шаруашылығы үшін су және газ құбырлары шығарылады.
Прокат орнағы (станы) үшін көп мөлшерде электр энергиясы мен су қажет (салқындату үшін). Сондықтан комбинаттың өз жылу электр орталығы (ЖЭО) бар. Судың бір бөлігі Сәтбаев атындағы каналдан (Ертіс-Қарағанды-Жезқазған) келеді.«Миттал Стил Теміртау» мамандануын кеңейтіп келеді: ол Теміртауда (сортты прокат алу) және Ақтауда (үлкен диаметрлі құбырлар шығару) жаңа өндіріс түрлерін ашуда.Комбинаттармен қатар толық емес циклді қайта балқыту зауыттары бар. Олардан шойын алынбайды, болатты мемалл сынықтарынан балқытып, прокатқа «айналдырады».Қарағанды метталлургия комбиаты қайта балқыту зауытынан бастау алды (ол әлі де комбинат құрамында жұмыс істейді.). Қайта балқытудың жаңа орталығы – Павлодар қаласы. Онда шағын «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы болат балқыту зауыты бар. Оның өнімдері – болат, спортты прокат, мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті құбырлар.Қайта балқыту зауыттарын шикізат базасы мен тұтынушылары бар, машина жасау саласы дамыған аудандар орналастырады. Қара металлургияға ферроқорытпа өндірісі, яғни темірдің марганецпен, хроммен, басқа да қоспалық металдармен, кремнимен бірге қорытылуы да жатады. Оларсыз сапалы металлургия қалыптастыру немесе жеңіл, ыстыққа төзімді, тот баспайтын болат балқыту мүмкін емес. Болаттың ондай түрі ғарыштық, авиациялық, кеме жасау өнеркәсіптеріне қажет. Сондықтан, шығарылатын ферроқорытпалардың түрлері мен мөлшері жалпы металлургияның деңгейін көрсетеді.
Қазақстандағы ферроқорытпа өндірісі шикізатпен жақсы қамтамасыз етілген. Хромның қоры жөнінен біздің еліміз әлемде екінші орын (Оңтүстік Африка Республикасынан кейін), ал марганец қорынан үшінші (Украина мен ОАР-дан кейін) алады.Хром кені Дөң КБК-да (Хромтау қаласы), ал марганец – Жезді және жаңа, қуаттырақ Жәйрем КБК – да өндіріледі.1 т ферроқорытпа шығару үшін 10 мың квт.сағ электр энергиясы жұмсалады. Өнім бірлігіне көп мөлшерде электр энергиясын тұтынатын өндіріс – энергияны көп қажет ететін өндіріс деп аталады. Оларды орналастырудағы басты фактор – энергетикалық фактор болып саналады.Біздің еліміздегі ферроқорытпаның негізгі бөлігін Ақтөбедегі және әлемдегі ең үлкен Ақсудағы 2 зауыт шығарады. Олардың негізгі өнімдері – феррохорм, одан басқа ферросилиций мен басқа да күрделірек қорытпалар.Қара металлургия – Қазақстанның маңызды экспорттық саласы. Темір кенінің жартысы, балқытылған ферроқорытпалардың ¾-і мен прокаттың 90%-ы шет елдерге жіберіледі. Бұл өнімдерді негізгі сатып алушылар – Ресей, Қытай және Еуропа елдері.