Көмір өнеркәсібі- ауыр индустрияның аса маңызды салаларының бірі. Ол қазба көмірді өндіру және өңдеу(байыту және брикеттеу ) шараларын қамтиды. Көмір өнеркәсібі халық шаруашылығының ең көне саласы.
Қазақстанда көмір өнеркәсібінің тууы ХІХ ғасырдың ортасына жатады. 1855ж. Қарағанды, 1869ж. Ленгір, 1895ж. Екібастұз көмір кен орындары іске қосыла бастады. Шағын рудниктер мен заводтар және жергілікті халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өлкеде кішігірім көмір кен орындары да пайдаланылды.
Халық шаруашылығын индустрияландыруға байланысты Қазақстанда көмір өнеркәсібі 30 жылдары Қарағанды бассейнін қарқынды игеру негізінде кеңінен дамыды. Бұл көмір кен орнының КСРО-ның ірі көмір базасына айналуына себеп болған оның ұтымды географиялық орналасуы, көмірдің мол көзі және оның кокс өндіруге жарамдылығы.
Қарағанды көмір бассейнінің маңызының өсуіне себеп біріншіден, оған жақын жерде мол темір, марганец және жез рудаларының ашылуы, сөйтіп металлургия, тау-кен, химия және өнеркәсіптің басқа салаларының дамуына қолайлы жағдай тууы; екіншіден, Қарағандының оның өнімін пайдаланатын Оралға, Еділ бойына және Орта Азияға жақын орналасуы.
Көмірдің геологиялық қоры 51млрд. тонна деп бағаланады және ол 3000 шаршы км тығыз қабатта жатыр. Қарағанды көмір қорының 40%-ы кокс шығаруға жарамды. Көмірдің құрамында күкірттің және фосфордың аздығы сапалы кокс өндіруге мүмкіншілік береді, ал бұл болса азкүкіртті және азфосфорды шойын өндіруге өте маңызды.
Павлодар облысында келешегі мол Екібастұз көмір кен орны орналасқан. 1954жылы Екібастұз бассейні іске қосылды. Көмір қабатының геологиялық жағдайы кенді ашық тәсілмен қазуға мүмкіншілік беруі бұл бассейннің бірегейлігін дәлелдейді.
Отын-энергетикалық құрылымын талдау, республикада қат-қабат пеш пайдаланатын бу жіберетін қазандар орнатылған кәсіпорындарға қажет арзан көмірлер жетіспейтіндігін көрсетеді. Бұл себептен Павлодар облысындағы Майбөкен бассейнінде көмір шығаруды молайтудың маңызы өте зор. Бұл бассейннің көмірі жоғары сапалы, жеңіл балқытылады және арзан. Мамандардың пікірі бойынша, келешекте Майбөкен көмір кен орнында жылына 20-25млн. тонна көмір шығаруға болады.
Қостанай облысының шығыс жағында Обаған басейнінде ірі көмір қоры барланған, оның геологиялық қоры 50млрд. тоннадан астам.
Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуына байланысты мәселелерді шешу кезінде екі күрделі байланысты екі негізгі технологиялық және экономикалық тиімділігін ескеру қажет. Біріншісі, көмірдің әртүрлі қасиетінің сапалық сипаты оларды халық шаруашылығында пайдаланудың ерекшелігін ескеруді қажет етеді; екіншісі, көмір өнеркәсібінің экономикалық тиімділігінің деңгейін көрсетеді.
Соңғы жылдары көмір өндіру өнеркәсібі біршама шапшаң дамып келеді. Мұның өзі энергетикалық жағдайдың шиеленісуімен байланысты. Көмір өндіретін негізгі елдерге ҚХР, АҚШ, Ресей, Польша жатады. ҚХР-да көмірдің көбі елдің шығыс аудандарында өндіріледі. АҚШ-та көмірдің басты бассейні Апалачи, мұнда көмір ең жақсы жағдайда өндіріледі, 60% ашық әдіспен өндіріледі. Ресейдің ірі көмір шығаратын аудандары Кузнец және Иркутск.
Дүние жүзілік нарықта көмірдің бәсекелестік қабілетінде оның өзіндік құны аса маңызды рөл атқарады. Ал мұның өзі ашық, қазып алу мүмкіндігіне көмір қабаттарының қалыңдығымен орналасу ерекшеліктеріне байланысты.
Көмірді экспортқа шығарушы,өндіру жағдайлары жақсы елдерге АҚШ, Ресей, ОАР жатады. Қоңыр көмір өндіру жөнінен Германия дүние жүзінде бірінші орында. Көмір металлургияда, электр энергетикасында, коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен пайдаланылады, шикізат ретінде химия өнеркәсіптерінде қолданылады. Кокстелетін көмірден кокс алу барысында газ және шайыр бөлініп шығып, азот тыңайтқышын, пластмасса, синтетикалық талшық, бояғыштар жасауда қоспа ретінде қолданылады. Қазақстан Республикасы көмір ресурстарымен толық қамтамасыз етілген. Республикамызда көмірдің геологиялық қоры 162млрд. тонна. 1950ж. орта кезінен бастап Екібастұз көмір алабы жағынан Қарағанды көмір алабынан басып озып, қазіргі кезде негізгі көмір кен орындары Майкүбі, Шұбаркөл кен орындарымен бірге жұмыс істей бастады . Семей полигоны жабылған соң Қаражыра көмір кен орны игеріле бастады. 1990 ж. болған экономикалық дағдарыстан кейін көмір өнеркәсібі қайтадан ік құны жоғары болады. Байытылған көмір – брикетке айналып, тұтынушыларға жіберіледі. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар – Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық зауыты мен электр станциялары. Екібастұз көмір алабы шеткеректе орналасқанымен мемлекетіміздің көптеген өнеркәсіп аудандарымен темір жолдар арқылы байланысқан. Екібастұз көмірі тас көмір болғанымен, күлі көп, сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Екібастұз көмірі республикада өзіндік құны ең арзан көмір болып табылады. Екібастұз көмір алабынан оңтүстікке қарай Майкүбі қоңыр көмір алабы кездеседі. Көмірі төмен сапалы, бірақ күлі аз, құрамында күкірті аз болып келеді. Бұл көмірді байытуға, брикеттеуге, сонымен бірге ұзақ уақытқа сақтауға болады. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылыққа пайдалануға таптырмайтын көмір түрі. Майкүбі көмірін ашық әдіспен алады, өзіндік құны арзан.