Газ өнеркәсібі мұнай өнеркәсібіне қарағанда жас салалардың бірі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай-газ алабынан басталады. Соған дейін тек қана мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды игерумен шектеліп келді. Газ өндіру көлемі көп жылдар бойы баяу жылжыды. Оның серпіліп кең көлемде өндірілуі КПО консорциумының Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды. Қарашығанақ республикамыздағы газ өнеркәсібінің өркендеуін жеделдетіп экспортқа шығаруға мүмкіншілік берді. Отынның ішінде газ — жоғары қуаттылығы бар, салыстырмалы түрде арзан және тасымалдауға қолайлы. Сонымен бірге химия өнеркәсібінің құнды шикізатының бірі. Оны — пластмасса, химиялық талшық, синтетикалық каучук, азот тыңайтқышын шығаруда қолданады. Халықтың үй тұрмысында отынмен қамтамасыз етуде рөлі жоғары.
Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңа жол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұна-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу- Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады.Қазір республикамыз ілеспе газбен бірге табиғи газды да өндіруде. Оны негізінен газконденсат және газ кен орындары береді. Сондықтан да газ өнеркәсібінің географиялық таралуы мұнай өнеркәсібінің таралуымен парапар. Батыс Қазақстан — бұл өнеркәсіптегі жетекші облыс. Өндірілген шикі газ құрамында су, сұйық көмір, сутегі, күкіртті сутек кездеседі. Сол себепті де алғашқы кезде газ еліміздегі немесе шет елдердегі тұтынушыларға жеткізіледі. Газдың біраз бөлігі жоғары қысыммен арнайы ұңғыма арқылы мұнай қабатына жіберіледі. Мұндай әдіс мұнайды өндіруді жеңілдетеді.
Мемлекетіміздегі өндірілген газдың көлемі тұтынылатын газдың көлемінен артық. Бірақ мемлекет ішінде газбен қамтамасыз етілу толық дамыған.
Табиғи газ еліміздің 9 облысына ғана жеткізілген. Қалған облыстар МӨЗ-ы өндірген сұйық (ерітілген) газды пайдалануда Бұл жағдайлар тасымалдаушы газ құбырларының жоқ болуынан. Газ құбырларының жалпы ұзындығы, мұнай құбырларынан да ұзын (10000км-ден де жоғары). Онгың негізгі бөлігі транзитті газ құбырлары Орта Азия — Орталық (ОАО) және Бұхара — Орал. Осы құбырлар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстанның газы Ресейге, Украинаға, басқа елдерге жеткізіледі. Тек қана Бұхара — Алматы газ құбыры Қазақстанның оңтүстік аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Республикамыздағы өзекті мәселенің бірі бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.
Қазіргі кезде қазақстандық тұтнушыларға «ҚазТрансГаз А лматы» және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ры және компанияның еншілес кәсіпорындары жеткізіп береді.
Қазақстанның көршілері табиғи газды өндіру мен пайдалануда жоғары деңгейлі мемлекеттер болып табылады. Сондықтан географиялық орнына байланысты біздің еліміз арқылы газдың транзиттік бағыттары өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді әрі ұтымды пайдалану «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ тасымалдаау саласындағы стратегиялық міндеті болып саналады.
2007 ж. от жағу маусымы басталар алдында Қазақстанның оңтүстік облыстарында электр қуаттары тарифтерін төмендету де әлеуметтік шаралардың бірі болып табылады. Атап айтар болсақ республика Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік холдингі «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» АҚ-на Жамбыл ГРЭС-не қосымша көлемде табиғи газ жеткізу жөнінде тапсырма берген. Соған орай Өзбек газын жеткізу көлемін ұлғайту жөнінде ресейлік «ГазПром» ААҚ-пен уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал Жамбыл ГРЭС-дегі электр энергиясы тарифін алғашқы белгіленген әр кВт сағат үшін 6 теңгеден 4, 5 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Оның өзі шамамен 27-28% құрайды.