Мұнай өнеркәсібі географиясының маңызды ерекшеліктерінің бірі мұнай қорының 80 % -ға жуығының және өндірілетін өнімнің 50%-ның Таяу Шығыста және дамушы елдерде орналасуы.
Мұнай дүниежүзіндегі 90-нан астам елде өндіріледі. өндірілетін мұнайдың 40%-дан астамын ОПЕК елдері құрайды. Оның ішінде Парсы шығанағы жағалауындағы елдерге дүние жүзіндегі мұнай қорының 2/3-сі және өндірілетін мұнайдың 1/3-і тиесілі. Дүниежүзінде мұнайды өндіруден жектекші елдерге: Сауд Арабиясы, БАӘ, Иран, Ирак, Ресеий жатады. 20-ғасырдың кейінгі жартысында мұнай өндіру Қытайда, Қазақстанда қарқынды өрлеуде. Қазақстаннның 62% аумағы мұнайлы-газды деп саналады.
Парсы шығанағы елдерінен басқа мұнай Латын Америкасында, Солтүстік Америкада, Африкада, Батыс Еуропада, ТМД елдерінде сонымен қатар Австралия және Мұхиттық аралдарда өндіріледі.Дүниежүзіндегі өндірілген мұнайдың 40%-дан астамы халықаралық саудаға түседі. Дүниежүзілік шаруашылықта мұнайды өндіру және оны тұтынуда орасан зор аумақтық алшақтық байқалады. Оны жою мақсатында мұхит арқылы мұнайды тасмалдайтын мұнай көпірлері қалыптасты.Мұнайды шетке шығаратын елдер: Ресей, Ұлыбритания, Нарвегия, Мексика, Сауд Арабиясы, Қазақстан т.б. өңдеу мен айыру негізінен дамыған елдердің үлесінде. ҚХР-да мұнай өндірумен айналысып келуде. Ресейде мұнай өндіретін негізгі аудан Батыс Сібір ауданы.
Мұнай өндірудің бірден-бір жағдайын қатал көліктің жетуі қиын өңірлерге жылжуына байланысты оны өндіруге жұмсалатын шығындар едәуір өсуде.
АҚШ-та мұнай оңтүстікте, ал соңғы жылдары Аляска қайранында өндірілуде. Энергетикалық дағдарыс жылдарында бұл елдің мұнайды импорттау географиясы күрт өзгерді.
80 жылдардың ортасында мұнай бағасының күрт төмендеп кетуі ОПЕК-ке мүше елдердің мұнайды өндіруді азайтуға қатысушы елдері өндірудің жоғарғы есептерін қатаң есептеуге мәжбүр етті.
Мұнай тасмалдаудың негізгі бағыттары Парсы шығанағында аса ірі мұнай портттарынан басталып, Батыс Еуропа мен Жапонияға қарай ағуда.
Ең ірі танкерлер алыс жолмен Африканы айналып өтті.
Суэц каналы арқылы мұнай тасымалданады. ШығысЕуропа елдерін мұнаймен жабдықтауда Ресей басты орын алады.
Мұнай өнеркәсібі отын өндірісінде жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып табылады.