Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады.Ноосфера туралыілімнің негізін қалаған В.И.Вернадский ХХғ. ортасында адамзаттың шарушылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған.Одан бергі уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайые арта түседі;экологиялқ проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алады. Ғаламдық экологиялықпроблемалар түрліше сипатта; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы жатады.
Табиғи ортаның ластануы.Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келеді.Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіптік қалдықтармен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Ең «лас» өнеркәсіп түрлері тау-кен мен құрылс материалдарын өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, мұнай өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі жатады.ИМысалы, 1 т шойын өндіру барысында атмосфераға 4,5 кг қатты заттар, 2,7 кг күкіртті заттар, сондай-ақ мышьяк, қорғасын, сынап буы бөлініп шығады. 1 т алюминий алу үшін 38-47кг фтор пайдаланылады, кейіннен оның 65 0/0 атмосфераға шығарылады.Кен байыту фабрикаларының мұржаларынан улі түтіннің маңайындағы тірішілік үшін зияны шексіз. Химия өнеркәсібі ауға стирол, фенол, ацетон,күкірт диоксиді, күкірт ангидриді тәрізді улы қосылыстарды бөледі.Ал жылдан-жылға саны артып отырған автокөлік ауаны өнеркәсіптен кем ластамайды, қазіргі кезде оның үлесіне атмосфера ластануының 60 0/0 тиесілі. Қара қошқыл фотохимиялық тұманның
түзілуіне автомобильдер шығаратын газдар тікелей әсер етеді.
БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.
Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану қоршаған ортаға өзіндік қауіп қатер төндіреді.1986ж.сәуірде Чернобыль АЭС-інде болған жойқын апаттың зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің(МАГАТЭ) қызметі атом энергиясы өндірісін экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігі жоғары салаға айналдыруға бағытталған.
Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүние жүзі ғалымдары»жылыжай эффектісі» деп атаған қауіпті жағдайға апарып соғуы мүмкін.Оның мәнісі — көмірқышқыл газы күн сәулесін әйнек тәрізді өткізіп отырғанымен, жер бетінен бөлінетін жылудв өткізбейді, соның салдарынан климат жылынады.
ХХғ. 80-жылдарынан бастап жер шарындағы «климаттың ғаламдық жылынуы»туралы жиі айтылуда.Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшарында 2020 жылға қарай ауа температурасы қазіргімен салыстырғанда 2,50С-қа, ал2050 жылға қарай 40С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұздықтар көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлщерінің, желдер мен мұхит ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді.Нәтижесінде дүниежүзілік мұхиттың деңгейі көтеріліп, кейбір аралдар мен жағалауларды су басып қалуы мүмкін.Кейбір ғаымдар керісінше ауа температурасының жоғарылауынан оң нәтижелер күтеді:жоғары ендіктер есебінен ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ұлғаяды, Солтүстік теңіз жолын жыл бойы пайдалануға болады, жағалау сулары ірі кемелерді қабылдау мүмкіндігіне ие болады.Бірақ климаттың ғаламдық жылынуы Жер тіршілігіне қалай әсер ететіндігі айқын емес.
Озон қабатының жұқаруы проблемасы.Озон қабатының Жер ғаламшарын ғарыштан келетін ультракүлгін сәулелерден қорғайды. 1984жылы британдық ғалымдар Халли-Бей станциясына соңғы 10жыл ішінде атмлсфера құрамындағы озонның 400/0 –ға азайғанын анықтады.Бірнеше рет зерттеу сынақтарын жүргізген соң, 1985 жылы озон қабатының жұқаруы туралы әйгілі мақала жарық көрді. Ал америкалық ғалымдар 1978 жылдан бері жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Антарктида үстінде, әсіресе көктемге қарай озон мөлшерінің күрт азаятындығын анықтап, озон қабатының жұқару картасын жасаған.Озон қабаты жұқарған бөлік ауданы жағынан АҚШ жерімен шамалас болып шыққан. Ғалымдар арасында күтпеген тосын жаңалық болған бұл құбылыс атмосфера құрамында хлорфторсутекті қосылыстар – фреондардың көбеюі салдарынан болатындығы дәлелденеді.
Фреондар әсерінен озон қабатының жұқаруы мына жолмен жүреді.Қыс кезінде Антарктида үстіндегі атмосфера қабатында полюс маңы құйыны пайда болады.Ол материк үстіндегі ауа қабатын өзімен бірге қозғалысқа келтіріп, жоғары тартып әкетеді. Осы ауамен бірге көтерілген фреон ғарыштық сәулелер әсерінен ыдырап, оның құрамынан хлор бөлініп шығады. Хлор озон молекуласымен әрекеттесіп, пайда болған қосылыс төмен температура (-900С) әсерінен қатады.Көктемге қарай Күн сәулесі әсерінен бұл қосылыстар қайта ыдырап , енді озон мен хлор орнына оттек пен хлор түзіледі.Босап шыққан хлор қайтадан озон молекуласымен қосылып, озонды қайтадан оттекке айналдырады.Хлордың озон молекуласын ыдырату әрекеті тоқтаусыз жалғаса береді.Мысалы, 1 хлор атомы 10000 озон молекуласын ыдыратады.Сөйтіп көктемнің бірнеше аптасы ішінде Антарктида атмоферасының құрамындағы озон мөлшері 970/0-ға дейін азаяды. Жазда полюс маңындағы құйын әрекеті бәсеңдеп, озоны азйған ауа Жер шарының басқа аймақтарына ауысады. Антарктида үстіне басқа аймақтарын келген құрамында озон мөлшері жеткілікті ауа есебінен озон қабаты келесі көктемгі дейін қалпына келгендей болады.Қорыта айтқанда, Антартида үстінде фреондар әрекетінен жер шарының озон қабатының жұқаруы жылма-жыл қайталануда.Сонымен қатар озон қабатының жұқаруы Арктика үстінде де байқалуда, бұл құбылыс қоңыржай белдеудің кейбір бөліктерінде де тіркелген. Соңғы кезде ғалымдар озон қабатының жұқаруына дыбыстан жылдам ұшатын реактивті ұщақтар мен ғарыштық зымырандарды жиі ұшырудың да әсері болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Ауадағы ультракүлгін сәулелердің көбеюі адамдарда көз аурулары мен тері обырының жаппай белең алуына себепші болады. Сонымен қатар ДНҚ молекулаларын бұзу арқылы қайтымсыз өзгерістерге алып келуде. Озон қабатының жұқаруы Жер шарындағы тіршілік дүниесіне, адамзат өркениетіне зор қауіп төндіруде. Осы себепті бұл апатты құбылыс адамзаттың ғаламдық проблемасына айналып отыр. Озон қабатының жұқаруын мейлінше тежеу мақсатында 1985 ж.
Вена конвенциясы, 1989 ж. Монреаль хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды шектеуге қол қойылды.Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығы бұл шарттарды орындауға басты назар аударуда.
Ормандар аумағының қысқаруы. Қазіргі кезде дүние жүзінде ормандар құрлықтың 300/0-ын, яғни жалпы ауданы 4млрд га аумақты алып жатыр. Соңғы 200 жыл ішінде ормандардың ауданы 2 есеге жуық қысқарған.Жыл сайын жер бетінен жойылатын ормандардың шамамен 10 млн гектарын тропиктік ормандар құрайды.
Олардың тек 100/0-ы ғана қалпына келтіріледі.Орман алқаптарының жойылуына әсіресе апатты өрттер, қышқыл жаңбырлар, ағаштарды есепсіз себепші болуда. Дамушы елдерде орман алқаптары жайылымдар мен егістік жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында кесіліп, бағалы ағаш сүректері жоғары дамыған елдерге сатылады.Дамушы елдердің көпшілігінде кесілген ағаштар отын ретінде пайдаланылады. Ормандар ауа мен топырақ қабатының ластануынан да зардап шегуде.Мұның барлығы орман алқаптарының күрт азюына, түр құрамының жұтаңдануына себепші болды.
Атмосфераны ұдайы оттекпен байытып отыратын ормандардың жойылуы топырақтың құнарлы қабатының тез шайылуына, су режимінің өзгеруіне кері әсерін тигізеді.
Жер шарының көптеген аудандарында жүріп жатқан тақырлану үрдісі көбіне адам әрекетінен болатыны белгілі. Кезінде құнарлы болған жерлердің жұтаңданып, тозуынан жарамысз жерлер пайда болады. Шөлейттену көлемінің ұлғаюына табиғи және антропогендік факторлардың қатар ықпал етуі себепші болады. Антропогендік факторлар қатарына жайылымдық мал шаруашылығы әсерінен онсыз да сирек өсімдік жамылғысының жұтаңданып, топырақтың құнарсыздануы; жерді есепсіз жырту, ормандар мен бұталардың оталып, өртелуі; жолдар мен құрылыс салу нәтижесінде топырақ жамылғысының құрамының өзгеруі жатады. Жарамсыз жерлерге әсер етуші табиғи факторлар ретінде жел эрозиясы мен топырақтың беткі қабатын құнарсыздандыратын құйындар мен аптапты аңызақтарды атауға болады.Дүние жүзінде жарамсыз жерге ұшыраған аумақтар ауданы жыл сайын ұлғайып келеді.
Соңғы деректерге қарағанда, ХХ ғ. 2-жартысындағы адамның шаруашылық әрекеті әсерінен мұндай жерлердің ауданы 9 млн км2-ге артты. Ал 30 млн км2 аумақ жұтаңдануға таяу қалып тұр. Шөлейттену қүбылысы дүние жүзінің 100 аса елін қамтуда, ол әсіресе дамушы елдерді тұралатуда.Халық саны жедел өсіп келе жатқан бұл елдерде жылына 6-7 млн га құнарлы жердің жармсыздануы тұрғын халықты азық-түлікпен қатамасыз етуді қиындатады.Мысалы, Үндістандағы халық тығыз қоныстанған құрғақ аудандардың бірі – Тар шөлі. Үндістан жерінің 800/0 жуық ауық-ауық қуаңшылыққа ұшырауда. Сонымен қатар Африканың Сахель зонасында да шөлейттенудің түрлері байқалуда.Бұл аймақта ХХ ғасырдың 60-жылдарында басталып, ұзаққа созылған қуаңшылық 1973 ж. шырқау шегіне жетті. Соның нәтижесінде мал басы жаппай қырылып , Африканың көптеген елдерін аштық жайлады. Қуаңшылық жылдарында аймақтағы ірі өзендер қатарына жататын Нигер мен Сенегел өзендерінің де ағысы уақытша тоқтап, құдықтар мүлде кеуіп қалды.1980жылдары қуаңшылық пен шөлейттену Африканы түгелгдей қамтыды. Нәтижесінде 1985 ж. 1млн-нан аса адам қазаға ұшырап, 10млн адам экологиялық юосқындарға айналды.Материктің жекелеген бөліктерінде шөлейттенген жерлер 10 км-ге дейін ілгері жылжуда.Мұндағы апатты қуаңшылық халықаралық қауымдастықтың назарын аударуда. БҰҰ мен халықаралық ғылыми және қайырымдылық ұйымдары тарапынан апаттың алдын алу шаралары жүргізіп, жергілікті халыққа жан-жақты көмек көрсетілуде.
Елдердің экономикалық-экологиялық типтері.Шаруашылықтың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мақсатында өндірістің аумақтық-салалық құрылымын өзгерту, жаңа технологиялық енгізу, қалдықтарды өңдеу мен залалсыздандыру шаоалары жүргізілуі қажет. Экономикалық даму деңгейінің әр түрлі болуы елдердің экологиялық проблемаларды шешу мүмкіндігін де түрліше етеді. Іс жүзінде едің экологиялық саясатының нақты экономикалық жағдайға тәуелді болатыны белгілі.
Осы уақытқа дейін табиғи байлықты өте ысырапсыз пайдаланудың салдарынан табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Әсіресе біздің республикамыз экологиялық аптатты аймақ болып табылатындықтан ғаламдық тұрғыдағы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, табиғаттың тепе-теңдігін сақтау мақсатымен бағдарлама жасау керек.
Жалпы, дүниежүзілік шаруашылықтың қоршаған ортаға тікелей әсер етуінен болатын шығын әлемдік ЖІӨ нің 5-8 0/0 құраса, табиғатты қорғау мен қалпына келтіруге бөлінетін қаржы әлемдік ЖІӨ нің бар болғаны 10/0 ғана құрйды. Әрине бұл көрсеткіш елдер бойынша алшақтық жасайды. Бұл Б.Н.Зимин ұсынған елдердің
экономикалық-экологиялық топтамасынан айқын:
- экономикалық дамуы өте төмен деңгейдегі мешеу елдер; мұнда «экологияландыру» ұғымын елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер есебінен жүргізілетін табиғат қорғау шараларымен ғана байланыстыруға болады. Экологиялық талаптарды орындауға шақыру жергілікті тұрғындар тарапынан қарсылық табуда;
- даму деңгейі төмен елдер; мұнда табиғат қорғау шаралары шетелдіктер көмегімен ғана жүзеге асады. Экологияға қарсылық ресми тұрғыда емес, жекелеген аудандардағы наразылық түрінде көрінеді. Бұл топтағы елдер экологиялық шараларға, әдетте ЖҰӨ-нің 0,40/0 ғана жұмсайды;
- экономикалық даму деңгейі орташа елдер табиғатты қорғау мен ресурстар байлығын сақтауға қатысты әрекетті қаржыландыруға ЖҰӨ-нің 0,5-1,30/0 –ын бөледі.Экологиякалықшаралар қоршаған ортаға аса қауіпті өндіріс салаларына қатысты ғана жүзеге асырылады;
- Экономикалық даму деңгейі жоғары елдер;ЖҰӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші орташа 6000 АҚШ долларына тең болатын бұл елдерде экологиялық шарларды қаржыландыру жүргізіледі, бірақ ластану ластану көздерін мүлде жою қымбатқа түсетіндіктен экологиялық проблемалар толығымен шешілмеген;
- экономикалық даму деңгейі өте жоғары елдердің өндірісті түгелдей дерлік экологиялық тиімді жаңа технологияларға көшіруге, ластану көздерін залалсыздандыру қаржысы жетеді. Бұл топтағы елдер зиянды кәсіпорындарды дамушы елдер аумағына көшіруде, мұның өзі дүние жүзіндегі экологиялық жағдайы одан әрі нашарлатуда;
- табиғатты қорғау мен ресурс байлықтарын сақтаушы технологияларды енгізудің озық тәжірибесі бар елдер қалдықсыз технолгияға толығымен көшкен. Швейцария тәрізді кішігірім елде мүмкін болған бұл тәжірибе шаруашылық құрылымы өте күрделі елдерде қолданыс таба алмайды.
Жаңа геоэкологиялық стратегия.Экологиялық апаттың алдын алуға бағытталған шаралары жүзеге асыру табиғатты тиімді пайдалану үрдісінде жаңа көзқарасты талап етеді. Жоғары дамыған елдердің ХХ ғ. 70-жылдарынан бастап ресурс байлықтарын сақтаушы технологияларға көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді. Көптеген ғалымдар дамушы елдер жағдайында «батыстық үлгіні» қаз-қалпында енгізу мүмкін еместігін айтады. Бұл елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің әр түрлі болуымен және тұрғын халықтың өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі.Сондықтан дамушы елдердің өзіндік экологиялық саясатының балама жолдарын қарастыруы сөзсіз.
Ресурс сақтаушы және қалдықсыз технологияларды дамушы елдерде жаппай енгізу шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын түбегейлі өзгертпейінше мүмкін емес. Бұл ақыр соңында еңбек өнімділігінің артуына, өндірістің экологиялық қауіптілігін азайтуға себепші болар еді.
Шаруашылық құрылымын қайта құру байырғы өнеркәсіптік аудандардың мамандану бағыты мен жаңа аудандардың игерілу сипатын өзгертіп, еркін экономикалық аудандардың қалыптасуына, технополистер мен басқа да ғылыми-өндірістік бірлестіктердің пайда болуына апарып соқты. Индустриялық кезеңде басым болған жаппай өндірістің орнын ендігі жерді әр түрлі және сапалы өнімдер жасауға бағдарланған өндіріс алмастыра бастады. Бұл өз кезегінде, алдыңғы қатарлы құрал-жабдық пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа үлгілерін пайдалануды қажет етеді. Соның нәтижесінде жаңа индустриялы елдер жетекші дамушы елдерге «экспорттық өндіріс зоналары»қалыптасып дамуда.
Шаруашылықтың құрылымыың түбегейлі өзгеруі қызмет көрсету саласының үлесінің күрт артуына жағдай жасады. Бұл салада жұмыс істейтіндер саны жылдан жылға өндірістен қысқарған жұмыс күші есебінен де өсуде.Әсіресе халықаралық туризмнің бірқатар елдерде жедел қарқынмен дамуы халықтың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына, жергілікті жердегі көлік қатынасы мен туристерге қызмет көрсету сапасының артуына алып келді.
Тұрақты даму консепциясы. Адамзат өркениеті дамуының материалдық
негізі болып табылатын дүниежүзілік шарушылық қоршаған ортаға зиянды ықпалының ауқымы, ең алдымен, экономикалық даму деңгейімен анықталады.Соңғы онжылдықтырда дамушы елдердің басым көпшілігі қарқынды даму үстінде, бұл өз кезегінде адамзаттың табиғи ортаға әсерін күшейте түсуде. Қазіргі дүние жүзі қауымдастығы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесе шешу қажеттілігін түсінді деуге болады.
БҰҰ-ның 1992 ж Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және даму жөніндегі Дүниежүзіндегі конференциясынды тұрақты даму концепциясы қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдама табиғат пен қоғамның өзара үйлесім кездейді, мұндай жағдайда адамзаттың қазіргі сұраныстарын өтеу болашақ ұрпақтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін шектемейтіндей болуы қажет. Тұрақты даму концепциясының негізгі тұжырымдары мынадай:
1)адамдар табиғатпен үйлесімді түрде, экологиялық сауаттылық пен салауатты өмір сүру құқығына ие болуы керек;
2)қоршаған ортаны қорғау қоғамның даму үрдісінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет, сондықтан оны жеке қарастыру мүмкін емес;
3) қоршаған ортаны жақсарту мен сақтау қажеттілігін қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың алдына қойылатын мақсаты ретінде қарастыру керек;
4)елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және кедейлік пен қайыршылыықты жою;
5)елдер тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың осы мақсатқа кедергі келтіретін мәселелерін мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет.
Сонымен тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан 3 құрамдас бөліктің: экожүйелерді пайдалану, тиімді экономика, әділетті қоғамның басын біріктіреді. Ал тұрақтылық принциптері табиғат, экономика және әлеуметтік элементтерді біртұтас жүйе ретінде қарастырад. Географияны тұрақты даму концепциясына қатысты аталған бөліктердің кеңістік таралу заңдылықтарын зерттеумен анықталады. Олардың кеңістік ұйымдасу сипаты өзіндік заңдылықтары және аумақтық айырмашылықтары бар табиғи-аумақтық кешендер түрінде болады. Сондықтан тұрақты даму концепциясын елдердің экология саласында ғана емес, халықаралық қарым-қатынастар жүйесіндегі бағыт-бағдарын да анықтайтын құжат деуге болады.