2012 жыл көрерменге қазақстандық кинорежиссерлердің жарқыраған кинокөрсетілімдерімен есте қалды. Бір ғана «Жаужүрек мың бала» неге тұрады?! Жаңалыққа толы жылдың кейбір қорытындылары туралы біз мәдениетке тікелей қатысы бар, белгілі музыкант және дирижер Асқар Бөрібаевпен әңгімелесеуді жөн көрдік. Мәдениетіміз үшін маңызы зор оқиға – бұл А. Жұбановтың және Л. Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия (Германия) опералық театрының тарихи сахнасында қойылуы. Опералық жанрдағы қазақ шығармасы алғаш рет Батыс Еуропа сахнасында қойылды. Бұл халқымыздың музыкалық өнері әлемдік мәдениетте абыройлы орын алатынын мойындау. Бұл Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еуропаға жол» бағдарламасын өмірге енгізу. Маңызы зор іс – тарихи-мәдени мұрамызды сақтау. Көпке мәлім, 1987 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 24 сессиясында «Жібек жолы – сөйлесу жолы» Ұлы жібек жолын кешенді зерделеу бойынша халықаралық жобасы мақұлданды.
Өткен уақыт ішінде номинацияны жылжыту бойынша әр түрлі конференциялар, халықаралық экспедициялар, семинарлар өткізілді. Қазақстан, Орталық Азия елдері сияқты ЮНЕСКО «Ұлы жібек жолы» номинациясына ерекше ескерткіштерді жылжытуға белсенді қатысады. Осы жобаға деген қызығушылық қарастыруға Жібек жолының объектілерін немесе барлығын дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу мүмкіндігін әкелді. Қазіргі таңда біздің министрлікпен осы ескерткіштерді сақтау бойынша номинациялар мен менеджмент-жоспарларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жинақтарды дайындауды аяқтау 2013 жылдың қаңтарына белгіленген.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі көрмелер ұйымдастыру, ТМД елдерімен әр түрлі іс-шаралар өткізу арқылы тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау және жария ету болып табылады. 2012 жылғы қаңтардан бастап қарашаға дейінгі кезеңде Министрлік желісі бойынша 8 халықаралық көрмелер өткізілді. Соның ішінде Астана жылында «Астана – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шеңберінде 3 ірі мәдени шара өтті. Бұл түркі тілдес елдердің «Ару-Арт» қазіргі заманғы өнер галереясында ұйымдастырылған 9-шы фотосуретшілер кездесуі. Осы іс-шараның шеңберінде өте қызықты «Жаңа мыңжылдықтың жаңа астанасы» атты фотокөрмесі өтті. Осы кездесуге Астанаға Қазақстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Ресейдің, Молдавияның, Түркияның, Кипрдың кәсіби суретшілері, сонымен қатар ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының өкілдері келді. Сонымен қатар, 5 қыркүйек – 5 қазан аралығында Астанада 5-ші биеннале өтті (Биенна́ле (лат. bis — екі рет + annus — жыл) — түркі өнерінің мүсін өнерінің жылына екі рет өтетін әдеби көрме, кинофестиваль немесе музыкалық конкурс. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында ұйымдастырылған «Франция маржандары – француз өнері және Ренессанс дәуірінен бастап қазіргі кезге дейінгі мәдениет» атты халықаралық көрмесін ерекше атап өту керек. Көрмеге Лувр және Д’Орсэ, Помпиду орталығының, Франция ұлттық кітапханасының, Ұлттық гобелен мануфактуралары, Бове және Савонри мануфактураларының, Версаль сарайының және т.б Франция мұражайларының 400 астам бірегей шығармалары ұсынылды.
Мәдениетте тағы бір бағыт бар – бұл театр өнері. Қазақстанның театр өнерін қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен маңызды іс-шаралар өткізілді. Наурызда Алматы қ. шетелдік театр саңлақтарының қатысуымен «Қазіргі театрдағы дәстүрлер мен жаңалықтар» және «Театрлық сын және қазіргі театр процесіндегі оның рөлі» атты ХII Республикалық театр өнері қайраткерлерінің практикумы өтті. Оған Қазақстан театрларының директорлары, көркемдік жетекшілері және режиссерлер, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары мен студенттері, Қазақстанның театр қайраткерлері одағының өкілдері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері қатысты. Қыркүйекте Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге КСРО Халық әртісі Халық Қаһарманы, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, атақты кино және театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтың 80-жылдығына орай ХХ Республикалық Қазақстанның драма театрларының фестивалі өтті. Сонымен қатар, қыркүйекте Министрліктің келісімімен Жамбыл облысының әкімдігі «Дебют» республикалық жас режисерлер конкурсын өткізді, ал қазанда Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның проза және публицистикалық шығармалары бойынша республикалық жабық конкурсы өткізілді.
Қостанайда Мәдениет қайраткері жазушы Ілияс Омаровтың 100-жылдығына арналған Республикалық театр фестивалі өтті. Алматыда IV Халықаралық Орта Азия елдерінің театр фестивалі шеңберінде жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Дулат Исабековтың 70-жылдығына орай «Исабеков әлемі» атты Халықаралық театр фестивалі өтті. Жалпы, қазақстандық театрлар шетелде өтетін халықаралық іс-шараларға белсенді қатысады, солай қазақстандық көпұлтты театр өнерін насихаттайды. Биылғы жылы да біздің театрлар Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия және Корея елдеріндегі фестивалдерге қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Жолдауында моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударады. Осы тұрғыдан министрлікпен республикалық гастрольдік-концерттік ұйымдардың гастрольдік жоспары әзірленді. Ол «Отаным – бақыт мекенім» атты жобасының негізі болды, оның мақсаты – мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау, моноқалалардың тұрғындарының рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өнер мен әдебиеттің ұлттық және дүниежүзілік шығармаларын насихаттау, мәдени шараны ұйымдастыру және халықты эстетикалық тәрбиелеу. Осы іс-шараның маңыздылығы мен ерекшелігін ескере отырып, оны жүзеге асыру үшін жетекші республикалық шығармашылық ұжымдар тартылды.
2012 жылдың сәуірінен бастап республиканың 56 тұрғын пунктілерінде 15 республикалық ұйымдардың 15 гастрольдер өткізді. 8 моноқалаларда отандық фильмдер көрсетілді. Бұның бәрі халықта ерекше қызығушылық тудырды, сондықтан бұл тәжірибе келесі жылдары да жалғасатын болады.
Қазіргі таңда Министрлікпен жүзеге асырылып жатқан маңызды іс-шаралардың бірі халық шығармашылығының республикалық теледидардық көрсетілімі «Ел іші – өнер кеніші» атты бағдарламасы, бұл жаңа дарындарды айқындау және талантты, ерекше шығармашлық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, республиканың қалаларында, аудандық орталықтарында және облыстарында оларды дамытуға жағдай жасау. Халық таланттарын іздеу мамырда басталды. Оған қатысу үшін дербес ұжымдар мен орындаушылар 15 – 35 жас арасында шақырылды. Өз таланттарын көрсету үш номинацияда ұсынылды: «Ән және би», «Театр өнері және өзіндік жанр», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері». Ымырасыз жарысудың нәтижесінде ең үздік ансамбльдер мен орындаушылар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері астаналық Конгресс-холл сахнасында кездесті. Конкурстың финалына еліміздің әр түрлі аймақтарынан әртістер мен шығармашылық ұжымдар келді. Мұндай жобалар мәдениетті сақтауға, дамытуға және таратуға әсер етеді, жастарды патриоттық тәрбиелеуге қолдау көрсетеді.
Осы жылы тәуелсіз Қазақстан әр түрлі мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқанына 20-жыл толуын атап өтті. Мерекелік оқиғаларда мәдени байланыстар, көршілес және алыс штел елдерімен қарым-қатынастар ерекше орын алды. Тамызда Бішкекте Қырғызстандағы Қазақстандық Мәдениет күндерінің ресми ашылуына орай гала-концерт, сонымен қатар, бейнелеу өнерінің көрмесі өтті. Мұнда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы қорларынан суреттер ұсынылды. Мәдени іс-шаралар мен концерттер Қырғызстанның астанасында ғана емес, Талас және Қант қалаларында да өтті.
Бұл жылы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20-жылдығын Қазақстан мен Түркия да атап өтті. Кейінгі 20 жылда біздің елдеріміз Мәдениет күндерін сәтті өткізіп келеді, онда екі елдің халықтары бір бірінің тарихы мен өнерін танып білуде. Биылғы жылы Қазақстан мен Түркия елдерінің Мәдениет күндері Стамбулда өтті. 10 — 12 қазан аралығында түркі көрермені қазақ өнерінің атақты шеберлерінің шығармашылығымен тамсана алды. 10 қазанда «Ежелгі көшпенділер алтыны және Қазақстанның зергерлік өнері» көрмесінің ашылуы болды, 12 қазанда Қазақстанның өнер шеберлерінің шығармашылық концерті өтті. 2012 жылдың 9 қазанында Мәскеуде Ресейдің Үлкен театрында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанына 20-жыл толуына орай Мерекелік концерті өтті. Концертке екі елдің басшылары қатысты. Әр түрлі жанрда өткен гала-концерт Қазақстан мен Ресейдің халқы бірге келе жатқандығын және қызметтің барлық салаларында өзара сәтті бірге әрекет ететінін растайды.
9 -11 қыркүйегі аралығында Астанада Қазақстан Республикасындағы Въетнам Социалистік Республикасының мәдениеті күндері өтті. Олардың салтанатты ашылуында Бейбітшілік және келісім сарайында Куан Хо билері мен әндері ұсынылды. Бұл Солтүстік Въетнамның Кинь Бак халық әндері. Куан Хо әндері 2009 жылы ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұрасы болып танылды. 20 қарашада Астанада Қазақстандағы Ланкиялық мәдениет күндері өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуға арналған.
Қазақстанда 2005 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен Астана күніне орай жыл сайын өткізіліп келетін «Опералия» халықаралық фестивалі өтті. Астанада өтетін мәдениет саласындағы ең ірі ауқымды акциялардың бірі. «Опералия» фестивалінің арқасында Астана қонақтары мен тұрғындары әлемнің ең үздік театрларының атақты опера өнерімен және орындаушыларымен танысу мүмкіндігін алды. Қазіргі жылы фестиваль ең жоғары деңгейдегі әртістерді жинады. «Әлемдік балет жұлдыздары» гала-концертінің бағдарламасында әйгілі бишілер Арионель Варгас (Англия), Дерек Данн, Мария Ковроски, Аск ля Кур Расмуссен (АҚШ), Ма Сяньдон, Чжан Синьлю (Қытай Ұлттық балеті), Хуан Кая, Шига Якуе (Жапония), Үлкен театр орындаушылары Екатерина Крысанова, Владислав Лантратов (Ресей), сонымен қатар К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының орындаушылары Мадина Басбаева, Таир Гатауов қатысты. Сондай-ақ, Астана мен Алматыда итальяндық Еуропаның алдыңғы қатардағы театрларының орындаушылары Джузеппе Варано мен Сильвии Далла Бенеттаның қатысуымен «Әлемдік опера жұлдыздары» гала-концерті өтті.
Маусымда Астана Қорқыт атындағы түркітілдес елдердің дәстүрлі орындаушыларының өнері фестивалінің қонақтары мен қатысушыларын қабылдады. Ол үш номинация бойынша өтті: қобыз, үрлеу және таяқпен ойнайтын аспаптар. Оның негізгі мақсаты – түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы ретінде Қорқыттың музыкалық мұрасын сақтау. Біз елімізде қобыз дәстүрлі мектебін дамытқымыз, дарынды жастарды айқындағымыз және оларға өз шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік бергіміз келеді. Қыркүйектің ортасында К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Астана – түркі әлемінің мәдени ордасы -2012» жылы шеңберінде «Ұлы дала әуені» халықаралық дәстүрлі орындаушылар фестивалі өтті. Оның мақсаты – қазақ және басқа түркітілдес халықтардың музыкалық мәдениетінің әралуандылығын көрсету, қазақ ұлттық музыкасын түркі өнерінің бір бөлігі ретінде дамыту және насихаттау. Фестивальдерден басқа бізде қызықты байқаулар да өтті. Сонымен, қазанда Астана қ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚазҰӨИ қолдауымен IV Халықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері Қазақстан композиторларының шығармаларын көпшілікке тарату, музыканттардың кәсіптік шеберліктерін жетілдіру, дарынды скрипкашыларды анықтау және елдің мәдени имиджін жоғарылату сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Ал қыркүйекте Алматыда VI Халықаралық Бибігүл Төлегенова вокалистерінің байқауы өтті. Оған 45 жас орындаушы Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан, Литвадан, Ресей Федерациясынан және Болгариядан қатысты. Астанада 5 желтоқсанда «Тәуелсіздік толғауы» ІІІ Республикалық байқауы өтеді. Оның негізгі мақсаты – маңызды драмалық және музыкалық шығармаларды жазуға жәрдемдесу, отандық авторларды қолдау, республикалық театрлардың репертуарларын және концерттік ұйымдарды қазіргі заман талаптарына жауап беретін жаңа шығармалармен толықтыру, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Өнердің ең әйгілі түрі, әсіресе жастар арасында, – кино. Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес, осы саладағы іс-шаралар біздің кинематографымыздың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған. Стратегиялық бағыттарды дамытудың мақсаттары, біріншіден, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі жүзеге асыру, және, екіншіден, елді және шетелде отандық мәдениетті жария ету болып табылады. Мемлекеттік тапсырманың шеңберінде әр түрлі жанр мен түрдегі фильмдер шығарылады. Фильмдердің негізгі тақырыптық бағыты кино құралдарымен Қазақстанның тарихын, оның қазіргі өмірін көрсету. Біздің кинематографистер алдарына кең көрермендік аудиторияның қызығушылықтарына жауап беретін жоғары көркемдік фильмдерді қояды. Министрлікпен, сондай-ақ, Қазақстан кинематографистері одағының қызметіне қолдау көрсетіледі.
Қазіргі таңда қазақстандық фильмдерге деген сұраныс жоғары. Әрине, бұл осы жылдағы еліміздің мәдени өмірі туралы толық бейне емес. Мен олардың көбісіне тоқталмаймын, себебі олардың барлығы БАҚ кеңінен жарыққа шықты. Осындай әралуандылықта әр адам өзіне бір жақын дүниені тапты деген сенімдеміз, келесі жылы қазақстандықтарды жаңа жобалармен қуантуға тырысамыз.