Латын Америкасы елдерінің экономикалық дамуының өзіне тән сипаты соңғы ондаған жылдар ішінде ұлттық табыстарында ауыл шаруашылығы үлесінің біртіндеп азаюы және өнеркәсіптің үлес салмағының артуы болып отыр. Көптеген елдердің жүргізіп отырған индустрияландыру саясатының шеңберінде аймақта қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі секілді және басқа жаңа салалар іс жүзінде жаңадан құрылды.
Алайда аймақ елдерінің өнеркәсіптік тұрғыдан дамуы біркелкі болған жоқ. Бүгінде аймақтың индустриялық тұрғыдан бетке шығар елдері- Аргентина, Бразилия, Мексика, сондай –ақ Чили, Венессуэла, Колумбия және Перу. Бұлардың арасында “ үлкен үштік “ – Аргентина, Бразилия, Мексика сараланады; бұларда Латын Америкасының өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне дерлігі шоғырланған, өздерінде тұтынылатын өнеркәсіп өнімінің қазірдің өзінде 90 пайыздан астамын ішкі өндіріс есебінен қамтамасыз етіп отыр.
Аймақ экономикасында негізгі өнеркәсіп салаларының бірі –кен өндіру өнеркәсібі. Оның өнімінің құнының құрылымында шамамен 80 пайызы отынға (негізінен мұнай), ал қалған шамамен 20 пайызы кен –руда шикізатына келеді. Кен өндіру өнеркәсібінде жетекші орындарды өндірілетін ресурстарының түрлері мол Мексика, Венесуэла, Бразилия және Аргентина алып отыр.
Аймақтың континенттік елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың неғұрлым дамушы саласы соңғы ондаған жылдар ішінде ұқсатушы өнеркәсіп болуға айналды. Осының өзінде оның өнімінде дәстүрлі салалар – тоқыма, тамақ, сондай –ақ былғары – аяқкиім және тігін өнеркәсібі салаларының үлесі едәуір азайып, осымен бірге өндірістік мақсаттағы тауарлар өндіретін кейбір базалық салалардың үлес салмағы арта түсуде. Әсіресе химия және мұнай ұқсату, қара металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі қарқынды дамыды. Бүгінде Бразилия, Аргентина, Мексика (жаңа индустриялы елдер қатарында аталатын елдер) дүниежүзілік нарықта өз автомобильдерімен, электроникасымен, химия өнеркәсібі бұйымдарымен кеңінен мәлім болып отыр. Осы және аймақтың басқа кейбір елдерінің ұқсатушы өнеркәсіптің осы заманғы салаларын дамытудағы күрт ілгерілеуі ішкі нарықтың едәуір ауқымды болуына, табиғи және адам ресурстарымен жақсы қамтамасыз болуға, шетелдік техникалық тәжірибенің біліктілікпен қолданылуына негізделген.
Ал Орталық Америка мен Кариб бассейні елдеріне, сондай- ақ Боливияға, Парагвайға және басқа кейбір елдерге келсек, онда бұларда өнеркәсіп өндірісінің құрылымында әлі де болса дәстүрлі өнеркәсіп салалары, ең алдымен тамақ өнеркәсібі басым. Латын Америкасының көптеген елдерінде анық байқалатын экспорттық бағытта (ет қасаптап сақтау- Аргентина, Уругвай, Бразилия; қант- Бразилияда, Перуде, Мексикада, Кариб бассейні елдерінде және т.б.).
Латын Америкасы елдері өнеркәсібінің орналасуы көбінесе моноцентрлік құрылыммен сипатталады: мұндайда өнеркәсіп өндірісінде бір орталық басым болады. Бұл әсіресе Аргентина, Уругвай, Мексика, Венесуэла, Чили секілді елдерде анық байқалады. Барлық елдерде дерлік негізгі өнеркәсіптік ұйытқылар елдің өнеркәсіп өнімінің 50- ден 80 пайызға дейіні өндірілетін астаналық орталықтар болып табылады. Латын Америкасы экономикасының сыртқы экономикаға бағытталуы сыртқа тасып әкететін порттарда экспорттық экономиканың жекелеген “ шоғырларының” құрылуына алып келді. Кейде астаналар мен сыртқа тауар әкетілетін басты порттар бір қала болып шығады ( Буэнос- Айрес, Монтевидео, Лима және т.б.).
Бразилияның шаруашылық географиясы
Жерінің ауданы- 8,5 млн км2
Халқы – 182 млн адам
Астанасы – Бразилия
Мемлекет құрылымы- федерациялық мемлекет
Мемлекет басшысы – президент
Заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс
Мемлекеттік тілі – португал тілі
Ұлттық валютасы – реал
Әкімшілік – аумақтық бірлігі – штаттар және федералдық округ.
Бразилия экономикалық қуаты, ресурстық және әлеуметтік- экономикалық даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық және дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. ХХ ғасырдың соңына қарай жиынтық ішкі өнімнің көлемі жөнінен Бразилия дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа енді. Ұлттық жиынтық өнімнің құрылымында да өзгерістер болды.
Ел экономикасының дамуында төрт сала – болат балқыту, автомобиль жасау, қызмет көрсету және мұнай химиясы шешуші рөл атқарады.
Елде қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары қарқынмен дамыды.
Бразилияның энергия балансында су энергиясы және мұнай мен газ басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90 пайыздан астамы осы отынмен жұмыс істейді. Елдің мұнай кәсіпшіліктері ішкі сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салада негізгі мұнай кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салад Петробраз мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші орын алады.
Елдегі электр энергиясының 96 пайызы су электр станцияларында өндіріледі. Әсіресе Парана және Сан – Франциску өзендері алабының энергетикалық қоры неғұрлым толық пайдаланылған. Қазіргі кезде Амазонка алабының қорларын пайдалану нәтижесінде Бразилия алюминий өндіруден дүние жүзінде төртінші орынға шықты. Оңтүстік – Шығыста шоғырланған алюминий өндірісі, негізінен, АҚШ пен Канада қаржысы мен бірлескен кәсіпорындары елеулі орын алады.
Елдің машина жасау өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 30 пайздан астамын береді. Шетелдерден әкелінген тетіктерді құрастыру негізінде пайда болған автомобиль жасау кәсіпорындарында қазіргі кезде қажетті бөлшектердің барлығы жасалады. Қазіргі кезде Бразилия жылына 2,3 млн автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан дүние жүзінде бесінші орынға шықты.Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген –ду – Бразилия», «Дженерал моторс», «Форд –Виллис», «Крайслер –ду – Бразил» жетекші орын алады. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап елде күрделі әскери техника өндірісі жолға қойылған. Машина жасау өнеркәсібі электрондық және есептеу құралдарына деген сұраныстың 80 пайыздан астамын, ақпарат құралдарына сұраныстың жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Машина жасау Сан- Паулу – және Рио- де Жанейро агломерацияларында шоғырланған.
Ел экспортқа темір кенін, машина жасау өнеркәсібінің өнімдерін, бұршақ пен ұн өнімдерін кофе, какао, қант, жеміс шырындарын, боксит шығарса, мұнай, құрал – жабдықтар мен көмірді және т.б. шеттен сатып алады. Жалпы алғанда импорт көлемі экспорттан басым болғандықтан сыртқы саудаға кері сальдо тән. Бразилияның басты сауда әріптестері – ЕО елдері мен АҚШ, Латын Америкасы және Азия елдері. Елдің сыртқа қарызы көп болғанымен, қаржы күйзелісінен құтқару мақсатында халықаралық ұйымдар Бразилияға қомақты қаржы бөлуде.