Американың жоғары дамыған елі АҚШ

Америка Құрама Штатының дүниежүзілік шаруашылығы рөлі орасан зор. Оның үлесіне капиталистік елдердің өнеркәсіп өнімінің үштен бірі келеді. Дүниежүзілік экономиканың барлық салаларында АҚШ-тың үлесі өте мол. Шетелдік инвестинциялар бойынша бұл ел басқа елдердің барлығынан асып түседі.

“Атлантиканың арғы жағындағы түкпірден” АҚШ – тың әлемдік аренаға белсене шыққан уақыты ХХ ғасырдың басы. Бұл кезде ел экономикасы ерекше шапшаң дамыды, оған себеп болған жағдайлар мынадай болатын: 1) ел аумағының көпшілігінде (Солтүстік, Батыс) ауыл шаруашылығы феодализмнің шырмауларынан азат болды; 2) қарапайым еңбеккерлер бар, техникалық интеллигенция бар иммигранттар көп келді; 3) жаңа жерлердің игерілуі есебінен ішкі нарық ұлғайды; 4) мол табиғи ресурстар; 5) географиялық орнының қолайлығы. Елде өнеркәсіп пен қаржы капиталы ертегідегідей шапшаң жинақталды.Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін капиталистік дүниеде іс жүзінде АҚШ –қа бәсекелесетін еш ел қалмады, өйткені Германия мен Жапонияның экономикасы қирап жатты, ал жеңген державалар – Ұлыбритания мен Франция – соғыстан әлсіреп шықты. Ядролық монополия қосымша күш- қуаты ерекше зор болды.

Алайда бертінгі ондаған жылдар ішінде экономика , техника мен технология саласында АҚШ –табұрын болған орасан зор артықшылық ғайып болды. Енді ол көптеген салаларда байыпты бақталастарға кезігіп отыр (Жапония, Германия және т.б.).

Қазіргі заманғы американ экономикасына өндіріс пен капиталдың барынша шоғырлануы тән. Аса ірі американ монополиялары – сипаты тұрғысынан трансұлттық монополиялар. Олар көптеген шетелдерде қарекет жасайды. Бұл орайда монополиялар мемлекетпен белсенді түрде бітісе ұштасып, мемлекеттік – монополистік капитализм дамып отыр. Мемлекет ғылым көп қолданылатын ең жаңа өнеркәсіп салаларын көтермелеп, болашағы бар ғылыми зерттеулерді қаржыландырады (әсіресе АҚШ – тың әскери ведомствосы – Пентагон бағытында).

Кемел дамыған кез келген елдегі секілді АҚШ – тың экономикалық “ келбеті” өнеркәсіпке орайлас. Өнеркәсіп өнімінің құны ауыл шаруашылығы 10 есе асып түседі.

Елдің мұнаймен және табиғи газбен жақсы қамтамасыз етілуі (Техас, Аляска, Луизиана, Калифорния және т.б. штаттары) себептібұл салалар АҚШ тың отын – энергетика балансында жетекші орын (шамамен 700/0) алады.Осының өзінде АҚШ мұнайды Мексикадан, Ұлыбританиядан, Сауд Арабиясынан және басқа елдерден алдырғанды экономикалық тұрғыдан тиімдідеп санайды. Тас көмірдің денін (шамамен 800/0) бұрынғысынша бірегеә Аппалач бассейні береді. ГЭС – тер Батыстың таулы аудандарында неғұрлым мәнді рөл атқарады. Ядролық энергетика қауырт дамып келеді. Жаңа ғасырдың басында оның баланстағы үлесін 25 пайызға жеткізу көзделген.

Индустрияның өзегі металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі болып табылады.

Қара металлургияның географиялық көрінісі бертінге дейін біршама қарапайым болып келді. Ол түгелдей дерлік кокстелетін көмір (Аппалач) мен темір рудасының (Ұлы көлдер өңірі) орналасуына қарай шоғырланды. Мұнда саланың Чикаго, Гэри, Кливленд, Питтсбург секілді орталықтары пайда болды. Алайда импорттық шикізатқа (Канада мен Латын Америкасынан) ойысуға орай қара металлургия Атлантика жағалауына қарай жылжыды (Балтимор, Филадельфия, т.б.)

Түсті металлургия кәсіпорындарының көпшілігі тиісті рудалар өндірілетін жерлерге , ал энергияны көп жұмсайтындары Колумбия және Теннесси өзендерінің энергетикалық кешендеріне жақын шоғырланған.

Жапония мен Батыс Еуропа елдері машина жасау бұйымдарының дүниежүзілік нарығында АҚШ – ты біршама ығыстырғанына қарамастан, машина жасау саласының даму деңгейі қте биік. Мысалы, авиация өнеркәсібі өнімінің экспортында АҚШ-тың үлесі 60 пайыз, газ турбиналары жөнінен 65 пайыз болып отыр. Ел электрон жабдықтардың, медициналық техниканың көптеген түрлерін өндіру жөнінде жетекші орындарда. Шығаратын өнім түрлерінің сан алуан көптігі жөнінен АҚШ – пен теңесетін ел жоқ.

АҚШ өнеркәсібінің ұлттық саласы – автомобиль жасау. Нақ осында өнеркәсіпті Солтүстік жерінде XIX- XX ғасырлар межесінде Форд дүние жүзінде тұңғыш рет автомобильдерді көптеп шығаруды ұйымдастырды. Бұл орайда ол қыруар қолайлы факторларды пайдаланды (қара металлургияның дамығандығы, өнім өткізетін сыйымды нарық, жақсы қатынас жолдары және т.б.). АҚШ автомобиль жасау саласының астанасы – Детройтта аса ірі автомобиль концерндері “ Дженерал – моторстың” , “ Форд – моторстың” көптеген зауыттары мен штаб- пәтерлері орналасқан.

Ең жаңа машина жасау салалары ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстар орталықтарына (ҒЗКЖО), білікті еңбек пен тұтынушыға бағдар ұстайды. Атлантика жағалауы, Көлдер бойы және Калифорния мегаполисі ұшақ және ракета жасау жөнінде елде бірінші орын алады.

АҚШ – дүниежүзілік химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі жағынан болсын, шығарылатын өнім түрлерінің көптігі жөнінде де ең алда. Химия өндірісі негізінен Солтүстік штаттарында және Мексика шығанағы жағалауындағы штаттарда (мұнай, табиғи газ және күкірт мол Техас және Луизиана штаттарында) шоғырланған.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі барлық штаттарда орналасқан және барынша дамыған.

Ауыл шаруашылығы – бастауыш негізі капиталистік ферма болып табылатын сала; бұл саланың ерекшелігі капиталистік қатынастар әбден кемелденген, анық тауарлы сипатта, еңбек өндіргіштігі мен техникалық жарақталуы жағынан деңгейі биік , алуан түрлі өнімді өте көп мөлшерде шығарады. Азық – түліктік және малға берілетін астық, бұршақ, мақта түсімі, ет және басқа да бірқатар өнімдер шығару жөнінен АҚШ капиталистік елдердің арасында бірінші орын алады, ол шетелдерге азық – түлікті ең көп экспорттайтын елдердің бірі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінде мал шаруашылығының өнімдері көрінеу басым (шамамен жалпы құнының үштен екісі), дегенмен егіншілік пен мал шаруашылығының ара салмағы әр штатта әр түрлі.

Әр түлікті мал шаруашылығы барлық жерде дамыған. Елдің көптеген аудандарында қуатты, техникалық жағынан жақсы жарақталған агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасқан.

Егіншілік тауарлы дақылдарға (жеміс, көкөніс, шитті мақта, темекі және т.б.) бағытталған бірқатар оңтүстік штаттарда ол мал шаруашылығынан гөрі тауарлы өнімді мол береді. Елдің шығыс, неғұрлым ылғалды бөлігінде жер қорында егістік алқаптар мен орман – тоғай, ал құрғақшылық Батыста жайылымдар басым. Егістік жерлердің үлесі прериялар, өңірінде, АҚШ – тық орталық бөлігінің Ішкі жазықтарында айрықша басым, мұнда егістіктер (әсіресе Айова штатында) 90 пайызға таулы штаттарда кей өңірлерде фермер жерлерінің 90 пайызына дейіні жайылым болып келеді.

АҚШ- тағы басты дәнді дақылдар – жүгері мен бидай; сондай –ақ күріш, күтім талғамайтын сорго және т.б. өсіріледі. Бидай жер –жердің бәрінде өсіріледі, дегенмен негізгі аудан – Канадамен шекарадан басталып Ұлы жазықтар бойымен Техастың орталық бөлігіне дейін созылып жатқан бидай белдеуі.Жүгері мал азығы үшін Айова Иллинойс, Индиана штатындағы прериялардың құнарлы топырағында өсіріледі. Шитті мақта алқаптары Оңтүстікте, қант құрағы Мексика шығанағының жағалауы мен Гавайда, темекі Виргиния, Кентукки штаттарында өсіріледі.

Аумағының ұлан – ғайыр болуы және өндіргіш күштердің биік деңгейге көтеріліп дамуы нәтижесінде АҚШ – та көліктің барлық түрлері кемелденіп дамыған. Бұрынғы уақытта басым болған темір жол көлігін бүгінде басқа көліктер, әсіресе автомобиль көлігі қатты ығыстырған. Автомобиль – американ өмір салтының ажырағысыз атрибуты (қалааралық жолаушы тасымалының 90 пайызына жуығы жеке меншіктегі автомашиналармен атқарылатынын айтса да жеткілікті болар, 1 пайыздан кемірегі келеді). Құбыр желілері көбейе түсуде.

Теңіз көлігінің маңыздылығы да төмендеген емес, өйткені АҚШ – тың сыртқы сауда тасымалының басым бөлігін кейде шағын елдердің “ қолайлы туын” көтеріп жүзіп жүретін (Либерия, Панама және т.б.) кемерлер тасиды. АҚШ – тың ең ірі теңіз порттары – Нью- Йорк, Бостон, Филадельфия, Балтимор, Жаңа Орлеан, Хьюстон, Лос- Анжелес, Сан –Франциско, Сиэтл, Анкориндж, Гонолулу және т.б.

Елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарында Миссисипи – Ұлы көлдер су жолы маңызды рөл атқарады.

Жолаушы тасымалында (әсіресе халықаралық тасымалдарда) авиация көлігінің орны айрықша. АҚШ азаматтық авиациясының ұшақтар паркі – дүние жүзіндегі ең үлкен парк.

АҚШ барлық континенттердің мемекеттерімен сыртқы экономикалық қарым – қатынас жасайды. Халықаралық қарым – қатынастарда “ жылылық” орнауына орай, егемен ел болғанымыздан бері АҚШ пен Қазақстан арасында өзара тиімді байланыс жолға қойылған.