Жерінің ауданы- 3 млн 288 мың км2
Халқы – 1095,7 млн адам
Астанасы – Дели
Мемлекет құрылымы- федерациялық республика
Мемлекет басшысы – президент
Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (сансад)
Мемлекеттік тілі – хинди және ағылшын тілдері
Ұлттық валютасы – үнді рупиясы
Үндістан экономикасында дәстүрлі ауылдық және қазіргі заманға сай ауыл шаруашылығы, ескірген өндіріс және жаңа да жақсы жабдықталған кәіпорындар қатар дамуда. Мемлекеттік сектор ел экономикасында шешуші маңызға ие. Жер қойнауындағы байлықтар, темір жол көлігі, аймақ шаруашылықтары, байланыс, суландыру құрылыстары, аса ірі банктер мен ауыр өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары мемлекет меншігінде. Ал жеңіл өнеркәсіп орындарының көпшілігі, ашина жасау және металлургия зауыттарының бірқатары ұлттық жеке меншік капиталдың қолында. Шетел монополиялары мұнай өңдеу және химия өнеркәсіптерінде өз позицияларын сақтап отыр. Олардың әрекеті үкімет тарапынан бақыланады
Ұлыбританияның отары кезінде Үндістанда өнеркәсіп орындары тек бірнеше ірі қалаларда (Калькутта, Мумбай, Мадрас) шоғырланған болса, қазір және кәсіпорындар барлық штаттарда бар. Көптеген жаңа қалалар пайда болды, өнеркәсіп ареалдары қалыптасты. Өнеркәсіптің даму қарқыны ауыл шаруашылығынан басып озды.
Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар : болатқұю, мақта- мата, машина жасау, тау – кен өндіру, мұнай өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халыққа қызмет көрсету сектроы жоғары қарқынмен дамуда.
Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.
Қазіргі кезде Үндістанда ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі жақсы дамыған, штаттар арасында экономикалық байланыс жүйесі кен әрі күрделі
Минералды шикізаттарға бай солтүстік – шығыс штаттарда, Дамодар өзенінің аңғарында ауыр өнеркәсіптің ірі ауданы пайда болды. Сонымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібінің негізі болған күріш егісі, джут және шай өндірісінің барлығы дерлік осы жерлерде шоғырланған.
Солтүстік – батыс штаттарда кенді шикізат пен отын жоқтың қасы. Сатледж өзенінде салынған қуатты Бхакра – Нангал су электр станциясының қуатын пайдаланатын, металды аз жұмсайтын машина жасау кәсіпорындары бар.Мұнда металл солтүстік – шығыс штаттардан әкелінеді. Ал Бхакра –Нангал бөгені бидай мен әр түрлі техникалық дақылдар өсіретін суармалы жерлерді кеңейтуге ықпал жасады. Бұл штаттарда Үндістанның өзге штаттарымен салыстырғанда техниканы көптеп пайдаланатын капиталистік шаруашылықтар көп.
Ең ірі өнеркәсіп орталығы – Дели қаласы. Атқаратын қызметі мен сыртқы
сипатына қарай Дели қаласы Жаңа және Ескі Дели болып бөлінеді.
Жаңа Делиде іскер орталық пен ауқатты бай адамдар тұрады. Мұнда еуропалық стильмен салынған кварталдар орналасқан.
Батыс және Орталық штаттарда тары тұқымдастар мен мақта өсіріледі. Мұнда мақта мата өндірісінің өнеркәсіп кешені қалыптасқан. Соңғы кезде мұнай кен орындары ашылуына орай мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібі қалыптасуда. Мумбайдың аса зор қала агломерациясында түрлі профильді машина жасау зауыттары орналасқан. Сонымен қатар электротехникалық кәсіпорындар мен елдегі тұңғыш атом реакторы салынды.
Оңтүстік штаттар күріш, көкөністер мен кокос жаңғағын өсіруге маманданған. Мадрас қаласындағы кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарумен айналысады. Бангалор және өзге де ішкі қалаларда көлік машиналарын жасау, станок жасау зауыттары бар.