Жерінің ауданы – 505 мың км2
Халқы – 40,2 млн адам
Астанасы – Мадрид
Мемлекеттік құрылымы – парламенттік монархия
Мемлекет басшысы – король
Заң шығарушы органы – парламент
Мемлекеттік тілі – испан тілі
Ақша бірлігі – песо
Оңтүстік Еуропа – үш дүние бөлігін жалғастырып жатқан айрықша аймақ. Бұл топқа жататын елдер, негізінен, Жерорта теңізіне сұғына еніп жатқан Пиреней және Балқан түбектерін алып жатыр.Ал ергежейлі мемлекеттер Апеннин түбегінде, Жерорта теңізі жағалауы мен алабында орналасқан.
Теңіздің жылы суы шайып жатқан бұл аймақ ежелден адамзат өркениетінің ошағы болған. Біздің заманымызға дейінгі ХХ ғасырда Жерорта теңізі алабында бүкіл Еуропаның, жалпы адамзаттың алға басуына себепші болған жерорта теңіздік өркениеттің негізі қаланды. Оның өркендеуі Ежелгі Грекия мен Римде шарықтау шегіне жетсе, кейінгі дамуы жаңа замандағы Ұлы географиялық ашылуларға себепші болды. Өзінің сипаты жағынан тау
немесе өзенбойы өркениеттерінен айырмашылық жасайтын теңіздік өркениеттің экономикалық негізін осы алапта тұратын ежелгі халықтардың теңізде жүзу шеберлігі қалыптастырды.
Орта ғасырларда осы аймақтың ержүрек теңізшілері Жаңа Дүниені ашып, игере бастады. Соның нәтижесінде Оңтүстік Еуропа жаппай қоныс аударудың ошағына айналды. Қоныс аударушылар легі америкаға ағылып, жаңа жерлердің нәсілдік және ұлттық құрамына күшті өзгеріске түсірді. Оңтүстік Еуропа халықтары үнді- еуропалық тіл семьясына енетін тілдерде (грек тілі, роман тілдері) сөйлейді. Аймақтағы католик дініндегілер басым, Грекия халқы православие дінін ұстанады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Оңтүстік Еуропа елдері халықаралық туризм, субтропиктік дақылдарды немесе олардан алынатын өнімдерді (зәйтүн майы, шырындар мен консервілер) сыртқа шығару, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруге маманданған. Оңтүстік Еуропадағы аса ірі ел – Испания.
2.Испания өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Батыс Еуропада бесінші орын алады. Экономикада мемлекеттік сектордың орны айрықша. Оның үлесіне жалпы өнімінің 30 пайызы келеді. Басты өнеркәсіп салалары – автомобиль және кеме жасау, электротехника, химиялық өнеркәсіп және дәстүрлі тоқыма өнеркәсібі. Өнеркәсіп ұлттық жиынтық өнімінің 30 пайыздан астамын береді.
Энергетикалық ресурстар жетіспегендіктен басқа энергия көздерін пайдалану артып отыр( күн және геотермалдық, т.б.). қазіргі кезде 4 АЭС жұмыс істейді. Жергілікті мұнай қоры ел қажетінің 10 пайызын ғана қамтамасыз ете алады. Мұнай – Испания импортындағы маңызды шикізаттың бірі.
Тау –кен саласының дамуы қазір баяулап отыр, елдегі алуан түрлі пайдалы қазбаның тек 16 түрі ғана нақты өндіріледі. Шеттен алюминий шикізаты, марганец, никель сатып алынады. Қара металлургия кәсіпорындары елдің шикізат көзі мен тасымалдауға ыңғайлы порттары бар солтүстігінде (Аустрия мен Бильбао маңы) орналасқан. Түсті металлургия кәсіпорындарыжергілікті қорғасын кен орындары негізінде солтүстік – батыста,, мырыш пен алюминий солтүстіктегі портты қалалар маңында шоғырланған. Машина жасау өнеркәсібінің автомобиль, кеме және локомотив жасау салалары күшті дамыған. Мадрид, Барселона, Вальядолид қалаларында шетелдік «Фиат», «Рено», « Фольксваген», «Крайслер» компанияларының автомобиль зауыттары орналасқан. Испания автомобиль шығарылады, оның ¾ -ке жуығы экспортқа жіберіледі. Экспортқа шығарылатынтағы бір өнім түрі – аса жүрдек испан пойыздары. Мұнда АВЕ және «Тальго» пойыздары жасалып, оларды тек Еуропа мен Азия елдері ғана емес, АҚШ та сатып алуда. Қазақстанда да аса жайлы испан вагондары жоғары бағалануда.
Елде 30-ға жуық кеме жасау компаниясы мен 40 верфь жұмыс істейді, олар негізінен, солтүстіктегі Бильбао, Хихон порттарында, шығыстағы Барселона, Картахена, Валенсия қалаларында және Балеар аралдарында орналасқан.
Дәстүрлі салалар болып табылатын тоқыма, дәм – татымдық және ьамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары барлық аудандарда да бар. Экспорттық маңызы зор шарап жасау, зәйтүн майын өндіру, жеміс және балық консервілерін дайындау кәсіпорындарының техникалық жасақталуы жоғары. Бұл кәсіпорындар шикізат көзінде орналасқан.
3.Испания экономикасында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, және Франция күрделі қаржысының маңызы зор. Испанияның сыртқы экономикалық байланысында сыртқы сауданың маңызы айрықша. Мысалы, соңғы 20 жыл ішінде сыртқы сауда айналымы 17 есе өскен. Экспортқа қарағанда импорт көлемінің артуы байқалуда. Сыртқы саудада ЕО елдері, АҚШ, Таяу Шығыс және Латын Америкасы елдері жетекші орын алады.
Қазіргі кезде елдің сыртқы экономикалық байланыстарында халықаралық туризмнің маңызы айрықша артып отыр. Жылына Испания жеріне 50 млн – нан астам турист келеді Туризмнен түсетін пайда елдің ұлттық табыс көлемінің 15 пайызын құрайды.
Халықаралық туризмнің дамуы валюта түсімін арттырумен қатар, туристік инфрақұрылым дамыған Жерорта теңізі жағалауы, Балеар және Канар аралдарын қазіргі заманғы демалыс орындарына айналдырды. Бұл аудандарда тас жолдар, сәулетті қонақүйлер мен кемпингтер салынып, туристерге қажетті инфрақұрылым жедел дамуда. Бір кезде балықшылар ғана тұратын көптеген елді мекендер соңғы жылдары дүние жүзіне белгілі курорттарға айналды. Олардың қатарында Коста – Брава,Коста – Бланка, Коста – дель- Соль, Коста – Дорада және т.б.қалалар бар. Елдегі тарихи ескерткіштермен әйгілі Толедо, Гранада, Сеговия қалаларына да шетел туристері жиі барады.