Қырғызстан Республикасы

Жерінің ауданы-199,9 мың км 2

Халқы-5,1 млн адам (2004 ж.)

Астанасы-Бішкек.

Мемлекеттік құрылымы-республика.

Мемлекет басшысы-президент.

Заң шығарушы органы-парламент.

Мемлекеттік тілі-қырғыз тілі.

Ұлттық валютасы-сом.

Географиялық орны.Қырғызстан-Орта Азияда орналасқан ел,солтүстігінде Қазақстанмен,шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытаймен,оңтүстік-батысында Тәжікстанмен,ал батысында Өзбекстанмен шектеседі.Солтүстіктен оңтүстікке 454 км,ал батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр.Мемлекеттік шекаралары,негізінен,таулар арқылы өтеді.Сол себепті тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезенде шекараларын айқындау мақсатында көршілес мемлекеттермен келісімдер жүргізілді.Геосаяси жағынан алғанда ел аумағы аса маңызды аймақ болып табылады.Елдің географиялық орнының бұл ерекшелігін НАТО-ға мүше елдер халықаралық терроризмге қарсы күресте маңызды тірек пункті ретінде пайдалануда.

Аумағының қалыптасуы мен мемлекет тарихы.Қазіргі Қырғызстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д.II ғ. пайда болған.Біздің заманымыздың VI-XII ғ.аралығында бұл аймаққа Енисей бойынан түркі тайпалары қоныс аударған болатын.Кейінен олар монғол-татар шапқыншылықтарына ұшырап,қуғындалды.

XIX ғ.алдымен Қоқан хандығының иелігінде болып,кейіннен Түркістан губерниясы құрамында Ресей империясына өз еркімен қосылды.Қырғызстанның табиғат жағдаиы өте қолайлы,таулы жерлерде Ресейдің ішкі аудандарынан шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүрді.Бұл жағдай бұрын тек қана көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген қырғыз жерінде,жаңа шаруашылық түрлерінің дамуына қозғаушы күш болды.

Қазан революциясынан кейін бұл аймақ Қара Қырғыз автономиялық облыс деп аталды,ал 1926 ж.Қырғыз КСР-і болып қайта құрылды.1991 ж.26 желтоқсанда Қырғызстан тәуелсіздігін жариялады.Бүгінде Қырғызстан Республикасы әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады.

Табиғат жағдайы мен ресурстары.Қырғыз жері,негізінен,таулы болып келеді,мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі – Жеңіс шыңы (7439 м.) орналасқан.Бір-бірінен кең тауаралық аңғарлар (Шу,Ыстықкөл,Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым түрде ендік бағытта орналасады.Олардың геологиялық-тектоникалық құрылысы,ланшафтылық сипаты өте күрделі.Таулы аудандар қуаты 8-10 балдық күшті жер сілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.

Қырғыз жерінің 95%- дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан,ал оның 40% -дан арты0 б-л3г3 3000 м биіктікте жатыр.Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай.Солтүстігінде түсті металдардың (молибден,мыс,сурьма),Ішкі Тянь –Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден,темір және қалайы кен орындары таралған.Оңтүстігінде сынап,сурьма,алтын,сондай-ақ қоры онша мол емес темір,марганец,алюминий,полиметалл кездеседі.Тау алды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр және тас көмір,мұнай қоры барланған.Көптеген кен орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан,оларды игеру мәселесін қиындатады.

Қырғыз жері таулы болғандықтан,су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген.Ең ірі өзені –Нарын,сондай-ақ Шу,Шатқал,Ақсай өзендері бар.Өзен суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады.Ондағы беткі ағынның 20 пайызға жуығы жер суаруға жұмсалады.

Климаты шұғыл континентті сипатта,жаз ыстық,қыс суық болып келеді.Таулы жер бедері ауа температурасы мен ылғалдың таралуына өте күшті ықпал етеді.Ауаның орташа температурасы жазық жерлерде қыста -4 С,жазда + 25С, + 27 С-қа дейін көтеріледі.Мұндай жағдай топырақ-өсімдік жамылғысының өте айқын байқалады.

Тянь-Шань таулары аралығында орналасқан Ыстықкөл елдің ең басты рекреациялық байлығы болып есептеледі,оны «Тянь-Шаньның інжу – маржаны» деп атайды.

Халқы.2004 жылғы мәлімет бойынша Қырғызстан халқының саны 5,1 млн адам,ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән.Халықтың табиғи өсуі жылына – 1,5%, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда -22 адам,ал өлім 7 адамды құрайды.Адамның өмір жасының ұзақтығы -67 жас.Соңғы жылдары табиғи өсу көрсеткіштері төмендеуде,ол елдің экономикалық жағдайының төмендеуімен және сыртқы көші- қонның күшеюімен түсіндіріледі.

Орта Азия елдері ішінде Қырғызстан Қазақстаннан кейінгі басқа ұлт өкілдері көп тұратын екінші ел болып табылады.Дегенімен қырғыздар ел халқының 58,6%-ын құрайды,одан кейін орыстар-17,1%,өзбектер-13,8%,украиндар- 1,8%,татарлар-1,3%,немістер-0,8%. Орыстар,немістер мен украиндар солтүстіктегі тау алды бөліктері мен Ыстықкөл маңында шоғырланған.Өзбектер шекаралас аймақтарды,яғни Ферғана аңғары маңын қоныстанған.

Халықтың басым көпшілігі ежелден-ақ ауылдық жерлерде көбірек,қала халқының үлесі-34%,оның40%-ға жуығы ел астанасы Бішкекте тұрады.

Өнеркәсіп.Кеңес Одағы ыдыраған соң,бұрынғы дәстүр байланыстар үзіліп,ел экономикасына едәуір нұқсан келді.Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүиесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда.Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 1998 жылғы мәлімет бойынша 9,8 млрд АҚШ долларын құрайды.Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің,12%-ы өнеркәсіп,ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.