Халқы. 2001 ж есеп бойынша, түрікменстанда 4,8 млн халық тұрады. Ел халқына ұдайы өсудің типі тән, табиғи өсуі 1,5 % туудың көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адам, ал өлім 6 адамды құрайды. Халық саны ауыл халық есебінен жылына 90-100 мың адамға дейін көбейеді. Отбасындағы балалар саны тұрақты жоғары, 3-5 бала, тіпті оданда көп болады. Бұл халық санындағы жастардың үлесін арттырады. Халқының құрамы күрделі:елде 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Түрікмендер ел халқының 1 ⁄4 бөлігін құрайды. Басқа ұлттар арасында өзбектердің 9,2%, орыстардың 6,7%, қазақтардың 2,2 % үлесі біршама.
Ел халқы аумақ бойынша біркелкі қоныстанбаған, орташа тығыздық 1 км 9,8 адамнан келеді. Шұраттардағы халық тығыздығы 1 км 200 адамға дейін жетеді. Түрікмен жерінің 80 % жуық бөлігінде (Қарақұм)халық мүлдем тұрмайды. Түрікменстанда Орта Азияның басқа республикаларына қарағанда қала зхалқының үлес салмағы жоғары, қалаларда ел халқының 44 % тұрады.
Шаруашылығы. Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Түрікменстан өз бетімен әлемдік экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін іздестіруде.Елдің экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды, елдің дамуының негізгі бағыттары анықталды:
-Экономикада құрылымдық өзгерістер жүргізу;
-Әлеуметтік саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру;
-Азық-түлік және халыққа қажетті тауарларды өндіру көлемін арттыру;
-Нарықтық қатынастармен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;
-Ел экономикасына шетел инвестицияларын кеңінен тарту.
Соған қарамастан, өтпелі кезеңде көптеген кәсіпорындар жабылып, табиғи газ өндіру көлемі қысқарды. Ауыл шаруашылығының көрсеткіштері де төмендеді. Қазіргі кезде Түрікменстанда ЖІӨ-нің жалпы көлемі 7 млрд АҚШ юолларын құрайды, жан басына шаққандағы мөлшері 640 доллар шамасында.ЖІӨ-нің салалық құрылымында өнеркәсіптің үлесі 47% жоғары, ауыл шаруашылығына-21 %, қызмет көрсету саласына 32% тиесілі.
Өнеркәсіп. Ел өнеркәсібінің маманданған саласы-мұнай-газ кешені. Дүние жүзілік маңызы бар табиғи газ кен орындары Чарджоу облысның солтүстігінде, Мары қаласы маңында және Каспий теңізі жағалауында орналасқан. Соңғы жылдары газ өндірісі қысқарып кетті.Табиғи газы шетелдерге,ең алдымен, Еуропа елдеріне тасмалдаумүмкіндігіне зор мән берілуде. Қазіргі кезде Ресей арқылы жүргізілген жалғыз газ құбыры бар. Болашақта табиғи газды Иран мен Туркия жері арқылы Еуропаға, сондай –ақ Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға тасмалдауға мүмкіндік беретін халықаралық табиғи газ құбыры салыну жоспарлануда.
Мұнай елдің батыс бөлігінде өндіріледі. Елде негізінен жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін екі мұнай кен өңдеу зауыты бар.Чарджоу қаласында күкірт қышқылын, минералды тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.
Агро өнеркәсіптік кешен. Жергілікті агороклиматтық ресурстар, ұлан ғайыр табиғи жайылымдар ауыл шаруашылығының мамандану сипатын анықтайды.
Егіншілікке жарамды жерлер ел аумағының 3 % астамын ғана алып жатыр. Егістік алқаптардың барлығы дерлік қолдан суарылады.Басты экспорттық дақыл- мақта.Жергілікті кәсіпорындарда мақта майы алынады, ло негізінен ішкі сұранысты қамтамасыз етеді. Дәстзүрлі сала — жібек шаруашылығы,орталықтары-Ашғабат,Чарджоу қалалары.
Табиғи жайылымдар ел аумағының 97 % жуығын қамтида.Қой елдегі мал басының жартысынан астамын құрайды.Елдегі 15 кілем фабриокасында дүние жүжіне әйгілі түрікмен кілемдері тоқылады. Түрікменстан –ғасырлар бойы сұрыптау нәтижесінде алынған әйгілі ақалтеке сәйгүлігінің отаны.
Көлік және сыртқы экономикалық байланыстар. Елдің қолайлы географиялық орнымен геосаяси жағдайы оның халықаралық көлік жүйесінің маңызды буыны ретінде дамуына алғышарт жасайды. Теміржолдың жалпы ұзындығы- 2330 км. Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі бар түрікменстан теңіз жолын дамытуға да күш салуда. Қазіргі кездегі ірі теңіз порты-Түрікменбашы Орта Азиямен Кавказ елдерін байланыстыратын ең тмімді жолдың қақпасы болып табылады.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы озар байланыстар, ең алдымен көлік қатнастарын дамыту, Каспий ттеңізіне қатысты мәселелер төңірегінде дамуда. Түрікмен газы әлемдік нарыққа шығаруда Қазақстан аумағы арқылы өтетін құбыр жолбдарын, керісінше, Қазақстан мұнайын Иранға жеткізуде Түрікменстан аумағын пайдаланудың екі ел үшінде тиімді тұстары бар.