Тәжікстан Республикасының халқы мен шараушылығы

Халқы. 2004 ж мәлімет бойынша Тәжікстанда 6,8 млн халық бар. Табиғи өсу көрсеткіші 1,6%, туудың көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адамнан, ал өлім 5 адамнан тұрады.Елдегі экономикалық — әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы туудың көрсеткіштерін соңғы жылдары күрт төмендетіп жіберді.

1990 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға 32 адамнан келген болатын.

Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 46 адамнан келеді, бұл көрсеткіш өзен бойларындағы шұраттарда 200-300 адамға дейін көтеріледі. Ал биік таулы аудандарда 1 км2-ге 1-2 адамнан ғана келеді.

Тәжікстан – көп ұлтты ел, ел халқы құрылымындағы тәжіктердің үлесі- 63%. Одан кейінгі орындарды үлесі бойынша өзбектер- 23,5%, орыстар- 7,6%, қырғыздар- 1,3%, татарлар- 1,2% мен немістер -0,6% иеленеді. Тәжіктердің басым көпшілігі ауылды жерде тұрады, қала халқының үлесі- 27%. Сондықтан ірі қалалар онша көп емес, ең ірілеріне астанасы Душанбе (540 мың адамнан астам), Худжант (170 мыңнан астам), Куляб (80 мың адамнан астам), Қорғантөбе (60 мыңнана астам) жатады.

Шаруашылығы. Кеңестер Одағы тараған соң бұрынғы экономикалық — әлеуметтік байланыстардың үзіліуі және ішкі саясаттағы қақтығыстар елді экономикалқы тығырыққа алп келді. Шаруашылықтың барлық салаларында тұралау байқалады. Наврықтық экономика көшіне ілесе алмай, бір шетте оқшау қалып қойған ел экономикасы қалпына келуі үшін уақыт пен қомақты қаржы қажет. Елдегі барлық басқару тетігі мемлекет қолында жинақталаған, бұл өз тарапынан шетел қаржыгерлерінің белсенділігіне тежеу болуда. 1998 ж мәләмет бойынша Тәжікстанның ЖІӨ-нің жалпы мөлшері 6 млрд АҚШ доллары, оның 30%-ы өнеркісіптің , 29%-ы ауыл шаруашылығының, ал қалағн 41%-ы өндірістік емес салалар үлесіне тиесілі.

Өнеркәсіптің жетекші саласы- электр энергиясын өндіру болып табылады. Елдегі аса зор гидроэнергетикалық қордың бар болғаны 5%-ы ғана пайдаланылады. Олар – Вахш өзеніндегі Нүрек,Рогун СЭС-і. Біртұтас энергия жүйесінен ажырап қалғандықтан, өндірілген энергия тек өз қажеттеріне ғана жұмсалады. Сондықтан энергияны көп қажет ететін Тұрсынзада қаласындағы алюминий зауыты Тәжікстандағы ең қуаттты кәсіпорын болып саналады. Екінші энергияны көп тұтынатын кәсіпорын жергілікті ас тұзы шикізатына негіңзделген электр химия зауыт, онымен бірге Вахш азот зауыты жұмыс істейді. Ал ертеректе өте маңызды саналып келген түсті металлургия, машина жасау кәсіпорындары қазіргі кезде тоқтап тұр.

Агроөнеркәсіп кешен және жеңіл өнеркәсіп. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 30%-ын құрайды. Егіншілік үшін суландыруға мүмкіндік туатын жерлер толығымен пайдаланылады. Олар- өзен аңғарлары бойы мен тау етектерін алып жатқан сұр топырақ таралаған аудангдар. Негізгі дақылы жіңішке талшықты мата, дәнді дақылдар мен малазықтық дақылдарға жер қоры өте аз бөлінген. Кейбір ааудандарда жібек құрты өсіріледі, сондай- ақ жеміс ағаштарын, жүзім және эфир майы алынатын дақылдарды өсіруге маманданған.

Жеңіл өнеркәсіп мақтаны алғашқы өңдеуге бағытталған. Таулы Бадахашан жерінен басқа бөліктердің барлығында мақ та тазалау зауыттары орналасқан. Олардан өңделген мақта Душанбе мақта мата бірлестігі мен Қайраққұм кілем комбинатына, сондай-ақ Худжант және Душанбе жібек тоқу комбинаттарына жіберіледі.

Көлік және сыртқы экономикалық байланыстар. Таулы жер бедері мен оңтүстік шекараның тұйықталуы көлік жүйесінің дамуын жылдар бойы тежеп кеді. Сондықтан Тәжіксан ТМД елдері ішінде көлік жүйесінен көптеген көрсеткіштері бойынша ең соңғы орынды иеленетін. Елдің ең жақсы дамыған көлік түрі – автокөлік, тас жолдар тығыздығы жөнінен Тәжікстан қырғызстан мен Өзбекстан елдерімен деңгейлес. Оның 1000 км2-ге шаққандағы тығыздығы – 86 км.ТМД-ныі Ресей (27 км.), Қазақстан (30 км.), ТҮҰрікменстан (25 км.) сияқты елдерін артта қалдырды. Негізгі магистраль Худжант- Душанбе — Хорог- Ош қалаларын жалғастырады. Жақсы жабдықталған теміржолдың жалпы ұзындығы 481 км ғана.

Елдегі саяси ахуал басқа елдермен тығыз қарым- қатынас жасуға кедергі келтіруде. Көпшілік жағдайда байланыстар қысқа мерзімді келісімдер түрінде жүзеге асуда, мәселен, белгілі бір шикізат түрлерін өзара алмасу . Қазіргі кезде Тәжікстанмен осындай бағыттағы экономикалық байланыстар Ресеймен жүзеге асырылуда. Сонымен құатар Ресей Тәжікстан мен Ауғаныстан арасындағы шекара күзетіне де көмек көрсетуде.

Қазастан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас 1993 ж 19 қазандағы өзара келісімшарт негізінде жүзеге асырылыуда. Қазақстанның құрам атқыштар батальоны 1993-2001 ж аралығында мемлекетаралық бейбітшілік сақтау күштері шеңберінде Тәжікстанда болып, ондағы саяси жағдайды тұрақтандыруға көмектесті. Тәжікстан Қазақстанға электр энергиясы мен мақ та беретін болса, Қазақстан оларға астық пен мұнай өнімдерін береді. 2004 ж екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 140 млн АҚШ долларына жетті.