ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РОЛІ

Қазақстан халқына «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенді Н.Ә. Назарбаев «2050 стратегиясын» жүзеге асырудың шешуші міндеттерін анықтады. Осы міндеттердің негізіне экономиканың жаңа салаларын құру, экономиканың ғылымға сыйымды моделін енгізу, шетелдік инвесторларды тарту, елді аймақтық дамыту кіреді. Қазақстан аймақтарының осы міндеттерді орындауға қатысуына көбінесе мемлекетіміздің сәтті әлеуметтік-экономикалық дамуы байланысты. Орталық Қазақстан осы тұрғыда жетекші орындардың бірін алады.

Орталық Қазақстанның қазіргі аймағы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 7 мамырдағы «Жезқазған облысын Қарағанды облысының құрамына қосу туралы» Жарлығына сәйкес, келесі көрсеткіштермен сипатталады. Облыста 9 қала және 9 ауылдық аудандар бар. Алатын жері бойынша облыста ең ірі Ұлытау, Шет, Ақтоғай, Жаңаарқа және Нұра аудандары болып табылады. Қарағанды облысында өнеркәсіптік өндірістердің негізгі өндірістік қорларының, тұрғын-үй қорының ең үлкен көлемі және тауар айналымының, бір адам басына санағандағы ақылы қызметтердің ең жоғары көрсеткіші, зейнетақының орташа мөлшері болды. Пайдалы қазбалар кенорындарын қазуда Қарағанды облысы Республиканың минералды-шикізат кешенінде маңызды орын алды және Қазақстанның темір-марганецті, мыс-кенішті, сирек металды және көмірлі провинциясы болып табылады. Оның аймағында 100 % жуық марганецтің, 70 % бариттің, 54 % қорғасынның, 38 % цинктің, 36 % мыстың, 65 % молибденнің және 85 % вольфрамның баланстағы запасы, 32 % көмір запастары, соның ішінде 100 % кокстелген көмірлердің, 78 % волластониттің, 9 % жуық алтын запасы шоғырланған [1, 23 б.].

Қарағанды облысында 300 астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Маргаценті, темір-марганецті және темір-рудалы кенорындарды барлаушы және қазушы негізгі кәсіпорындар «Жәйрем КБК», «Қазмарганец» РБ, «Қазхром» ТНК АҚ, «Оркен-Атасу» ЖШС болып табылады.

Сирек металдар рудаларының үлкен запастары Ағадыр рудалық ауданының кенорындарында (Көктенкөл, Қайрақты, Қараоба, Солтүстік Қатпар) шоғырланған. Вольфрамның барланған запастары бойынша Қазақстан дүниежүзінде 1-ші орын алады, молибден бойынша – 4-ші, облыстың жаңа пайдалы қазбалар кенорындарын табуға геологиялық әлеуеті жеткілікті жоғары. Сонымен, мыстың болжамдық ресурстары шамамен 30 млн. т бағаланады (Жезқазған, Қарағанды және Қарқаралы рудалы аудандары), алтынның болжамды ресурстары – 600–1000 т, қорғасынның болжамды ресурстары — 21 млн. т, цинк -23 млн. т. [2, 47 б.].

Орталық Қазақстанда өнеркәсіптің негізгі салалары қара және түсті металлургия болып табылады. Түсті металлургияны «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС білдіреді – ол көпсалалы тау-кен-металлургиялық кәсіпорны, онда мыс рудасын алу және қайта өңдеу бойынша негізгі кәсіпорындар біріккен. Бұл «Балхашцветмет» өндірістік бірлестігі, құрамында үш тау-кен кәсіпорны бар – Қонырат, Саяқ, Шатыркүл кеніштері, мұнда ашық тәсілмен мыс кенорындары өңделеді, Жезқазған мыс қорыту зауыты, мұнда алғашқы мысты, тазартылған, күкірт қышқылын шығаратын, түсті металдар өңдеу зауыты – Орталық Азияда құю қорытпаларын шығаратын және мыстың негізінде түсті металдарды илемдейтін жалғыз кәсіпорын. Сонымен қатар, салада «Нұрқазған» кеніші жұмыс істейді – бұл мықты алтын өндіру кәсіпорны. 2002 ж. іске қосылғандардың қатарына жылына 100 мың тонна цинк шығаратын цинк зауыты кірді. Алтынның запасы бойынша облыс республикада 5 орын алады.

«Қазақмыс» корпорациясы өндіріс көлемі бойынша дүниежүзі компанияларының бірінші ондығына кіреді. Жыл сайын 17 рудник және 2 көмір разрезі 40 млн. тоннаға жуық руда және 7 млн. тоннаға жуық көмір береді, ал оның кәсіпорындары тазартылған мыстың 400 мыңға жуық тоннасын, 4,5 мыңнан астам алтын және 638 тоннаға дейін күміс шығарады. «Қазақмыс» корпорациясының салыстырмалы салмағы аумақтың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде 52,6 % құрайды [3, 401 б.].

Облыста қара металлургияны «АрселорМиттал Темиртау» АҚ білдіреді – бұл толық металлургиялық циклдан, Қарағанды бассейнінің көмір шахтасынан, ЖЭО, машина жасау зауытынан, көмекші және қызмет көрсетуші өндірістік инфрақұрылымнан тұратын Қарағанды металлургиялық комбинаты. Атасу және Жезді кенорындарының ірі темір және марганецті рудаларының, Топардың әктастарының, Қарағанды бассейнінің кокстелген көмірлерінің, Самарқанда су қоймасының тиімді экономикалық және географиялық орындарын және металл өнімдерін өткізудің перспективалық аудандары Теміртауды Қазақстанның металлургиялық орталығын анықтады. Кәсіпорын жазық және сұрыпты илемдеу өндірісінде маманданады, сонымен қатар агломерат, концентрат, кокс, шойын, болат шығарады, соның ішінде үздіксіз құйылған сляптар, штрипс, лонжиронды сызық, электр дәнекерленетін тораптар және домналық және коксты-химиялық өндірістердің өнімі шығарылады.

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ жұқа ақ қаңылтырын, экспортқа ыстықтай жұқартылған рулондарының аз қоспалы болаттың жеткізушісі болып табылады. Комбинатта шахталардың тазарту забойлары үшін магистралды конвейерлерді, лаваға арналған КМ-144 механикаландырылған тіреуішін өндіру игерілген. Көмір департаментінің бес шахтасы, соның ішінде «Шұбаркөлкөмір» АҚ көмір алу бойынша жаңа технологияға көшті.

2010 ж. «АрселорМиттал Темиртау» АҚ 3,3 миллион тонна сұйық болат және 2,9 миллион тонна илем шығарды. Қазіргі таңда компания көмір байыту кешенінің аглоөндірісінің ауқымдық жаңаруын, № 2 домна пешінің қайта құрылуын, 2015 жылға қарай 6 млн. тоннаға дейін болат өндірісінің көлемін көбейтумен сұрыпты илем өндірісіне арналған жаңа сұрыпты илемдеу станогының құрылысын жүргізеді.

Облыс индустриясындағы маңызды орынды машина жасау мен металл өңдеу алады. Саланың жетекші кәсіпорындары «№ 1 Машзауыты» ЖШС, «А.Я. Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, «Қарағанды құю-машина жасау зауыты» — «Қазақмыс» корпорациясының филиалы, «ҚарТКМаш» ЖШС, ««Имсталькон» Қарағанды металл өнімдері зауыты», «НПФ «Технология» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Кұрылысмет» ЖШС («АрселорМиттал Темиртау» компаниясының біріккен машина жасау зауыттары) болып табылады. Облыста тау-кен-шахталық жабдықты дамытумен айналысатын Қарағанды машина жасау консорциумы құрылды. Бұл кәсіпорындар бірегей жабдыққа, қажет өндірістік алаңдарына және барлық технологиялық қайта балқытуларға ие. Өзінің өндірісін олар соңғы жылдары тау-кен рудалы, металлургиялық және мұнай-газ өнеркәсібі мен импорттық-ауыстырымды өнімді аймақ пен республикада шығаруға қайта бағыттады.

Құрылыс индустриясы саласында Қазақстанда мынадай ірі цемент өнірушілері қызмет етеді: «CentralAsiaCement» АҚ және «Қарцемент» АҚ. «Сантехпром» ЖШС және «Kaztherm» ЖШС – панелдік радиаторларды шығаруға маманданады, «Караганданеруд» ЖШС және «Техноиндустрия» ЖШС ашық түсті шағылды алады және өндіреді, «Казтрансметалл» ЖШС, «NORD Пром НС» ЖШС және «Нұрхан» ЖШС әр түрлі темірбетон бұйымдарын өндіреді, «Карал PLAST» СП ЖШС – пластмассадан әр түрлі диаметрлі тораптарды, «Металл Профиль Зауыты» ЖШС – төбе жабатын жұмыстарға арналған металл черепица мен профильденген табақты шығарады.

Химиялық өнеркәсіп келесі өндірістік бірлестіктермен ұсынылған – «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ, «Эгофом» ЖШС, «Трек» ЖШС, «Максам Казахстан» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясының күкірт-қышқылды цехі жұмыс істейді. Карбидтер, сульфаттар, күкірт қышқылы, азоттық тыңайтқыштар, жарылғыш заттар, стирол полимерлері, полиуретандар алғашқы түрлерінде шығарылады. Разенке және пластмасса бұйымдарын өндіретін негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар «Карагандарезинотехника» ЖШС, «Сараньрезинотехника» ААҚ, «Восход» ЖШС болып табылады. Химия өнеркәсібінде жұмыс істейді: «Теміртау химия-металлургиялық зауыты» ЖШС, «Монета Дитерджетс жуғыш құралдар зауыты» ЖШС.

Экономиканы одан әрі дамыту үшін өндірістің шикізат салаларының мәні зор. Азық-түлік және сусындар өндірісі бойынша едәуір ірі кәсіпорындар жылына 4600 тонна өнім беретін «Қарағанды кәмпиттері» АҚ кондитерлік фабрикасы, «Эфес – Караганда» шетелдік кәсіпорны ЖАҚ болып табылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 1,5 млн.л. сыра шығару мүмкіндігін береді. Өндірістің тұрақты дәстүрлері мен үнемі жаңарып отыруы кәсіпорынға жоғары сапалы сыра шығаруға мүмкіндік береді. «Қарағанды мелькомбинат» ЖШС, «Апрель-Кулагер» ЖШС, «Балқашсүт» ЖШС, «Дамир АА» ЖШС, «Барракуда KZ» ЖШС, «Айза» ЖШС, «Бидай Нан ЛТД и Со» ЖШС, «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында өндірістің негізгі қорларын жаңарту жүргізіледі, ол осы кәсіпорындардың өнімдерінің сапасын жоғарылатуға әсер етеді.

Ірі кәсіпорындар: «СШТФ «GalexPlus» ЖШС, «Азия Тех» ЖШС, «Бірге» ЖШС, ЖК Гайсина Л.В. арнайы киім шығаруға маманданады. «Тэгам» ЖШС, «Еско» ЖШС, «Руми-Эн» ЖШС, «Temirtau Associates and Ancillaries» ЖШС, «ЮтарияLtd» ЖШС кәсіпорындары бөлшек нарығында шұлық-нәски өнімін ұсынады. Арнайы аяқ-киім шығарумен «PersInternational» ЖШС және «Қарағанды аяқ-киім фабрикасы» ЖШС айналысады. Өндірістік міндеттерді шешу, жаңа технологияларды енгізу, тұтынушылық тауарларды дайындау және халық сұранысын қанағаттандыру үшін осы кәсіпорындарда іске қосылғандардың қатарына жаңа өндіріс күштері мен объектілері енгізіледі, тау-кен рудалы және өңдеу өнеркәсібінің әр түрлі машиналары мен техникалық жабдығына запастық бөліктердің өндірісі ұлғаяды.

Қазақстан Республикасының жаңа, нарықтық қатынастарға ауысуынан кейін күрделі міндеттер облыстың ауыл шаруашылығының алдына қойылды. Ауыл шаруашылығының жеке салалары бойынша мемлекеттік дотация бітті, өнеркәсіптік тауарларға, жанар-жағармай материалдарға бағалар өсті. Бұрынғы совхоздар негізінде фермерлік шаруашылықтар, ЖШС, АҚ құрыла бастады, олар бойынша совхоздардың мүлігі таратылды. Агробизнесті 6 мың ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиімді енгізу мақсатында 2 млрд көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. 180 млн. теңге, соның ішінде 299,6 млн. теңге – облыстық бюджеттен. Мемлекеттік инвестициялау субсидиялар мен бюджеттік несиелендіру жолымен бюджеттік бағдарламалар арқылы ғана емес, ауылдық кредиттік серіктестігі сияқты жаңа нысандар мен ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы жүргізілді.

Ауылдық кредиттік серіктестіктері мен «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ өкілдігі үшін едәуір перспективалық аудандарды анықтау бойынша ауыл шаруашылығы департаменті кезіндегі облыстық комиссиясының белсенді жұмысы 2005 ж. 207 ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктіруге және олардың дамуымен 3 ауылдық кредиттік серіктестіктерді Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа аудандарында құруға мүмкіндік берді. Барлығы іске қосылған 7 ауылдық кредиттік серіктестікпен 2005 ж. 80 жобаға 191,3 млн. теңге сомасына жеңілдік несие берілді. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының филиалымен бірге республикалық бюджеттің қаражаты есебінен пилоттық шағын несиелендіру үшін ауылдық аудандар анықталды. Ақтоғай, Қарқаралы, Бұқар-жырау, Шет және Жаңаарқа аудандарының үй шаруашылықтарымен 34,2 млн. теңге сомасына 434 кредит алынды.

Қалалар мен облыстардың арасындағы шефтік байланыстарды жаңартқан ауылды қайта жандандыру бойынша іс-шаралар жоспары экономиканың нақты секторымен және ауылдық аудандармен 2005 ж. ауылға 1 млрд. 829 млн бюджеттен тыс инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді. Лизингтік және кредиттік қарым-қатынастарды дамыту бойынша жүйелі жұмыс агроқұрылымдардың энергиямен қарулануды жақсартуға әкелді. 2006 ж. лизингіге бюджеттік бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы техникасының 56 бірлігі иелікке алынды, соның ішінде 8 комбайн — облыстық бюджеттен. Бұдан басқа, жеңілдік несиелері есебінен «Казагрофинанс» АҚ арқылы Осакаров ауданында ХТБ орнатылды, Жаңаарқа, Абай және Бұқар-жырау аудандарында облыстық бюджеттен мамандандырылған агросервистік орталықтарды құруға 260 млн. теңге несиелік ресурстар бөлінді.

Агротағамдық бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде іске «Магнитка» ЖШС өндірістік күштері қосылды, Қарағанды қаласында сүт зауыты салынды, құрама жем өндіру және құс сою бойынша «Нұр СХ» және «Аян М» ЖШС, «Кадер» ЖШС диірмен цехтері, «Сары Арка Нан» кулинарлық цехі, «Караганды Нан» желілері жұмылдырылды. 2007 ж. облыста 290 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 6238 фермерлік және шаруа қожалықтары, 115,5 мың жеке қосалқы шаруашылықтары болды.

2012 ж. мал мен құстың басын өсіру облыстың 17 аймағында байқалды. Сонымен мал мен құстың басын 2011 ж. салыстырғанда едәуір көбейту Приозерск (38,6%) және Жезқазған (13,5 %) қалаларында көрінді. Нұра және Бұқар-жырау аудандарында да соған сәйкес — (10,0 %) және (8,5 %).

2013 ж. ауыл шаруашылығы мәдениетінің егістік ауданы аймақта 996,8 мың гектарды құрады. Едәуір үлкен аудан (67,2 %) бидай және бұршақты дәнді-дақылдармен егілген. Бидай және бұршақ өнімдерін егу құрылымында салыстырмалы салмағы бидайға келеді — 77,8 %. Арпаның үлесі 19,2 %, сұлы – 2,2 %, бұршақты дақылдар – 0,8 % құрайды. Майлы өсімдіктер 32,3 мың гектарға салынды. Майлы дақылдардан егістік зығыр — 88,8 %, сафлор – 67,2 % ұлғайды [4, 2 б.]. Аймақтың ауыл шаруашылығы жалпы үлкен әлеуетке және жеткілікті резервтерге ие.

Облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Индустрияландыру картасының шеңберінде шетелдік қатысумен келесі жобалар жүзеге асырылды: «КазБелАЗ» «Запас бөліктерін өндіру және техника жинау, «КазБелАЗ» ЖШС. Серіктес ел Беларусь. Жоба 2010 жылдың маусымында іске қосылды, оның жалпы құны – 10 млрд. 500 млн. теңге. Іске қосу басталғалы 3 бірлік техника шығарылды (0,3 %). «БелАЗ» техникасының тораптары мен агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізілуде. БелАЗ-7547 карьерлік самосвалды жинау іске асырылады, «Тарту-Стандарт» СО ЖШС сертификациялық талаптарына сәйкес құжаттарды дайындау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Аймақта азық-түлік тауарларының сатылуы және қызмет көрсету (тұтынушылық нарық) сәтті дамуда. 8729 сауда объектілері жұмыс істейді, соның ішінде: 7094 дүкен, 1534 қоғамдық тамақтану объектісі, 58 сауда нарығы және 43 әлеуметтік павильоны, Қарағанды, Сәтпаев, Қаражал қалаларында және Жаңаарқа ауданында 4 коммуналдық нарығы құрылды. Бұл коммуналдық нарықтарда өнімді 10-15 % төмен бағамен өткізуге мүмкіндік береді. Сауда объектілерінде халыққа сервистік қызмет көрсетуді жақсарту үшін сауда операцияларын іске асыру кезінде төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді қолдану бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы мақсатта облыстық әкімдікпен Ұлттық Банкінің Қарағанды филиалымен бірлесіп Қарағанды облысында ақшасыз есеп айырысу жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді. Қазіргі таңда 2,5 мыңнан астам (2530) POS-терминал орнатылды. Бөлшек тауар айналымының көлемі бойынша Қарағанды облысы республикада екінші орын алады [4, 3 б.].

Сонымен, егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында Орталық Қазақстанның рөлі үлкен. Мықты өндірістік-техникалық базадан тұрады, бірақ өнеркәсіптік даму деңгейі бойынша республика аймақтары арасында бірінші орын алады.