Өзбекстан Републикасы

  • Жерінің ауданы – 448,9 мың км2.
  • Халқы – 25,1 млн адам ( 2002ж.).
  • Астанасы – Ташкент.
  • Мемлекеттік құрылымы – республика.
  • Мемлекет басшысы – президент.
  • Заң шығарушы органы – парламент.
  • Мемлекеттік тілі — өзбек тілі.
  • Ұлттық валютасы – сум.

Географиялық орны. Өзбекстан РеспубликасыЕвразия материгінің ішкі бөлігінде, Орта Азия жерінде мұхиттардан өте шалғайда орналасқан. Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға белгілі дәрежеде кедергі келтіреді. Ел Орталық Азия аймағындағы ең ірі су артериясы – Сырдария жән еАмудария өзендері аралығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 1400 км-ге, ал батыстан шығысқа қарай 1500 км-ге созыла орналасқан. Республика солтүстігі мен батысында Қазақстанмен, шығысында Қырғызстанмен, оңтүстік-шығысында Тәжікстанмен, ал оңтүстігінде Ауғанстанмен шектеседі. ТМД елдерімен көршілес орналасуы экономикалық байланыстарына қолайлы ықпал жасайды. Алайда оңтүстігінде Ауғанстанмен тікелей шектнсуі ел аумағына халықаралық терроризм тарапынан қауіп әкеліп, геосаяси жағдайына қолайсыздық туғызады. Халықаралық деңгейде Ауғанстандағы саяси жағдайды реттеу мақсатында қолданылған шаралар нәтижесінде Орта Азия мемлекеттерінің шекаралық аймақтарындағы жағдай біршама тұрақтанды.

Аумағының қалыптасуы және мемлекеттік тарихы. Өзбекстан жері географиялық орны мен табиғат жағдайының қолайлылығына, сондай-ақ аумақ арқылы халықаралық керуен жолдарының өтуіне байланысты ежелден-ақ гүлденген отырықшы өркениет ошағы болды. Егіншілік өркендеген шұраттарда ежелгі құл иеленуші мемлекеттерде ( Соғды, Бактрия, Хорезм ) егіншілік, қолөнер мен сауда қатар дамыды. Сол себепті әр қилы тарихи кезеңдерде көршілес және шалғайда жатқан елдер тарапынан басқыншылық әрекеттер толастамады. Қазіргі Өзбекстан жерін парсылар мен Ескендір Зұлқарнайн ( Александр Македонский ) әскері, ғұндар мен түркілер, арабтар мен татар-монғол шапқыншылары басып өтіп, олардың әрқайсысы гүлденген өркениеттің құлдырауына әсер етіп, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзіндік із қалдырды. Мысалы, VIII ғасырда Араб халифатының иелігінде болуы ислам мәдениетінің тұрақтануына алып келді. XIV ғасырда Әмір Темірдің билік еткен кезеңінде аумақтың экономикалық қуаты артып, білім мен өнер өркендеді. Осы кезеңде өзбек ұлтының қалыптасуы жүрді. Мұның барлығы ел халқының қазіргі этностық, тілдік ерекшеліктерін анықтап, тұрмыс-салт дәстүрлерінің қалыптасуына негіз болды.

XVI ғасырдан бастап бытыраңқы өзбек хандықтарының өзара жауласуы біртұтас күшті мемлекеттің қалыптасуына кедергі келтіріп, халықтың әл-ауқатын нашарлатты. XIX ғасырда Өзбекстан аумағына Ресей патшалығының ықпалы күшейе бастады. Ел аумағының едәуір бөлігін алып жатқан Бұхара әмірлігі мен Хиуа, Қоқан хандықтары түгелімен Түркістан губерниясының қарамағына өтті. Ресей империясы құрамында болған кезеңде Каспии сырты және Орынбор теміржолдарының салынуы нәтижесінде және ауыл шаруашылығындағы әйгілі Столыпин құруларын жүзеге асыру барысында аумаққа орыстар көптеп қоныс аударды.

Аумақта 1917 жылғы Қазан революциясының соң, кеңес үкіметін орнату басқа аймақтарға қарағанда көп қиындық туғызды. Бұл кезең 1924 жылы ғана Өзбек КСР-інің құрылуымен аяқталды. 1936 жылы Өзбекстан құрамына Қарақалпақ АКСР-і енгізілді.1991 жылы 26 желтоқсанда Өзбекстан тәуелсіздігін жариялады. Қазіргі кезде Өзбекстан Республикасы ТМД құрамындағы тәуелсіз мемлекет болып табылады.

Өзбекстан Республикасы құрамына 12 әкімшілік облыс пен Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы енді.

Табиғат және табиғат ресурстары. Өзбекстан жерінің көпшілік бөлігін Тұран ойпаты алып жатыр. Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығында Қызылқұм шөлі орналасқан, елдің солтүстік-батыс шеті Үстіртке ұласады. Тянь-Шанның оңтүстік-батыс сілемдерін құрайтын тау жоталары елдің шығысына қарай жатыр, олардың аралығында Ферғана аңғары орналасқан. Ел аумағында сейсмикалық жағдай тұрақсыз, жер сілкінулер жиі болып тұрады. Мысалы, 1966 жылы болған күшті жер сілкінуі нәтижесінде ел астанасы Ташкент көп зардап шекті.

Аумақтың геологиялық-тектоникалық құрылысының күрделі болуы жер қойнауының түрлі минералды ресурстарға бай болуына негіз болады. Әсіресе түсті, сирек кездесетін және бағалы металдардың ( алтын мен уран ), сондай-ақ фосфорит, графит, тұз кен орындары көптеп кездеседі. Тұран ойпатынан табиғи газдың ірі кен орындары ( Бұхара, Газли ) ашылған, тас көмір мен мұнай қорлары да барланған.

Өзбекстан жерінің басым көпшілігіне қоңыржай белдеудің шұғыл континентті климаты тән. Бұл климаттың басты белгісі – Күн радиациясы мен буланушылықтың өте жоғары болуына байланысты қуаңшылықтың жиі байқалуы. Қыс онша суық емес, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -7 -12 С, ал оңтүстігінде +3 С шамасында болады. Шілденің орташа температурасы +26 С, оңтүстігінде +32 С-қа жетеді. Жылудың мло болуы жеміс ағаштарын ( алма, өрік, шабдалы, інжір, анар, грек жаңғағы, бадам ), жүзім, көкөніс, сондай-ақ күріш, мақта сияқты жылу сүйгіш дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері көпшілік бөлігінде 100мм-ден аспайды, кей жылдары ғана 200мм-ден артық жауын-шашын түсуі мүмкін. Таулы аудандарда жауын-шашын мөлшері 500-600мм-ге дейін жетеді. Ылғалдың негізгі бөлігі қыс пен көктем айларында түседі. Жаздың аптап ыстығында оңтүстіктен соққан, құрғақ ыстық желдер егістік алқаптарды онда әрі құрғатылады. Сол себепті Өзбекстанның құрғақ климаты жағдайында суғармалы егіншілікті ғана дамытуға мүмкіндік бар.

Өзбекстан аумағында өзен торы біркелкі таралмаған. Таулы аудандарда өзен торы жиірек. Негізгі ірі өзендері – Амудария мен Сырдария республика аумағынан тыс жерде басталады. Республика аумағы арқылы осы өзендердің салалары ( Нарын, Қарадария, Сох, Шыршық, Зеравшан, Сурхандария ) ағып өтеді. Өзендердің барлық егістікті суаруға пайдаланылады, ал Амудария негізгі су көзі болып табылады. Тау өзенрдерінің энергетикалық қуаты кенінен пайдаланылады, жазықтағы өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстар ( бөгендер, каналдар ) көптеп салынған.

Республика аумағында көлдер аз, олар негізінен, шағын болғандықтан шаруашыпық маңызы жоқтын қасы.Өзбекстан жеріне Арал теңізінің оңтүстік бөлігі енеді.

Арал теңізінің табиғи ерекшеліктері мен экологиялық жағдайына қатысты мәліметтерді естеріне түсіріндер.

Өзбекстанның жазық бөлігін шөл зонасы алып жатыр,мұнда таралған шөлдің сұр топырағы күшті сортанданған.Жылудын аса мол болуы тұздануға ұшырамаған шұраттарда қолдан суару арқылы мәдени ланшафтыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Бұл алқаптарда егіншіліктін барлық саласын өркендетуге жағдай бар.Таулардың етегіндегі шөлдерден бастау алатын биіктік белдеулер тау төбелеріндегі мәңгі қар мен мұздықтарға ұласады.Таулы аудандардың рекреациялық мүмкіндіктері мол.Мұнда ыстық минералды бұлақтар көптеп кездеседі,олардың негізінде емдеу-сауықтыру орындары салынған.