Әзірбайжан — Кавказ сыртының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан теуелсіз мемлекет. Ол Кавказ елдері арасында жерінің ауданы мен халқының саны жөнінен жетекші орында. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, батысыңда Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, ал шептерге (Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жөне Талыш таулары) сәйкес келеді. Әзірбайжан жері шығысында Каспий теңізі суларымен шайылып жатыр, сол себепті Түрікменстанмен және Қазақстанмен де теңіздік шекаралары бар. Осы аталғандар негізінде елдің географиялық орнын экономикалық және геосаяси тұрғыдан қолайлы деп бағалауға болады.
Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 61 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахичевань автономиялық республикасы енеді. Нахичевань автономиялық республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің кұрамында болған Таулы Карабах автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Карабахтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2004 жылы Әзірбайжан аумағында 8,3 млн адам тұрды, кала халқының үлесі 52%-ды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 95,4 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкорань ойпаты мен Апшерон түбегінде халык тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Кура жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен.
Әзірбайжанда туудың жалпы көрсеткіштері соңғы он жылда төмендеп кеткенімен (1990 жылы — 20,2‰, 2000 жылы — 15‰,), көршілес Грузия мен Арменияға карағанда әлдеқайда жоғары. Табиғи өсу 2000 жылы 9‰, -ні құрады. Табиғи өсудің осы қаркыны сақталатын болса, ел халқының екі еселенуі үшін бар болғаны 77 жыл ғана қажет болар еді (Қазақстанға бұл үшін 161 жыл қажет). Әзірбайжан — көп ұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы саддарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Карабах мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.
Әзірбайжан аумағында халықтың тұрмыс деңгейі салыстырмалы түрде төмен, жүмыссыздық артуда. Таулы Карабах мәселесіне байланысты Армениямен 1988 жылы басталып, күні бүгінге дейін жалғасқан жанжал елдегі босқындар санын арттырып отыр. Мұның бәрі әлеуметтік салада едәуір мөселелер туындатады.
Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде Әзірбайжанның экономикалық қуаты жоғары, маманданған салалары күшті дамыған ел ретінде көзге түсетін. Шаруашылық ұзақ уақыт бойы елдің сапалы мұнай қорына негізделіп келді. Қазіргі кезде де ел өнеркәсібінің салалық қүрылымында көмірсутек шикізаты негізінде дамитын отын-энергетика кешені жетекші орын алады.
Барланған мұнай қоры (шамамен 4 млрд т) жөнінен Әзірбайжан ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі 2-орынды алады, барлық мұнай қорының 4/5 бөлігі теңіз қайраңындағы кен орындарының үлесіне тиеді.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдары Каспий қайраңындағы кен орындары бөліске салынды. Әзірбайжан қарамағында қазір 5 ірі теңіздік кен орны: Гюнешли, Чираг, Азери, Нефтяные Камни, Кяпаз бар. Ашық теңізде болат тіреулер үстінде орналасқан жасанды аралдар мұнай өндіру орталықтарына айналған. Мұнай ендіру мен еңдеу саласында мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші рөл атқарады. Оның қарамағында Каспий теңізіндегі ең ірі флотилия бар, онда 300-ден астам ірілі-ұсақты кемелер жинақталған.
Мұнай өндіру көлемі 1991 жылы 11,7 млн т болса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 15,5 млн т-дан асты. Ел өнеркәсібінің көптеген басқа салалары мұнай мен газ өндірумен тығыз байланысты. Өндірілетін электр энергиясының 90%-дан астамын мұнай мен газға негізделген жылу электр станциялары береді. Мұнай өндеу кәсіпорындары химия өнеркәсібімен тығыз байланысқан, мұнда дәстүрлі өнім түрлерімен қатар синтетикалық каучук, шина, пластмасса, жасанды талшықтар өндіріледі. Ірі орталықтары — Баку мен Сумгаит.
Машина жасау саласының мамандану сипаты, ең алдымен, отын-энергетика кешенінің дамуымен анықталады. Елдің машина жасау кәсіпорындарында кеңес дәуірінен бері мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (ең алдымен, бұрғылау қондырғылары) жасалады. Кезінде қарқынды дамыған прибор жасау, электр құралдары мен радиотехника өндірісі қазіргі кезде терең дағдарысты басынан кешіруде.
Әзірбайжанның ауыл шаруашылыгы суармалы алқаптарды игерумен байланысты дамуда. Егістік жерлердің жартысынан астамы ірі бөгендерден тартылған каналдар жүйесі арқылы суарылады. Мұнда бидай, күріш, мақта, малазықтық және техникалық дақылдар күтіп, бапталады. Тау бөктерлерінде жүзімдіктер мен бау-бақшалар орналасқан (26-сурет). Кура-Аракс ойпатының табиғи жайылымдары қой шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Жергілікті ресурстарға негізделген дәстүрлі салалар қатарына балық аулау мен жібек шаруашылығын да жатқызуға болады.
Көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзірбайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз көлігі алады. Баку — Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк пен жолаушы тасымалында тас жолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тас жолдардың тығыздығы 264 км, бүл көрсеткіш бойьшша Әзірбайжан ТМД елдері арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.
Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚІП доллары) экспорттан (606 млн АКІП доллары) асып түседі. 2004 жылы Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 млн АҚІП долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың Каспий мұнайын өндіру мен тасымалдауға қатысты халықаралық жобалар негізінде даму болашағы зор.
Армения. Ел солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді.
Армения — қызғылықты оқиғаларға бай тарихы бар ежелгі мемлекет. Әлемдегі көне этностардың бірі болып саналатын армян халқы Армян таулы қыратын біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын мекен еткен болатын. Қазіргі Армения аумағында б.з.д. IX ғасырдың өзінде құл иеленуші ежелгі Урарту мемлекеті болған, ал б.з.д. IV ғасырда Армян патшалығының негізі қаланды. Біздің заманымыздың басында мемлекет аумағында христиан діні тарала бастады. Осылайша жаңа заманның 301 жылы Армения христиан мемлекетіне айналды. Орта ғасырларда гүлденген Армения қалалары сауда мен өнер орталықтары болды. X ғасырдың соңына қарай елдің оңтүстік бөлігін Византия басып алды. Армения бұдан кейін тағдыр тәлкегіне көп ұшырады: сан ғасыр бойы ел аумағы талай рет сырттан келген жаудың табанында қалды. XVII ғасыр-да Арменияның екі куатты көршісі бұл елді екіге бөліп алды; ел аумағының батысы Түркияның, ал шығысы Иранның қарамағына өтті. Кейінірек орыс-парсы соғысының нәтижесінде Шығыс Армения Ресей империясының құрамына енді.
Түркияның қол астында қалған Батыс Армения жылдар бойы түрік билеушілерінің қатал езгісінде болды. Бұл қайғылы оқиғалар армян халқының тағдырына елеулі ықпал етті: құртып-жоюдан аман қалған армяндар ата қонысын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін армяндардың ірі топтарын осымен түсіндіруге болады.
1922 жылы Армения Грузия және Әзірбайжанмен бірге Кавказ сырты Кеңестік Федерациялық Социалистік Республиканың құрамына еңді. 1936 жылы КСРО құрамына одақтық республика ретінде кірді. Қазіргі кезде Армения БҰҰ, ТМД мүшесі болып табылады. Республика өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 23 қыркүйегінде жариялаған болатын.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Бұл шағын елдің табиғат жағдайлары өте алуан түрлі. Ел аумағының 9/10 бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан, мұның өзі жер қорын шаруашылық мақсатта пайдалануды қиындатады. Елдің оңтүстік-батыс бөлігін Арарат жазығы алып жатыр, мұнда ТМД аумағыңдағы ең ежелгі және әдемі қалалардың бірі болып саналатын ел астанасы Ереван орналасқан. Арменияның таулы бөлігі сейсмикалық жағынан қауіпті ауданға жатады, соңғы жойқын жер сілкінісі 1988 жылы Спитак қаласы маңында болды. Арменияның ең биік нүктесі — елдің солтүстігінде орналасқан Арагац тауы (4090 м). Ел аумағында түсті металдардың едәуір мол қоры шоғырланған. Әсіресе мыс кен орындары айрықша көзге түседі. Олар елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-бастысында орналасқан. Мыстан басқа, Армения молибден кен орындарымен, алуан түрлі құрылыс материалдарымен (мәрмәр, гранит, туф және т.б.) әйгілі.
Ел аумағы субтропиктік белдеуде жатыр. Қаңтардың орташа температурасы 0° С-тан 12°С -қа дейін, ал шілденің орташа температурасы +18°С-тан +24 С-қа дейін ауытқиды. Жылдық жауын-шашынның ең көп мөлшері (900 мм) Кіші Кавказдың батыс беткейлерінде түседі, ал Арарат аңғарында оның көрсеткіші бар болғаны 220 мм ғана. Сол себепті егістік алқаптары қолдан суаруды қажет етеді. Елдің шығысында, Әзірбайжанмен шекараға жақын жерде Севан тау көлі орналасқан. Көл суы әрқашан салқын, тіпті жаздың өзінде оның жағалауында салқын леп соғып тұрады. Көл айналасында ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Севанға жақын маңда минералды бұлақтар негізінде жұмыс істейтін Джермук, Арзни және басқа сауықтыру орындары орналасқан. Өзен торы біркелкі таралмаған, ол тек биік таулы аудандарда жиірек. Елдегі ең ұзын өзен — Аракс.
Халқы. 2004 жылдың соңына қарай Арменияда 3,2 млн халық тұрды, халықтың орташа тығыздығының көрсеткіші 1 км2-ге 108 адамнан келді. Жер бедерінің күрделі болуы халықтың қоныстану сипатына да ықпал еткен: Армения халқының жартысынан астамы Арарат жазығында тұрады. Табиғи өсу жыл саын қысқарып келеді, қазіргі кезде оның көрсеткіші 4°/00-ге тең. Қала халқының үлес салмағы — 67%. Арменияны бірұлтты елдер қатарына қосуға болады, өйткені оның халқынын 94%-ын армяндар құрайды. Басқа ұлттар арасында орыстардың, күрдтердің, грузиндер мен гректердің саны біршама.
Шаруашылығы. Соңғы онжылдыкта ТМД-ның басқа да жас тәуелсіз мемлекеттеріндегі сияқты, Арменияда да экономиканың құлдырауы басым болды. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты да төмендеп кетті. Қазіргі кезде ЖІӨ-нің жан басына шаққаңдағы көрсеткіші бар болғаны 560 АҚШ долларына тең (бұл ТМД бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі). Елдегі жұмыссыздар саны 109 мың адамға жеткен, бүл ЭБХ-тың 9%-ын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Армения ТМД елдері арасында 1-орын алады.
Өнеркәсіп үлесіне ЖІӨ-нің 34%-ы тиесілі. Өнеркөсіп құрылымында машина жасау басым, әсіресе прибор және станок жасау, радиотехника мен электроника жақсы дамыған. Өнеркәсіптің байырғы салаларының бірі — жергілікті шикізат көзіне негізделген түсті металлургия. Бұл саланың жекелеген кәсіпорындары электр энергиясының тапшылығынан өз жұмысын тоқтатқан. Елде мұнай мен табиғи газ қоры жоқ, мұның өзі елді энергия көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге кедергі болуда. Электр энергиясы Армян АЭС-і мен Раздан өзеніндегі СЭС жүйесінде өндіріледі. Соған қарамастан жыл сайын жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру азайып келеді.
Басқа салаларға қарағанда, жергілікті шикізат кезіне бағдарланған тамақ өнеркәсібі тұракты дамып келеді. Өндірілетін өнімнін негізгі түрлері (шарап, коньяк, жеміс консервілері) республикадан тыс жерлерге көп сатылады. Елде құрылыс материалдарын өндіретін бірнеше кәсіпорын жүмыс істейді.
Агроөнеркәсіптік кешенде жүзім шаруашылығы мен жеміс өсіру жетекші орын алады (26-сурет). Жүзімдіктер мен жеміс бақтарының көшпілігі Арарат аңғарының суармалы алқаптарында орналасқан. Тауларда бидай мен арпа өсіріледі. Жалпы алғанда, жыртылатын жерлер ауыл шаруашылығы жерлерінің 2/5 бөлігін құрайды. Қазіргі кезде елдің ауыл шаруашылығы табиғи сипат алған, яғни ел азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылуда. Соған қарамастан астық, сүт жөне ет өндіру көлемі қысқарған.
Сыртқы саудадағы негізгі бағыт — импорт көлемінің ұдайы артуы, ол экспорт көлемінен әлдеқайда артық болып отыр. Ел мазут, табиғи газ, ауыл шаруашылық өнімдерін сырттан сатып алуға мәжбүр. Елдің сыртқы экономикалық байланыстардағы негізгі әріптестері Ресей, Иран және Түрікменстан болып табылады.
Грузия. Грузия солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Армения және Түркиямен, шығысында Әзірбайжанмен шектеседі. Ел аумағы батысында Қара теңіз суларымен шайылып жатыр. Теңіздік шекараларының болуы елдің геосаяси жағдайының сипатын анықтаумен бірге, сырткы экономикалық байланыстарын дамытуға да қолайлы әсер етеді. Үлкен Кавказ асулары арқылы елді Солтүстік Кавказбен жалғастыратын аса маңызды құрлық жолдары өтеді. Әкімшілік жағынан Грузия 66 ауданға бөлінеді, құрамына Абхазия және Аджария автономиялық республикалары енеді.
Ел халқыіның саны 2004 жылы 4,3 млн адамды құрады. Жалпы алғанда, Грузия халқының саны тәуелсіздік алған кезеңнен бері қысқару үстінде, бұл, ең алдымен, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты түсіндіріледі. Басқа мемлекеттерге коныс аударушылар саны артуда. Сонымен қатар соңғы он жылда халықтың табиғи өсуі 2,5 есе азайып, 2000 жылы 0,2%-ды құрады. Оның басты себебі — туудың азаюы. 2000 жылы туу көрсеткіші бар болғаны — 9°/00, ал өлім коэффициенті 8°/00 шамасында болды. Ғалымдардың болжауы бойынша, елде осындай демографиялық жағдай сақталатын болса, Грузия халқының екі еселенуі үшін 462 жыл кажет екен. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шамамен 62,3 адамды құрайды, бірақ ел аумағында халық біркелкі коныстанбаған. Халықтың 9/10 бөлігі абсолюттік биіктігі 1000 м-ге дейінгі аумақтарда (мұндай аудандар ел ауданының 45%-ы ғана) шоғырланған. Әсіресе табиғаты қолайлы Қара теңіз жағалауы, Колхида ойпаты мен Кура өзенінің аңғарында халық тығыз коныстанған. Қала халқы ауыл халқынан аздап болса да басым (56%). Ірі қалалары: Тбилиси (1,3 млн адам) мен Кутаиси (235 мың адам).
Халқының ұлттык құрамы өте күрделі: елде 100-ден астам ұлттың өкілдері тұрады. Грузиндер ел халқының 70%-ын, армяндар — 8%, орыстар — 6%-дан астамын, ал әзірбайжандар 6%-ға жуығын кұрайды. Елден соңғы жылдары басқа ұлт өкілдерінің, әсіресе орыстардың тарихи отанына қоныс аудару қарқыны артып отыр. Халықтың діни кұрамында христиан дінінің православие тармағы басым (75%), ислам және иуда дініндегілердің үлесі де біршама.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі соңғы кезеңде Грузия экономикасы терең дағдарысты басынан кешіруде. Оған бұрынғы шаруашылық байланыстардың үзілуі, елдегі саяси тұрақсыздық, өндіріс көлемінің қысқаруы себепші болуда. Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1990 жылғы өнеркөсіп өнімі көлемінің 16%-ын ғана кұрайды. Ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі де қысқарған, ол 1990 жылғы осы салада өндірілген өнім көлемінің 63%-ын ғана береді. Жалпы алғанда, елдің қазіргі шаруашылык құрылымында өнеркәсіп үлесінің күрт азаюы және ауыл шаруашылығы үлесінің артуы байқалады. Мұны экономистер экономикалык кері кетудің басты белгісі ретінде бағалайды. Қазіргі кезде елдің ЖІӨ құрылымында өнеркәсіп шамамен 22%-ды, ал ауыл шаруашылығы 22%-ын құрайды, қызмет көрсету саласының еншісіне 56%-ы тиесілі (26-сурет).
Елдің отын-энергетикалық базасы әлсіз. Республикадағы аса ірі Ингури СЭС-і ішкі жанжалдарды қоздырып отырған Абхазияның бақылауында қалып қойды. Ал Ткварчели мен Ткибули көмір кен орындарында тас көмір өндіру көлемі 10 еседей қысқарған. Мұнай мен электр энергиясын өндіру 1991 жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарған. Сол себепті елде терең энергетикалық дағдарыс етек алған.
Грузия өнеркәсібінің дәстүрлі саласының бірі — тамақ өнеркәсібі. Бұл саланың кәсіпорындарында шай, шарап-коньяк, темекі өнімдері, эфир майлары, көкөніс және жеміс консервілері, минералды сулар өндіріледі. Өнеркәсіптің Кеңес дәуірінде едәуір жақсы дамыған салаларының (машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі) ірі және орташа кәсіпорындары 1993 жылдан бастап, шикізат және отын тапшылығынан, кұрал-жабдықтардың қосымша тетіктерінің болмауынан тоқтап қалды.
Грузияның агроөнеркәсіптік кешені кеңес дәуірінде бүкілодақтық маңызға ие болатын. Сол жылдары ел КСРО аумағында өндірілетін шайдың 94%-ын, цитрустардың 100%-ын, лавр жапырағының 96%-ын беретін. Колхида ойпатындағы құнарлы жерлерді кұрғату жұмыстарына көп көңіл бөлінген болатын. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 16%-ын ғана құрағанымен, бұл салада ЭБХ-тың жартысынан астамы жұмыс істейді. Шаруашылықта шай плантацияларының маңызы зор. Ұзақ жылдар бойы шай плантацияларында қол еңбегі қолданылып, тек кейінгі 20—30 жылда ғана техника жетістіктері енгізіле бастады. Кеңес дәуірі кезінде Грузияда дүние жүзі бойынша алғашқы шай жинау комбайны құрастырылып, іске қосылған болатын. Жиналған өнім жергілікті шай өңдеу фабрикаларында алғашқы өңдеуден өтеді.
Малазықтық дақылдар республикадағы егістік көлемінің 30%-дан астамын алып жатыр, ал жартысына жуығы дәнді дақылдар үлесіне тиеді. Грузия егіншілері жылына 700 мың т астық, 400 мың т картоп, 450 мың т көкөніс пен бақша дақылдарының өнімдерін жинайды. Сонымен қатар елде жеміс бақтары, жүзімдіктер едәуір алқапты алып жатыр. Жергілікті жүзім сорттарынан дайындалған әйгілі грузин шараптарын көптеген елдер сатып алады. Мал шаруашылығында сүтті-етті ірі қара малдың үлесі жоғары, оның жалпы саны 1,2 млн бастан асады.
Көлік жүйесінде теміржолдың маңызы зор. Теміржолдың жалпы ұзын-дығы — 1420 км, ал тас жолдардың ұзындығы 22 мың км-ден асады. Ел экономикасында теңіз көлігінің алатын орны үлкен. Маңызды теңіз порттары — Батуми, Сухуми, Поти және Гагра. Республика аумағы арқылы Солтүстік Кавказ — Әзірбайжан газ құбыры, Баку — Батуми мұнай құбыры өтеді. Елдің географиялық орнының қолайлылығына сәйкес, халықаралық көлік жүйесін дамытудың мүмкіндіктері мол. Саяси жагдайдың тұраксыздығы бұл мүмкіндіктерді пайдалануды шектеп отыр.
Елдің сыртқы саудасына импорттың экспорттан басым болуы тән. Грузия экспортқа ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің өнімдерін, металдар шығарады. Ірі сауда әріптестеріне Ресей, Түркия, Әзірбайжан жатады.