Географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресуретары. Республика ТМД-ның оңтүстік-батысында, Прут пен Днестр өзендерінің аралығында орналасқан. Ол Украинамен және Румыниямен шектеседі. Молдова шаруашылық жағынан игерілген аумақты алып жатыр. Оның жер бедерінде үстірттер мен ойпаттар алмасып отырады. Олардың ішінде Орталық Молдова немесе Кодралар ерекше көзге түседі. Ол өзендердің терең аңғарларымен тілімделген. Аңғардың тегіс беткейлері бақтар мен жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Кодралар — өзінің табиғат жағдайы бойынша дүние жүзіндегі жүзім өсіретін бірден-бір аудан.
Климаты қоңыржай континентті. Жазы ұзақ өрі ыстық. Қысы қысқа әрі жұмсак. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері аз (солтүстікте — 500 мм, ал оңтүстікте 400 мм-ге дейін). Сондықтан егістер қолдан сулаңдыруды қажет етеді.
Топырақ-климат ресурстары республиканың негізгі табиғи байлығы болып саналады. Климаттың температуралық режимі және кұнарлы кара топырағы бау-бақша және жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығының үлесіне тисе, оның 12%-ын гүл плантациялары, бақтар мен жүзімдіктер алады.
Днестр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашы-лығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана коймай, кеме қатынасында да қолданылады.
Республика аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек кұрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар коры ғана бар. Молдовада отын ресурсы аз болғандықтан оны ТМД-ның республикаларынан тасымалдайды.
Халқы. Молдова халқы өте тығыз орналасқан республика. Мұндағы халыктың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 119 адамнан келеді. Тұрғындарының негізгі бөлігін молдовандар (64%) кұрайды. Басқа ұлттардың ішінен орыстар (14%), украиндар (13%) басым. Олар Днестрдің сол жақ жағалауында көп қоныстанған. Елдің оңтүстігінде гагауыздар (3,5%) тұрады. Халықтың үлкен бөлігін ауыл тұрғындары (54%) алады. Соңғы онжылдықта өнеркөсіптің өркендеуіне байланысты кала тұрғындарының саны да өсіп отыр. Кишинев, Бельцы, Бендеры сияқты қалалардағы халықтың саны 100 мың адамға жетті.
Шаруашылығы. Молдованың шаруашылық кешеңдеріндегі алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркөсібі, машина жасау және жеңіл индустрия алады. Сонымен катар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған.
Тамақ өнеркәсібі өр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Оның консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі сияқты салалары бар. Бау-бақша дақылдарын консервілеу өнеркөсіптері тасымалдауға қиындық туғызады. Өңдірістердің көбі республиканың оңтүстік-шьғысында шоғырланған. Зауыт Кишинев, Кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі калаларда салынған.
Қант шығаратын зауыттар Молдованың солтүстігіңде, яғни қант қызылшасы көп егілетін жерлерде орналасқан. Олардың ең ірілері — Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы сияқты қалаларда шоғырланған.
Май шайқайтын (эфир майын, жүгері мен күнбағыстан өсімдік майын алатын) өнеркәсіптер ел аумағында біркелкі орналасқан. Қазіргі кездегі ең ірі зауыттары Бельцы мен Бендеры қалаларында жұмыс жасайды.
Шарапжасау—шаруашылықтың көне саласы болып табылады. Шарап пен коньяк шығаратын көсіпорындар жүзімдіктері көп аудандарда (орталық және оңтүстік Молдова) орын тепкен. Ал ең ірі шарап-коньяк комбинаттары: Кишинев пен Тираспольде.
Темекіөнеркәсібі—негізінен, республиканың темекі өсіретін солтүстік және орталық аймақтарында дамыған.
Машина жасау — соңғы жылдары қалыптасқандығына қарамастан, мұнда тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбайндар (Бельцы), ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркөсібіне қажетті құралдар шығаратын зауыттар мен электроника (Кишинев) қарқындап дамуда. Машина жасау өнеркәсібі Молдова металлургиялық өндеу зауытының (Рыбница) металын және Украинадан әкелінетін шикізатты пайдаланады.
Жеңіл өнеркәсіп шеттен әкелінетін шикізатты қолданады. Тоқыма өнеркөсібінің көсіпорындары мақта мата (Тирасполь комбинаты) және жібек мата (Бендеры) шығарады. Кілем тоқитын үлкен комбинат та (Унгены) жұмыс жасайды. Сонымен қатар тігін, тоқыма, былғары аяккиім фабрикалары (Кишинев, Тирасполь) бар.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі жабынқыш (черепица), бақалшықтардан түрлі блоктар, шифер, темір-бетон сияқты кұрылыс өнімдерін шығарады.
Электр энергетикасы республика экономикасында үлкен рөл атқарады. Днестр өзеніне Дубоссар СЭС-і, ал Прут өзеніне Румыниямен бірлесе отырып СЭС салынған. Аса қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласының маңында жұмыс жасаса, ал Кишинев, Тирасполь мен Бельцы қалаларында сырттан әкелінетін отынды пайдаланатын ЖЭО бар.
Ауыл шаруашылығы. Молдованың ауыл шаруашылығының негізгі ерекшелігі — өсімдік шаруашылығының мал шаруашылығынан басым болуы. Өсімдік шаруашылығының үлесіне ауыл шаруашылығындағы жиынтық өнімнің 70%-ы тиеді. Астық (жүгері жөне ыстық бидай) және техникалық (қант қызылшасы, күнбағыс, эфир майы) дақылдар мен бау-бақша өсіріледі. Жүзімдіктер мен бақтар кеңінен тараған. Жүзім жинаудың жиынтық көрсеткіші бойынша Молдова ТМД-да Әзірбайжаннан кейінгі 2-орынды алса, ал жеміс-жидек жинаудан ТМД-да 3-орынды (Украина мен Рессейден кейінгі) алады. Сонымен қатар аумақ аудандарында грек жаңғағы өсіріледі.
Молдовада мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Мүнда, негізінен, сүт-ет бағытындағы ірі қара, шошқа және қаракөл қой түқымдары өсіріледі. Құс шаруашылығымен де шүғылданады.
Көлік. Молдовада теңіз көлігінен басқа, қазіргі кездегі көліктің барлық түрі дамыған. Жүк тасымалдаудың негізгі мелшері теміржол мен автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Теміржолдың ұзындығы 1 мың км-ден асады. Бұл жолдар бойымен республиканың ТМД және Шетелдік Еуропа елдерімен ішкі экономикалық байланыстары жүзеге асады.
Автомобиль көлігі, негізінен, республиканың ішкі жол қатынасын атқарады. Газ кұбырлары арқылы Украина мен Ресейден табиғи газ тасымалданады. Сонымен бірге алыс-жақын елдермен әуе қатынасының да рөлі едәуір.