Шаруашылығына жалпы сипаттама. Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы – аграрлы ел.Кеңес одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады.Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді.Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғаның білесіндер.Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды:1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі;2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы;3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі.Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, рның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.
1990 жылдардан бастап жүргізілген нарықтық қайта құруларға қарамастан,шаруашылықтың салалық құрамында ала – құлалық сақталуда.Қазіргі кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өңдірістің шоғырлануы және монополиялану деңгейі жоғары.Ресей экономикасы басым түрде шикізат пен материалдарды шетке сатуға негізделіп отыр.
Ресей шаруашылығының аумақтық орналасуы әркелкі.Табиғат ресурстарының басым бөлігі азиялық бөлікте өндірілгенімен, негізгі тұтынушылар, өндірістік – техникалық және ғылыми әлеует еуропалық бөлікте шоғырланған.Енді шаруашылықтың жеке салаларының орналасуымен және құрылымдық ерекшеліктерімен танысайық.
Отын- энергетикалық кешені. Ресей экономикасында отын – энергетика кешенінің маңызы өте зор,өйткені ел экспортының 40℅ — ын отын – энергетикалық шикізат құрайды.Кешен отынның барлық түрлерінің өндіру, тасымалдау және бастапқы өңдеу, электр энергиясын өндіру мен тасымалдауды қамтиды.
Отын өнеркәсібі отын түрлерін өндірумен және алғашқы өндеумен айналысады.Бұл салаға өнеркәсіпте жұмыс істейтіңдердің 6℅- ы және өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 20℅- ға жуығы тиесілі.
Ресей табиғи газдың барланған қоры жөнінен 1- орын алады,оның үлесіне әлемдік газ қорының 1/3 бөлігі тиесілі.Табиғи газдың ең ірі алабы – Батыс Сібір, бұл алап Ресейде өндірілетін газдың 90 ℅- ын береді.Негізгі газ кен орындары Ямал- Ненец автономиялық округінде орналасқан.Табиғи газ өндірілетін басты орталықтар – Жаңа Уренгой мен Надым.
Мұнай құбырлары арқылы өндірілетін мұнайдың 95℅ — ы тасымалданады.Ресей мұнайының батыстағы бұрынғы социалистік елдерге теңіз порттары мен елдегі тұтыну аудандарына жеткізетін мұнай құбырларының аса ірі жүйесі жасалған.Қазіргі кезде Ресей мұнай өндіруден дүниежүзінде 1- орын алады.Елде өндірілетін мұнайдың 40 ℅- ы экспортқа жөнелтіледі.
Электр энергиясын өндіру жөнінен 4 –орын алады.Электр энергиясын өндіруде жылу электрстанцияларының үлесі жоғары.Еуропалық бөлікте олар, негізінен, газ бен мазутты,ал азиялық бөлікте көмірді пайдаланылады.Мұнай өндіретін аудандарда қосалқы электр орталықтары электр станциясын өндірумен қатар,қалаларда жылумен де қамтамасыз етеді.
Елдегі өндірілетін электр энергиясының 20℅- ға жуығын су электр станциялары береді.Жалпы,Ресейдің су – энергетикалық қоры аса мол болғанымен, оның4/5 бөлігі аз игерілген аудандарда шоғырланған.Қазіргі кезде осы қордың тек 20 ℅ — ы ғана пайдаланылады.Аса ірі Саян,Краснояр,Братск,Усть- Илим су электростанциялары елдегі ең қуатты Ангара – Енисей каскадын құрайды.
Металлургия және машина жасау.Металлургия кешені металл кендерін өндіру мен байытуды, металдарды балқыту мен прокат өндірісін қамтиды.
Қара металлургия, темір, марганец, хром сияқты қара металл кендерін өндірумен және оларды өңдеумен айналысады.Бұл металдарды өндіру көлемі жөнінен Ресей әлемде Жапония, Қытай, АҚШ- тан соң 4- орын алады.Қазіргі кезде Ресей жыл сайын 83 млн т темір кенін, 45 млн т шойын, 70,6 млн т болат өндіреді,47 млн т шамасында қара металдардың дайын прокаты, 5,4 млн т болат құбырлар жасалады.
Елдің қара металургиясы жоғары деңгейде шоғырланған.Кеннің басым бөлігі аса ірі кеніштерде өндірілсе, дайын металдың жартысынан астамын толық циклді 8 комбинат береді.Темір қоры, негізінен, еуропалық бөлікте шоғырланған.Батыс және Шығыс Сібірдегі,Қиыр Шығыстағы кен орындарында да болашағы зор.Темірмен салыстырғанда қоры мардымсыз марганец Кемерово және Свердллов облыстарында, ал хром Пермь облысында өндіріледі.
Түсті металлургия елдегі өнеркәсіп өнімінің 8,5 ℅- ын береді.Түсті металдарды өндіру жөнінен Ресей АҚШ – тан кейін 2 – орын алады.Елде 70 – тен астам түсті металл түрлері өндіріледі.Олар ерекшеліктеріне қарай негізгі (алюминий, титан, магний, мыс, никель, қорғасын, мырыш және т.б.), легирлеуші (сапалы болат алу үшін қара металдарға қосылатын , мырыш және т.б.), бағалы (алтын, күміс, платина) және сирек металдар (цирконий, германий және т.б.) деп бөлінеді.Түсті металлургияда алюминий өндірісінің үлес салмағы жоғары, жылына Ресей металл күйінде 3 млн т алюминий өндіреді.Негізгі шикізат қоры Ленинград, Свердлов,Челябі облыстарында, еуропалық бөліктің солтүстік – батысында,Краснояр өлкесінде шоғырланған.
Ресей жылына 130 т алтын өндіреді, оның басты орталығы Қиыр Шығыс болып табылады.Алтын өндірісі жөнінен ел әлемде 5 – орын алады.Сирек металдар Оңтүстік Сібірде, Оралда және Кола түбегінде өндіріледі,өнімнің 80 ℅- ы экспотталады.Түсті металлургия саласында, әдетте, алмас өндірісін де жатқызады.Ресейдегі алмастың 99 ℅- ы Саха республикасында өндіріледі.Жалпы алғанда, түсті металлургияның негізгі дамыған аудандары Орал, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс болып табылады.Мұндағы кәсіпорындар өз шикізатымен қатар, Қазақстаннан әкелетін алюминий шикізатын (глинозем) , қорғасын мен мырыш концентраттарын пайдаланады.
Машина жасау – Ресейдің экономикалық даму денгейін анықтайтын маңызды саланың бірі.Оның үлесіне елдің өнеркәсіп өнімінің 20 ℅- ы тиесілі.Ресейде машина жасау саласы бойынша 50 мыңнын астам кәсіпорын жұмыс істейді.1990 жылдары жеңіл автокөлік жасаудан басқалары өнім көлемін екі еседей қысқартты.Бұл шетелдік машиналар мен жабдықтарға қарағанда ресейлік өнімдердің сапасының төмен болуымен түсіндіріледі.Ресейдің машина жасау кәсіпорындарында тау – кен, энергетика, химия,орман, жеңіл жә»не тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал – жабдықтар,көлік құралдары мен электр техникасы,электрондық құралдар жасалады.Кейбір өнімдер тек бір ғана кәсіпорында шығарылады.
Өнеркәсіптің басқа салалары. Ресей өнеркәсіп құрылымында химия, орман, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің маңызы зор.Елдің химия өнеркәсібінің құрамына мындаған түрлі өнім шығаратын кәсіпорындар енеді.Кейбір химия өнімдерін шығаруда Ресей әлемде алдыңғы орында алады.Мысалы, күкірт қышқылын өндіруден- екінші, минералды тынайтқыш бойынша бксінші орынды иеленеді.Химия өнеркәсібінде табиғатта жоқ, бірақ қасиеттері өзінің табиғи баламасымен салыстырғанда асып түсетін жаңа материалдар жасалады.Химия өнеркәсібі шексіз шикізат базхасына ие болғандықтан, кәсіпорындарын барлық жерде бірдей орналастыруға болар еді.Біңрақ қазіргі кезде олардың басым бөлігі мұнай және газ өндірудің өнімдеріне негізделген.Сол се,бепті мұндай кәсіпорындар көбінесе шикізатты өндіретін және өндейтін аудандарда орналасады.Химиялық технологиялар алуан түрлі және күрделі болады.Кейде бір шикізаттан ондаған түрлі өнім алынады.Мұның өзі әртүрлі комбинаттардың қалыптасуына әсер етеді.Қазіргі кезде қоршаған ортаны ластайтын химиялық кәсіпорындарға қатысты экологиялық талаптар күшейтіліп келеді.
Ресей аумағының жартысына жуығын орман алып жатыр.Елдегі ағаш сүрегінің жалпы қоры 80 млрд м3 – ді құрайды.Сол себепті мұнда орман өнеркәсібін дамыту үшін шикізат қоры жеткілікті.Оның жеке салаларыгнаң орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді.
Жеңіл өнеркәсіп салалары арасында, әсіресе жергілікті шикізатқа негізделген тоқыма өнеркәсібінің маңызы зор.Шикізатты бастапқы өндеу өндірілетін аудандарда жүргізіледі.Ал тоқыма кәсіпорындары ірі қалалар мен олардың маңында орналасады.
Тамақ өнеркәсібі- ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты салалардың бірі.Бұл саланың кәсіпорындары барлық аудандарда бар.Шикізатты алғашқы өндеу барысында қалдық көп болады және кейбір ауыл шаруашылық өнімдері алысқа тасымалдауға жарамсыз.Сол себепті оларды өндейтін кәсіпорындар шикізат көзіне жақын орналасады.Бұл топқа май шайқау,қант,ұн – жарма өндірістерінен басқа, балық өнеркәсібі де жатады.Ресейде жылына шамамен 3 млн т балық ауланып өндіріледі.Алғашқы өндеуден өткен шикізатты пайдаланып жұмыс істейтін кәсіпорындар тұтынушыларға жақын орналасады.Қалалар мен ірі елді мекендерде ет, сүт және макарон,кондитерлік өндірістер шоғырланған.