Экономикалық –географиялық жағдайы. Ресей Федерациясы (РФ) – Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзіңнде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калиниград обылысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүскіке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.
Рсей аумағының 1/4 Еуропада, 3/4 –і Азияда орналасқан. Оныңжағалауларын үш мұхиттыңсуы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасу оның экономикалық –географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүнеи жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калиниград обылысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекарасы жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасу елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді.
Дегенімен Ресейдің өзінің көпшілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің Географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғагнда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ жіне Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік -Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік- Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай,Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Реейдің тынықмұхиттық жағалауы Азия –Тынықмұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Ресей – сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады, Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәсеку айналасында бірігу XIV-XVғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80 –жылдарына қарай татар- моңғол болашақтағы күшті Орыс мелекетінің негізі қаланды.
Кейінгі ғасырда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік- батысындағы, шығысындағы , оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVІ ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу мақсатында көршілес елдермен,соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.
XVІІІ ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. І Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрылудың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
1991 жд. Ішкі қайшылықтар мен сыртықы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Рсей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастывғы бұзылған кеңістікте экономикалық байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайды емес геосаяси жағдай қалыптасты.
НАТО елдрімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, «қырғиқабақ соғыс» саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатына бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресйдің белгілі бір елднр тобына бағдарланған саясатжүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенімен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, құбылыс ретінде бағаланбайды.
Ресей геосаяси тұрғыдан ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық Тынықмұхитпен аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе, АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым- қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайтуға түспекші.
Әкімшілік- аумақтық құрылымы. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 4 дербес округ, 1 дербес обылыс, 9 өлке,46 обылыс,2 федерациялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санк-Петербург) енеді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару , сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Рсей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің біріңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.