ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары

ТМД –Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек жәнеынытмақтастық одағы. ХХ ғ. 90-жылдарындағы басты оқиғаладрың бірі – социялистік жүйенің және оның негізінде құрылған халықаралық экономикалық қатынастардың ыдырауы. Социялистік жүйенің темірқазығы болып саналатын Кеңестер Одағының бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуі жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына, өндірістің қысқаруына, елдердің арасындағы шаруашылық – экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстардың әлсіреуіне, тіпті үзілуіне апарып соқты.

Кезінде Кеңеңстер Одағы құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер өздерінің экономикалық мақсаттары мен басым бағыттарын жүзеге асыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасында тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісі мен өзара ынтымақатстықтыңқажеттілігіне көз жеткізді. Сөйтіп,ынтымақтастықты дамыту және одан әрі жетілдіру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. Жаңа құрылған ТМД елдері экономикалық-әлеуметтік жағдайды орнықтырумен қатар, шекаралық мәселелерді де өз бетінше шешуге мәжбүр болды.

Экономикалық байланыстары. ТМД елдерінің құрылуы жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуымен, өндірі өнімдерінің кенет төмендеуімен, елдер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. ТМД елдеріндегі өндіріс өнімнің жалпы төмендеуін 100% деп есептесек, оның 60%-ы осы шаруашылық байланыстардың үзілуінен төмендеді.

Тәуелсіздік алып, қайта құрылған мемлекеттердің үкіметтері өз мемлекеттерінің мүдделері мен экономикалық басылымдықтарын қалыптастыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісін сақтау қажеттігін түсінді. ТМД елдері арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен басталады. 1993 жылдың қыркүегінде Мәскеуде мелекет пен үкімет басшыларының қол қоюымен ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралыкелісімшарт жасалды. Экономикалық одаққаалғашында 8 мемлекет, яғни Армения, Беларусь,Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан, Қырғызтан, Молдова кірді. Ал Украина мен Әзербайжанқауымдастықтың мүшелігіне кейінен енді. 2009 жылы 18 тамызда Грузия мемлекеті өз өтініші бойынша ТМД құрамынан ресми түрде шығарылады.

Елдер арасындағы қарым-қатынастар барлық еледр үшін тең мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамассыз етуге негізделіп, нарық экономикасы принциптеріне сәйкес құрылады. Бұл ТМД аумағында өзара тиімді, ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға; экологиялық мәселелер мен қиындықтарды шешуге; жұмыс күшімен алмасуға; қаржы- несиелік,сыртқы сауда, кедендік және валюталық саясатты келісуге және сол сияқты мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

1994 ж. 15 сәуірінде қабылданған еркін сауда аймағын (ЕСА) құру туралы келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12 мемлекеттің басшылары қол қойды. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі болып табылады.

1995 ж. Қазақстан, Беларусь, Қырғыстан және Ресей кедендік одақ құрды, оған 1998 ж. Тәжікстан қабылданды. Соның нәтижесінде бұл елдер арасында өзара қолайлы еркін сауда тәртібі қалыптасты. Мысалы 1995 ж. Кедендік одақ елдерімен тауар айналамы Беларусьте — 68%, Қазақстанда — 40%, Ресейде – 17% болып, ал ТМД елдеріндегі тауар айналамының жалпы өсімі 7% –ға жетті.

2000 ж . 6 қазанда Астана қаласында өткен кедендік одақ мүщелері — Қазақстан ,Беларусь,Ресей,Қырғыстан және Тәжікстан үкіметі басшыларының кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылдады. Жаңа ұйым 2000 ж. 23 мамырдағы Халықаралық мемлекеттік кеңестің шешіміне сәйкес құрылды. Бұл ұйымның басты мақсаты – осы қоғамдастыққа енетін бестіктің шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік қалыптастыру. Бұл ұйым дербес халыаралық құқығы бар ұйым болып саналады. Қоғамдастықтың жоғарғы әкімшілік тұл ғасы 3 жылға сайланатын бас хатшы болып табылады. Жаңа қауымдастықтың құрылуы – ТМД-ның құрамындағы елдердің экономикалық саясатты, оның ішінде микроэкономикалық, валюталық, қаржылық және әлеуметтік салаларды үйлестіруді көздейтін ынтымақтастық аясын кеңейтеді. ТМД елдерінің одағы құрылғалы бері ынтымақтастықты үйлестірудің қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғыдай біртұтас бір мемлекетті қайта құру туралы да шешімдер қабылданды.

ТМД елдері басшыларының 1995- 1997 жылдары қабылданғаншешімдері Ынтымақтасчтық еледрінің құқықтық мүмкіндіктеріне көбірек сәйкес келді. ТМД елдері шеңберіндегі халықаралық экономикалық өзара қатынастар тәжрибесі интеграцияның жеке аймақтардан әртүрлі қарқынмен басталып, біртіндеп басқа аймақтарға көшумен тиімді екендігін көрсетті. Мәселен, ең алдымен, екілік (Ресей мен Беларусь), одан кейін үштік (Орталық Азия мемлекеттер одағы), 1998 ж. Ол Тәжікстанның кіруіне байланысты төрттік одақ болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде ТМД-ның барлық елдері (Түркіменстанды қоспағанда) бірнеше аймақтық экономикалық бірлестіктер тобына бөлінді. 2009 ж.27 қарашасында Минск қаласында Ресей, Беларусь және Қазақстан өз аумақтарында біртұтас кедендік кеңестік құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бірақ бұл топтар анклав болып саналмайды. Орталық Азия одағына кіретін елдер (Өзбекістаннан басқасы) кедендік одаққа мүше, сол сияқты екілік одақ төрттік одақтың белсенді мүшелері болып табылады. ТМД елдері шеңберіндегі интеграциялық үрдістің дамуы әлі де бастапқы сатыда. Әлемдегі 30-50 жылдан астам қызмет еткен аймақтың интеграциялық топтардың тәжрибесіне көз салсақ, ТМД еледрі толыққанды экономикалық одақ құру үшін қандай қиындықтарға ұшырасатындығын болжау қиын емес. Оған күнделікті өмір шындығында көзіміз жетіп отыр. Бірақ қалай болғанда да біртұтас экономикалық кеңестікті қалпына келетіру ТМД елдеріне әжептәуір экономикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Мәселен, қосымша ивестиция салмай-ақ негізгі өнім өндіруді 1,5 есе арттыруға болады. Нақты айтсақ электр энергиясын өндіруге кететін жиынтық шығынды 20% -ға, металлургия өнеркәсібінде 15%-ға, машина жасауда 25%- ға төмендетуге мүмкіндік туады. ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтерін үйлестіруді жақсарту арқылы жиынтық сыртқы сауда баланысын 15-20 млрд Ақш долларына арттыруға болады.

Ең бастысы, ТМД елдеріндегі нағыз экономикалық интеграция олардың экономикалық жағдайының көтерілуіне қажетті тұрақты жағдай жасайды.

Әлеуметтік – мәдени байланыстары. ТМД құрамына енетін еледр арасындағы әлеуметтік –мәдени байланыстардың ұзақ тарихы бар. Ежелден тарихи көрші болып келген елдер арасындағы байланыстар 70 жылдан астам тарихы бар кеңестік дәуірде одан әрі тереңдеген болатын. Кеңестер Одағы ыдыраған соң, бұл байланыстардың барлығы да туындап отырған әлеуметтік- экономикалық жағдайлар тұрғысынан қайта қаралды. ТМД еледрі құрылып, еледр дербес мемлекет дәрежесінде қатар дамып жатқалы он жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта үзіліп қалған әлеуметтік-мәдени байланыстар қайта қалпына келтірілуде. Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде ғылым ментехнологияның басты бағыттарын зерттеу және игеру, ұлттық білім беру жүйелерін қалыптастыру , ғылым мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік дамудың ең төменгі көрсеткіштерін деңгейлестіру мақсаттарын көздейтін көптеген шаралар жүзеге асырылуда . Қазақстан Президенті Н.Назарбайевтың ұсынысы ббойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕЭҚ) мүше елдер «Қарапайым халыққы қарай он қадам» деп аталатын, құрамы 10 түрлі келісімдерден тұратын шешім қабылдады. Бұл келісім халықтың білім мен дәрігерлік жәрдем алуын, азаматтық алуын, ғылым мен мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуін қамтамассыз ету мақсаттарын көздейді. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, осы шешім шеңберіндегі барлық мәселені қамтитын заңды құжаттарды толық тапсырды.

ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар. Қазақстан мен ТМД елдері арасындағықарым-қатынастың ең айқын көрінісі — сыртқы сауда айналымы. 2008 жылғы Қазақстанның ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 28,5 млрд АҚШ долларын құрайды, оның 11 миллиарды импорттың, ал 17,5 миллиарды экспорттың үлесіне тиесілі. Қазақстаннан ТМД елдеріне кететін эксортқұрамы мыналар: астық,бидай және қарабидай ұны, темір кені, таскөмір, мұнай және газ конденсаты, алюминий, қара металл прокаты, әртүрлі құрал- жабдықтар, тыңайтқыштар. Олардың ішінен энергетикалық ресурстар жалпы өнімнің 54% -ын құрайды, тамақ өнімдері – 22% , ал химия өнімдері 12%-ын құрайды.ТМД елдерінен қазақстанға келетін импорт құрамы өсіидік майынан, кокс және мұнай өнімдерінен, табиғи газ, электр энергисы, жарылғыш заттар, дөңғгелектер, теміржол тетіктері, құбырлар, машина және оның жабдықтары, жеңіл және ауыр автокөліктер, карбонат өнімдерінен тұрады. Оның ішінде машина жабдықтары мен приборлар -29%, электр энергиясы – 29%, металлугрия өнімдері – 12%, химия өнімдері – 16%-ды құрайды.

Сонымен қатар ТМД елдері мен Қазақстан арасын жалғастырып жатқан ортақ теміржол желілері мен автомагистральдар елдер арасындағы тату көршілік пен тұрақты экономикалық, саяси — әлеуметтік байланыстарды одан әрі нығайту мен дамытуды қажет етеді.