Халықаралық қаржы-қаражат жүйесi

Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бiрi – халықаралық қаржы- қаражат жүйесi Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің 3 iрi құрылымының өзара әрекетiнен туындайды. Олар в алюталық, несиелiк және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелерi болыл табылады.
Халықаралық валюталы қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулi және қажеттi саласы. Ол әлемдiк экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуiн, дүниежүзiлiк шаруашылық салаларынын өнiмдерiнiң айырбасын қамтамасыз ететiн қоғамдык қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет.Әр елдiң ұлттық ақша бiрлiгi бар екенi түсініктi.Түрлi себептермен ақша бiрлiгi ұлттық шекарадан сыртқа шықса,ол жаңа сапаға ие болады,яғни валютаға айналады.Қолданылу аясына қарай валютаның бiрнеше түрiн ажыратады.
Ұлттық валюта — әр елдiң ұлттық ақша бiрлiгi; алтын, күмiс және қағаз ақша түрiнде қолданылады.Ең көп қолданыска түсетiнi —кағаз ақшалары. ХХ ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты.Оны ақша бiрлiгi болып экю кабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгiзiлдi. Әлемдiк валюталық жүйе ұлттық және аймақтық валюталар жүйе қарқынды дамуы нәтижесiнде қалыптасты.Қазiргi кезде жасалатын операциялар төлемi бойынша үш орталык Лондон, Нью-йорк, Токио ерекше ақындалады.Сонымен қатар Еуропадағы аса iрi әлемдiк нарықтық орталықта ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Ерюссель, ал Азиядан Сингапур Гонкокг аталады.Әлемдiк валюта жүйесiнiң дамуы 1968 жылы ортақ есеп бар Халыкаральқ валюта қорының құрылуына негiз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесi шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға,Батыс Еуропалык түрлi валюталар жатқызады 43%-ға жетедi.
Резерфтік валюта —ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын, аймақтық және әлемдiк валюта жиынтығы. Көпшiлiк жағдайда ол әлемдік нарықта айрыкша тұракты орны бар валюталар қолданылады.
Резервтiк валюта қоры көп елдер катарыа экономикалық даму дәрежесі жоғары елдер жатады.
Сонғы жылдары жаңа индустриялық елдер де осы тiзiмге енуде. Соларды ішіен Тайвань мен Сингапурды ерекше атауға болады. Халықаралық валюталы қатынастар өте iрi банктер арасында жаңа электрондық құралдар көмегiмен жүргiзiлетiн несие беру, валютамен есеп айырысу және инвестиция салу сияқты операциялар түрінде жүредi.
Халықаралық несие нарығы — елдер арасындағы өзара қарыз бен несие беру төлем жасауды ұйымдастыратын келiсімдер жүйесi болып табылады.Мемлекеттiк және жеке бөлiгі ажыратылады. Мемлекеттiк несие — несие беру мемлекеттiң стратегиялық саясатқа негiзделедi,сырткы саяси басымдылығына тәуелдi.Жеке несиелер өте жиі берiледi және ол экономикалық тиiмділiктi көздейдi.
Халықаралық инвестиция нарығы — экономикалық даму дәрежесi ЖОI елдердiң қаражатының қомақты бөлiгiн неғұрлым даму дәрежесi төмен елдердің алдыңғы қатарлы өндiрiс саласын дамытуға салу.Осы арқылы өздерiне де пайда,табу мақсатын кездеген, ұзақ мерзiмге жоспарланған экономикалық саясат.тiкелей және портфельдiк инвестиция ден бөлiнедi. Халықаралық инвестиция нарығында гiкелей жеке инвестициялардың маңызы зор.Олардың iрi ұлтаралық бiрлестiктер басқарады.Тiкелей инвестицияға шетелде кәсiпорындар ашу,оның iшiнде еншiлес конпаниялар жүйесiн ұйымдастыру,өзара келiсiм негiзiнде бiрлескен кәсіпорындар ашу, табиғат байлықтарын бiрлесіп зерттеу, шетел қаржысын қабылдаған кәсiпорындарды сатып алу немесе жекешелендiру жатады.Тiкелей инвестициялық осы кезге дейiн жинақталған мөлшерi 2 трлд доллар, оның тең жартысы АҚШ (үлесi 1/4), Ұлыбритания және Жапонияға 1/10) тиесiлi.
Портфельдiк инвестиция — шетелдiк кәсiпорынның қызметiн тiкелей бақылауға мүмкiндiк бермейтiн акциялар, облягациялар және басқа да күрделi қаржының жұмсалу түрi.
Халықаралық инвестиция нарығында еуронарықтағы үлесi күннен-күнге артып келедi. Алғашында еуронарық ХХ ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерiнде пайда болып,қазiргi таңда бүкiл дүние жүзiн қамтып отыр.Бiрақ жетекшi орындағы елi де Еуропа еншiсiнде.Оның ең iрi орталығы — Лондон. Оның үлесiнде еуропалық қаржының 1/5-i келедi. Бұл көрсеткiшке мүмкiндiгi жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды.Әсiресе Токио мен Нью-йоркте орналасқан iшкi оффшорлық орталықттар күшеюде. Нью-йорктегi бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Оффшорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүние жүзiнiң кез келген бөлiгiнде, сол елдiң банк және салық жүйесi бақылауынан тыс, ел экономикасынан теуелсiз, дербес жағдайда жүргiзiледi. Еуропа,Жапония, АКШ-тан кейiнгi iрi қаражат орталықтарына — Сингапур мен Сянган, сондай-ак Кариб тенiзi аймағындағы елдер: Багам және Каймая аралдары,Панама жатады.
Казакстан экономикасының дамуында егемендiк алғанан бастап, шетелдiк несиелер мен инвестициялар белсендi пайдаланыла бастады. Ресми көмек ауқымында Қазақстан 2,8 млрд доллар көлемiнде несие туралы 49 келiсiм жасады. 1993—1999 жылдары оның 1,7 млрд доллары игерiлдi. Республикаға көрсетiлген кемектiк 53%-ы Әлемдiк Банкке, 18,3%-ы Азиялық Даму банкiне, 17,3%-ы Жапония мемлекеттiк үлесiне тиедi. Ал теуелсiздiк алғаннан бергi Казакстан экономикасына шетел инвестициясының келуi 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша, инвестиция құрылымының 49%-ын тiкелей, 1%-ы портфельдiк инвестиция, ал 28%-ын несие, 22%-ы халықаралық қаржы ұйымдарының құрайды. Тiкелей инвистянын 60%-ы мүнай өндiру мен өңдеуге, 10%-ы түстi металлургия, 5%-ы газ өндiру саласына, ал қалған бөлiгі қара металлургия, пайдалы қазбаларды барлау, тамақ өнеркесiбi, ауыл шаруашылығы және жаңа технологияларды енгiзу мен ғылымды қолдау салаларын дамытуға салынды. Шетелдiк тiкелей инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну мөлшерi бойынша 1-орьшды Жапония — 25,4%, 2-орынды АКШ — 2 1,5%, 3-орынды Ұльгбритания — 17%- иеленедi.
ТМД және Балтық жағалауы елдерi бойынша халықаралық несиелiк рейтинг берілген елдер арасында Қазақстан Ресейден кейiнгi 2-орын алады.Әлемдiк Банктің 1999 жылғы мәлiметi бойынша, дүниежүзiлiк несиелiк рейтингте Казакстан алгашкы 20 мемлекеттiк қатарына енгiзiлген.