Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының маңызды әрi жетекшi саласы. Онда өсiмдiк шаруашылығы тәрiздi ерте ежелден келе жаткан және барлық жерге кең таралған шаруашылық.Оған шабындықтар мен жайылымдық жердiң егiстiк жерлермен салыстырғанда 3 есе артық болуы дәлел. Сонымен қатар өндiрiлетiн дәндi дақылдардың жартысына жуығын және көптеген техникалық дакылдардың қалдықтары малға жем ретiнде пайлаланылады.Қазiргi кезде мал шаруашылығының етгi және сүттi бағыттағы iрi қара, шошқа, қой, құс өсiру сияқты дүниежузiлiк маңызы бар салалары қарқынды дамуда.
Iрi қара өсiру қоңыржай белдеудiң табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етiлген орман, орманды дала, дала аймактарында жақсы жолға қойылған.Дүние жүзi бойынша iрi қаракның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр.Өндiрiлетiн суттiң барлығын дерлiк, ал еттiң 35%-ын осы iрi кара малы бередi. Интенсивтi сүттi және еттi-сүттi бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады жене коиипелi мал шаруашьильигы басьим келедi. Дүние жүзіндеттi ең көп өндiретiн елдер катарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады. Сүт өндiру бағытындағы iрi қара өсiру көбiнесе қала маңы мен халық жиi қоныстанған аудандарда дамыған.Әсiресе Еуропа мен Солтүстiк Американың орман зонасында орналасқан елдерде жаксы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей,Үндiстан, Бразилия және Батыс Еуропа елдерi ерекше көзге түседі Жайылымдық жерлер мен шөптесiн өсiмдiктердiң жеткiлiктi болғанына қарамастан, Африкада,әсiресе, оның тропиктiк аймактарында iрi кара аз. Оның басты себебi — ұйкы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбынының қоздырғышы.Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын iрi қаралар зебу өсiрiледi.
Шошқа шаруашылығы дүниежүзiлiк ет өнiмiнiң 40%-ға жуығын бередi. Қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Iрi қарамен салыстырғанда күй талғамайтындьктан және тез есiп-өнетiндiктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүние жүзiндегi шошқа санының жартысына жуығы Азияға,оның ішiнде, ең алдымен,Қытайға келедi.Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жаксы дамыған.
Қой шарашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүнді бағытындағы болып бөлiнедi. Ет-жүн бағытындагы қой шаруашыльғы ылғалы жеткiлiктi және климаты бiршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүндi қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған.Дүние жүзi бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетiп отыр.Қой шаруашылығының ет-жүк бағытында тауарлы өнiрiсi Солтүстiк және Оңтүстiк Амерканың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстiк Африканың қоңыржай және субтропиктiк белдеулерiнiң құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн бередi, ол жүк маталарын жасау, кiлем тоқу мен тері былғары өнеркесiбiнде қолданылады.Азия, Орта Азия және Оңтүсiк Африка елдеріде қаракөл елтiрiсін дайындау жолға қойылған. дүние жүзін дегi қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейiн Кытай (112 млн астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2004 жылы 13 млн-нан сәл ғана асатын.Жүн өндiруден жетекшi елдер қатарына Аустралия,Қытай, Жаңа Зеладия Уругвай және Ресей жатады.

Құс шаруашылығыауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы.Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаа елдерінде бройлер балапандарын өсiретiн iрi құс өсiру кешендерi қалыптаса бастады. Бүгiнгi таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндiруден Кытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндiстан ерекше көзге түседi. Тауарлы құс шаруашлылығы, негiзiнен,қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күшi жеткiлiктi климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
Балық шаруашылығы — дүниежүзiлiк шаруашылықтық ең ежелгi және ең маңызды саласы.Қазiргi кезде дүие жүзi бойынша ауланатын балық пен өндiрiлетiн тенiз өнiмдерi жылына 100 млн т-га жетiп отыр. Оың 9/10-ын теңiздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлiгi тұщы сулардан ауланады.Балықтың және баска теңіз өнiмдерiнiң маңызды олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшерi мал мен құс етiнен кем түспейтiндiгiне байланысты артып отыр. Сондықтан қазiргi таңда дүниежүзiлiк су айдындарында 20—ЗО мыңға дейiнгi iрiлi-ұсақты балық және басқа да теңiз өнiмдерiн аулайтын кемелер жүiп жүр.Балық аулау теңiз жағалық елдерiнің барлығында таралғанымен, дүние жүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің — Жапония,Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдiд үлесiне тиедi. Балықтар материктiк қайраңдар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйiскен аудандандарында көбiрек ауланады. Бүгiнгi таңда әр елдiң ұлттық өндiрiстерi негiзiнде дүниежүзiлiк бiртұтас тауарлы ауыл шаруашыльғы қалыптасып келедi.Өндiрiлген жалпы,ішкі өнім мөлшерi жөнiнен Кытай, АқШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауыл шаруашылық өнiмдерiмен қамтамасыз етілу дәрежесi жонiнен Батыс Еуропаның дамыған еллерi мен Канада,АҚШ ,Жапония және Аустралия ерекше көзге түседi. дамушы елдерде бұл көрсеткіш өте төмен, тiптi жалпы өнiмдi аса көп өндiретiн Қытай мен Үндiстанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5-6 есе төмен.