Ауыл шаруашылығының маңызы. Ауыл шаруашылығы — халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуеллi саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы — неғұрлым кең тараған сала. Шындығында, дүние жүзiнде ауыл шаруашылғынң түрлi салаларымен айналыспайтын бiрде-бiр ел жоқ. Ауыл шаруашылғының барлық жерге таралуы оның алуан әр түрлiлiгiне байланысты.Ғалымдар, шамамен, оның 50-ге жуық түрiн көрсетедi. 2001 жылғы мәлiмет бойьшша дүние жүзiнде бұл салада, шамамен, 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етедi, олар ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткiшi 2,6 млрд адамға жетедi. Еңбекке жарамды әр адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесiне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жiктеледi.
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiндер саны ‚тікелей айырма жасайды. Мысалы, 2000 жылдың басында Батыс Еуропа елдерiнде бұл көрсеткіш — 8% АҚШ-та — 3%, Канадада 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.
Ауыл шаруашылық географиясы климаттық әлеуметтiк және өндiрiстiк факторлары әсерiнен ұзақ тарихи уақыт аралығында калыптасъш, дамып отырады.Соңғы уакытка дейiн ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тiкелей тәуелдi болып келдi. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсiмдiктердiң өсуiне мүмкiндiк туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиытығы; жылдық жауын-шашынның мөлшерi мен түсу мерзiмi топырактың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында қарашiрiгi мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулы топырақ және тұнба жыныстардан түзiлген өзен аңғарлары бойындағы топырактар жатады.Казiргi кезде құрылымы мен техникалық озық жетiстiктерi ауыл шаруашылығында кеңiнен қолданылып отырған елдерде климаттық жағдайда тәуелдiлiк әлдекайда темендейдi. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзiн толық қамтамасыз етiп, тiптi оның экспортқа шығара бастады.
Аграрлы қатынастар. Дүние жүзiнiң кез келген елiнің ауыл шаруашылығы өзара бiр-бiрiмен тығыз байланысты екi саладан — өсiмдiк және мал шаруашылығынан құралады.Олардың арасалмағы әр елдiң әлеуметтiк экономикалық жагдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштерiне және табиғат жағдайларының ерекшелiгiне сәйкес өзгерiп отырады.Экономикалық деңгейi жоғары елдерде ғылым жетiстiктерi мен агротехникалык шаралар кеңiлен колданылуының нәтижесiнде мал шаруашылығы өнімдерiнiң үлесi жоғары.Мұндай жағдай кейбiр жекелеген дамуыншы елдерде де байқалуда,бiрак оның басты себебi климаттың қолайсыз әсерiнен өсiмдiк шаруашылығының өркен жаюына мүмкiндiктiң болмауы.Бұл көрiнiс Таяу Шығыстың кейбiр елдерiне тән.өсiмдiк және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнiмдерiн өңдейтiн өнеркәсiп салаларымен де байланысты.Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптiк кешен аркылы жүзеге асады. Мұндай кешелер құрылымы мен қуатына алуан түрлi болып келедi және дамыган елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белес алып келедi.
Бүгiнгi таңда жерге иелiк етудiң бiрнеше түрi қатар кездеседi. Олар, мемлекеттiк меншiк және кооперативтiк меншік. Ең көп таралған жерге жеке меншік иелiгі олар дүние тауарлық ауыл шаруашық өнiмдерiнiң басым бөiгiн өндiредi.
Жоғары дамыған елдердiң көпшiлiгінде жер қорының бiраз бөлiгi iрi иеленушiлердiң фермерлердiң қолында шоғырланған. Оларға берiлген орташа1, жер мөлшерi — 40—50 га. Бiраз жердiң басты қожасы — мемлекет. Мысалы АҚШ-та жер қорының 1/4-1 мемлекет мешiгiнде.Дамушы елдерде аграрлы қатынастар түрлiше сипатты болып келедi.Азия мен Африканың барлық елдерiнде жергiлiктi және сырттан әкелiлген күрделi қаржыға негiздері
капиталистiк шаруашылықтармен қатар феодалистік,тiптi ру-тайпалас қатарына әлi сақталып қалған шаруашылықтар да көптеп кездеседi. Ал Латын Амеркикасы елдерiнде жер қорының көпшiлiгiн помещиктiк шаруашылық негiзiн құрайтын iрi жер иелiктерi — латифукакуиялар мемлекетік дегейлеріл,оларға берiлген орташа жер мелшерi — 2—З мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыста Еуропа елдерiнің меншiктi жаңа түрлерi енгiзiлуде.Жер қорынын бiраз бөлігі фермерлерi кооперативтер мен жалгерлерге ұзақ мерзiмде берiлiп, олар өз қалаулар бойынша жиі кажеттерiне жаратады.Бiрақ мемлекет таратылған жердi пайдалану Мен күтiп-баптау шараларының тұрақты бақылау жүргiзiлiп отырады.Сонымен қатар жердi жеке меншiкке беру мәселелерi де басты назарда тур.Қазақстан жер мезгiліне қатысты осы бағыттағы ұстауда.
Даму бағыттары. Ауыл шаруашылығын өзiнiң дамуы мен өркендеу сипатына қарай 3 топқа ажыратылады:
Дәстрлi ауыл шаруашылығында қауымдық және ру тайпалық қатынастар әлi де сақталған.Бұл топ ауыл шаруашылығында екi түрден тұрады.Бiрiншісi — Африка,Оңтүстiк Америка және Азияның тропиктiк орманарына тән аңшылық, балық аулау және өсiмдiктердi жинаумен қатар жер өңдеудi ұштастыру.Негiзгi өсiретiн дақылдары -тамыр және түйнек жемiстiлер, астық, бұршпқ тұқымдастары, май пальмасы.Жер оңдеуде дәстүр көне тәсiлдер (кетпен,соқа) қолданылады.Бұл шаруашылык ертенгі шаруашыльқты деп те аталалы. Ал екiншiсi –көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.Әсiресе Африка мен Азияның тропиктiк,белдеулерiнiң құрғак аудандарында (түйе, қой, iрi қара, жылқы өсiру , Солтүстiк Еуропа мен Азияның тундра зонасында бұғы өсіру кең тараған.Шаруашылығы дамушы елдерге тән,өте ұсак шаруашылық жиынтыктарынан құралады.Олардағы еңбек өнiмдiлiгi дамытып елдермен салыстырғанда 25 темен. Кейде егiншілiк мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бiр ғана дақыл өсiруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстiк-Шығыс: Азия елдерi — күрiш, Африка елдерi — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдерi — қант құрағы мен какао өсiруге маманданған.
Тауарлы дене жартылай тауарлы дәстүрлi шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлi бағыт жүргiзiледi;
а) егiншiлiк шаруашылықты (көп еңбек күшiн қажет ететiн Азиядағы күрiш өсiру);
е) егішілiк пен мал шаруашыльггы — Африка мен Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәндi дақылдар мен жемiстер сергiтпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук жене талшык беретiн өсiмдiктер) күш-келiк ретiнде және өнім алу үшiн өсiрiлетiн мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көп салалы тауарлы егіншілiк пен мал шаруашылылғы — Еуропаның кейбiр елдерi мен Азия және Латын Америкасы елдерiне тән. Егiншiлiк пен мал шаруашылығы бiр-бiрiмен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылығына көп салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсiрiледi.
Жоғары маманданған тауарлы ауыл шаруашылығы — ол ауыспалы егiстiктерi бар өсiмдiк шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргiзетін интенсивтi мал шаруашылыктарынан және оларды байланыстырушы АОК-тер жиынтығынан тұрады. Мұнда ҒТР нәтижесiнде механикаландыру мен химиялык шарықтау шегiне жеткен. Тiптi автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологиялъқ соны жетiстiктерi кеңiнен пайлаланылуда.шаруашылық өнiмдерін өндiрумен қатар, окы у ұксату, сактау, тасымалдау және өткiзу, соңдай-ак тыңайткыш сиякты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл оз тарапнан ауыл шаруашылығына индустриялык шикiзат бередi. Мұндай шаруа шылықтар жаксы жерлерге орналасып, жалдамалы жұысшылар күшiн және агротехникалык шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың ең iрiсi әсiресе сыртқы нарықта бағдар ұстайды, сөйтiп олар мемлекет iшiндегi мемлекет рөлiн де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылык түрiне бөлiнедi:
а) дәндi дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгерi). Солтүстiк Америка Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Кытай, Казақстан) аумақтары;
е) интенсивтi егiншiлiк (дәндi дақылдар, техникалык дақылдар, жемiс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстiк Америка елдерi, Азия (Кытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялык шаруашылық (жемiс, сергiтпе және техникалық дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Афрканың тропиктiк, субтропиктiк аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсквтi жайылыимды мал шаруашылығы (еттi бағыттағы iрi қара, қой). Солтүстiк Америка (АҚШ), Оңтүстiк Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Қазакстан), Аустралия аумактары;
г) интенсивтi мал шаруашылығы (суттi және сүтгi-еттi iрi қара, етті бағытындағы iрi қара бордақылау, шошқа және құс өсiру). Солтустiк Америка (АКШ), Жаца Зеландия аумактары;
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердiң ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi бiртiндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңiнен пайдалану негiзiнде ауыл шаруашылығын қайта түлету ХХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған .жасыл революция арқылы жүзеге асуда.Жасыл революцияньң негiзi болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсiмдiктердiң өнiмдiлiгiн арттыратын және егiстiк жерлердi пайдалану мүмкiшiлігiн кеңейтетiн дакылдардың тез пiсетгiн сорттарын шығару,суландыру шараларын ұлғайту жатады.Өйткенi жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана жақсы қасиеттерді көрсетiп салалы үкiм бередi. Сонымен қатар осы заманғы техникаңы, тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттардың кеңiнен пайдалану шаралары жатады. Жасыл револютция нәтижесiнде кейбiр дамушы елдер өздерiнiң астыққа мұқтаждығын өтедi, дәндi дакылдар шығымдылығы екi-үш есеге артық, артықты жоюға мұмкiндiк туды.Әсiресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсiп жатқан Мексика,Үндiстан және Қытай елдерiнде белес алды.Қалай болғанда да жасыл революция. дамушы елдердiң артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгерiс әкеле койған жоқ. Негiзiнен, шетелдiк компаниялар Мен iрi қожайындарға тиесiлi жерлерге ғана ықпал еттi. Сонымен, бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен,әлеуметгiк-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсеттi.ХХ ғасырдың 80-жылдары басым түрде дамыған елдер аясында екi жасыл революция. немесе биотехнологиялық революция жүрдi. Гендiк iшженерия нәтижесiнде үсiк пен түрлi ауруларға төзiмдi томат, картоп мақта, соя бұршағы сияқты өсiмдiктердiң жаңа сорттарьи будандастырылса суттi сиырлардың, еттi шошқа мен iрi қараньң жаңа түрлерi шығарылды. Мұндай жетiстiктердi өндiрiске енгiзу өте қымбатқа тусетiндлiктен, казiрше батыстың жоғары дамыған елдерiнде ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарна қарай интенсивтi және экстенсивтi болып болiнедi.