Энергетика дегеніміз отын өнеркәсібі, энергетика салаларының, сондай –ақ отын мен энергияны жеткізу құралдарының жиынтығы.
Мұның өзі осы заманғы шаруашылықтың, экономикадағы барлық прогресті процестердің негізі. Өнеркәсіп салаларының көпшілігімен салыстырғанда энергетика озық қарқынмен дамыды, өйткені ҒТР дәуірінде өндіріске энергияның пайдаланылуы шапшаң артты. ХХ ғасырдың өзінде ғана дүние жүзінде энергияның пайдаланылуы 15 есе артты.
1960 жылы Мұнай экспорттаушы елдердің (ОПЕК) құрылып оның мүшелері мұнай өндіруді өз қолдарына алды. ОПЕК – ке Алжир, Эквадор, Габон, Катар, Индонезия,Ирак, Иран, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, Венесуэла, БАӘ кіреді. Жылу электр станцияларында мұнай (мазут) орнына көмір мен табиғи газ қолданылды да, бағалы химиялық шикізат ретіндегі мұнай үнемделетін болды.
Мұнай өнеркәсібі. Мұнайдың дүниежүзілік ресурстарының географиясының басты ерекшелігі оның басым бөлігі дамушы елдерге, ең алдымен Таяу Шығыс елдеріне келеді. Мұнай өндіру жөнінде АҚШ, Сауд Арабиясы, Ресей жетекші орындарды алып отыр. ҚХР – де мұнай өндіру ұлғайып келеді.
Ресейде мұнай өндіретін негізгі аудан Батыс Сібір болып отыр (өндірілетін мұнайдың үштен екісі). Мұнай құбырлары желісі (80 мың км – ден астам) өндіру мен тұтыну аудандарын жалғастырады. Мұнай өндірудің бірден – бірге табиғи жағдайлары қатал, көліктің жетуі қиын өңірлерге жылжуына байланысты оны өндіруге жұмсалатын шығындар едәуір өсуде.АҚШ- та мұнай Оңтүстікте, ал соңғы жылдары Аляска қайраңында өндіріледі.
Мұнайды өндіретін және тұтынатын негізгі аудандардың арасында аумақтық алшақтықтың сақталуы мұнайдың алысқа орасан көп тасылуына әкеліп соғып отыр. Ол дүниежүзілік теңіз көлігінің нөмірі бірінші жүгі болып келеді. Мұнай тамысалдаудың негізгі бағыттары Парсы шығанағындағы аса ірі мұнай порттарынан басталып,Батыс Еуропа мен Жапонияға қарай ағылады. Ең ірі танкерлер алыс жолмен Африканы айналып өтіп, Суэц каналы арқылы мұнай тасымалдайды. Мұнай жүк тасқындарының енді біразы Орталық Америка елдерінен ( Венесуэла, Мексика) АҚШ – қа, батыс Еуропаға бағыт алады. АҚШ мұнаймен Аляскадан Канада арқылы да жабдықталады.Шығыс Еуропа елдерін мұнаймен жабдықтауда Ресей басты рөл атқарады.
Газ өнеркәсібі. Табиғи газ өндіру үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында ғана дамыды. Ресей мен АҚШ –қа өндірілетін дүниежүзілік газ көлемінің шамамен жартысы келеді. Өзге елдер бұлардан анағұрлым артта (Канада, Нидерланды т.б.).
Газ ішкі халықаралық магистралдық газ құбырлары жүйесі арқылы тасылады. Ресей газының дені өндірілетін Батыс Сібірден ол Ресейдің еуропалық бөлігіне, Украинаға, Белорусьқа, Шығыс және Батыс Еуропаға тасылады.
АҚШ – та газ құбырлары желісінің негізгі бағыты Оңтүстіктен Солтүстік – Шығысқа қарай. Нидерландыдан газ Батыс Еуропаның басқа елдеріне жіберіледі. Кейбір газ құбырлары теңіз түбі арқылы төселген Солтүстік теңіз қайраңы кен орындарынан Ұлыбританияға, норвегияға, ГФР – ге, Алжирден Сицилияға аралына (Италия) тартылған.
Газ тасымалдаудың енді бір әдісі оны сұйық күйінде газ тасушы арнайы кемелермен тасу болып отыр. Ол экспорт порттарында оны қайтадан қалыпты газға айналдыратын қымбат қондырғылар салуды талап етеді. Газды осылай теңізбен таситын тұрақты “ тізбектер” (Таяу Шығыс – Жапония, Австралия – Жааония) қалыптастырылуда.
Газды ең көп экспорттайтын ел Ресей, одан соң Нидерланды, Канада (АҚШ – қа экспорт) және Норвегия келеді. Газды негізгі импорттаушы ел – Жапония.
Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзінің көмір өнеркәсібі біршама шапшаң дамып келеді. Мұның өзі энергетикалық жағдайдың шиеленісуімен байланысты. Көмір өндіретін негізгі елдер : ҚХР, АҚШ, Ресей және Польша.
ҚХР – де көмірдің дені елдің шығыс аудандарында өндіріледі. АҚШ – та басты көмір бассейні – Аппалачи, мұнда көмір ең жақсы жағдайда өндіріледі (60 пайызы ашық әдіспен алынады) Ресейде көмірдің дені шығыс аудандарда (Кузнецк және Иркутск бассейнедері)
Дүниежүзілік нарықта көмірдің бәсекелестік қабілетінде оның өзіндік құны аса маңызды рөл атқарады, мұның өзі ашық қазып алу мүмкіндігіне көмір қабаттарының қалыңдығы мен орналасу тереңдігіне байланысты. Көмірді экспортқа шығарушы өндіру жағдайлары жақсы елдер: Австралия, АҚШ, ОАР.