Ғалымдардың пікірінше, бұдан 35-40 мың жыл бұрын Номо sаріепs (ақыл – есті адам( өкілдерінің саны не бары 1 миллиондай болған. Содан бері адамзат саны мың есе көбейеді. ХХ ғасырдың аяғында планетадағы халық саны 6 миллиардтан асты.
Адамзаттың демографиялық тарихында шартты түрде үлкен – үлкен екі кезеңді саралауға болады. Бұлардың біріншісі аграрлық өркениет деп аталынды да, шамамен XVII ғасырдың екінші жартысына дейін жалғасты. Бұл кезеңде халықтың өсімі біршама төмен болды.Алғашқы қауымдық қоғам жағдайында, тіпті полигамия болғанның өзінде, табиғи өсім болмашы болды, өйткені туу мен өлім – жітім биік деңгейде болса да, олар өзара теңесіп отырды. Феодализм тұсында ғана халықтың өсімі біраз жеделдеді.
Алайда жер шары тұрғындары санының неғұрлым едәуір өзгеруі, сөйтіп, демографиялық дамудың екінші кезеңінде өту соңғы үш жарым ғасырдың ішінде болды. 1900 жылы Жер шары халқының саны 1,6 млрд. адамнан асты, ал 1960 жылы бұл шама 3 млрд адамға жетті. Мұның мәнісі дүние жүзі халқының екі еселенуіне біздің ғасырымызда 60 жылдан астамуақыт қажет болды деген сөз. Бірақ келесі екі еселену (6 млрд.) 2000 жылдың шамасында, яғни не бары 40 жылдан кейін болды.
Халықтың өсіп көбеюінің дүние жүзілік тарихтағы ең жоғары қарқыны (20 пайызға жуық) үстіміздегі ғасырдың 60 –шы жылдары болды.
Демографиялық күрт өрлеу дейтін, халықтың күрт көбеюін білдіретін ұғым да сол кезде шықты. Жер шарында халықтың тым көбейіп кетуі туралы үрейлі болжамдар айтылатын болды.
Демографиялық өрлеу ең алдымен барлық жастардағы топтарда өлім – жітімнің күрт азаюының нәтижесі. Ал туу болса не өзгермеген деңгейде сақталды не төмендегенімен, өлім – жітім сияқты дәрежеде болғкан жоқ.
Демографиялық күрт өрлеудің зардаптарын айтқан түңілушілік болжамдарды өмірдің өзі теріске шығарды. 80- ші жылдардың ортасында –ақ Жер шары халқының жылдық өсімі 17 пайызға түсті, яғни демографиялық күрт өрлеудің шыңы артта қалды.
Демографиялық өтпелілік дегеніміз елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуына орай халықтың тууы мен өлімінің және табиғи өсуінің дәйектіөзгерістерінің процесі.
Демографиялық өтпелілік роцесі мына фазалармен сипатталады.: 1) туудың көптігі — өлімнің көптігі; 2) туудың көптігі – денсаулық сақтаудың жетістіктерімен байланысты өлімнің аздығы.
Қазіргі заманғы дүниеде халықтың есесі тоып отыруының басты – басты екі түрін саралауға болады.Бірінші түріне тән сипат – туу өте көп, өлімнің азаюы және халықтың көбеюінің жоғары қарқыны. Нақ осы түрдегі елдерде демографиялық күрт өрлеу айқын көрінді (Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің көпшілігі).
Халықтың есесі толуының екінші түрінің ерекшелігі – туу көрсеткіштері орташа және төмен , өлім – жітімнің күрт азаюы және халықтың көбею қарқынының бояулауы не тұрақтануы (дамыған капиталистік елдер, Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі, Ресей және ҚХР).
Дүние жүзінде тұтас алғанда халық өсімі қарқынының тұрақты төмендеуі байқалып отыр. Алайда демографиялық жағдай жақсармауы былай тұрсын, қайта нашарлап, адамдардың әлеуметтік жағдайының одан әрі шиеленісуіне апарып соғып отырған елдер бар.
Демографиялық саясат дегеніміз халықтың табиғи өсіміне, халық санына қатысты белгілі бір елдің өзіне тән проблемалардың шешілуіне ықпал жасау мақсатымен мемлекет қолданылатын әр түрлі щаралар жүйесі. Мұның өзі тууды көтермелеудің экономикалық шаралары.
Әр түрлі елдердегі демографиялық саясаттың бағыты сол елдерде бар демографиялық проблемаларға байланысты. Мысалы, халықтың өсуі тым көп елдерде бұл саясат оны азайтуға бағытталған. Дүние жүзіндегі халқы ең көп ел – ҚХР үкіметінің мақсаты халықтың өсімін күрт тоқтатып, елді жанұяға жалғыз бала деңгейіне «шығару» болды.ҚХР әкімшілік шаралардан насихаттық және экономикалық шараларға ауысты. Осының нәтижесінде жанұяны жоспарлау айтарлықтай нәтиже берді – халықтың жылдық өсімі 28 пайыздан (1968) 10-11 пайызға дейін төмендеді, яғни дүниежүзілік орташа деңгейден төмен болды.
ҚХР – дің тәжірибесі халқының табиғи өсімі жоғары көптеген елдер үшін өнеге болды. Халқы көп Үндістан осы жолға түсіп «әр жанұяға — екі бала « ұранын ұстанатын болды. Алайда мұнда демографиялық саясаттың жүзеге асырылуы онша ойдағыдай емес. Тууды мемлекеттік тұрғыда шектеу саясатын сондай –ақ Бангладеш, Индонезия, Шри – Ланка, Пәкістан және басқа бірқатар азиялық және латынамерикалық елдер де жүргізуде. Демографиялық саясаттың нәтижесі бәрінен гөрі Африканың дамуы нашар елдерінде төмен. Мұсылман елдерінде халықтың балалы –шағалы болуын дін қолдайды.
Кейбір дамыған елдерде (Франция, ГФР, Дания, Бельгия, Венгрия және т.б.) – демографиялық саясат халық өсімін көбейтудікөздейді. Бұл мемлекеттер үкіметтерінін тууды көбейтіп көтермелеу үшін қолданп отырған шаралары әр алуан; олардың қатарында екі және одан көп баласы бар жанұяларға ақшалай төлемдер мен жеңілдіктер берілуін, түсік түсіруге тиым салынуын (ГФР) және т.б. шаралардыайтуға болады.
Біздің өркениетіміз демографиялық күрт өрлеу шыңынан өтті. Алайда халық саны одан әрі көбейіп отыр.Планетамыз тұрғындары санының табиғи тұрақтануына жету қажет. Бұған жетудің жолы ең алдымен дамуы нашар елдерде халық ағарту ісін өркендету. Бұл орайда нысаналы демографиялық саясаттың рөлі өте зор, мемлекеттердің бірден – бірге көбі осындай саясат ұстанып отыр.
Адамзат басты – басты үш нәсілге: еуропеидтік, монголоидтік және негроидтік нәсілдерге бөлінеді. Бұларға қоса кейбір ғалымдар тағы бір төртінші нәсіл – австралоидтік нәсіл бар деп есептейді. Оның онша көп емес өкілдері Азияның оңтүстік – шығысында, Мұхит аралдары мен Австралияда қоныстанған. Алайда дүние жүзінің барлық халқы осы нәсілдерге жатады деп ойлау дұрыс емес. Олардың өкілдері дүние жүзі халқының жалпы санында 70 пайыздай ғана. Қалған 30 пайызы аралас және аралық нәсілдік топтар; бұларға жататындар, мысалы эфиоптар, малагасийліктер, полинезиялықтар, меланезиялықтар және т.б.
Жер шары халқының этностық (ұлттық) құрамы – ұзақ тарихи процестің нәтижесі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде этностық қауымдастықтардың әр алуан түрлері: жекелеген тайпалар, рулас тайпалар топтары, ұлыстар, ұлттар бар.
Этностық қауымдастық мынадай белгілердің: ортақ тіл, аумақ, мәдениет пен тұрмыс ерекшеліктері, этностық сана – сезім секілді белгілердің жиынтығымен сипатталады. Алайда кейде қайсыбір белгілер болмауы мүмкін.
Жердің этностық құрамын дәл анықтау өте қиын, өйткені ғалымдардың қазіргі дүние жүзінде 3-4 мың әр түрлі халықтар бар дейді. Бұларда ондаған адамнан жүздеген миллион адамға дейін болуы мүмкін.
Ұлттық өлшемдер адамзаттың мемлекеттерге бөлінуінің негізі болады. Кейде бір немесе бірнеше ұлт бір мемлекет құруы мүмкін( Ресей, Үндістан және т.б.). Мемлекеттік және этностық шекралардың бөлшектенуі апарып соғады. Мысалы, курдтер Түркия, Иран, Ирак және Сирия түйісетін тұста шоғырланған.
Жер шарындағы мемлекеттердің жартысына жуығы бір ұлтты (яғни, негізгі ұлт 90 пайыздан астам). Бұлар Дания, Швеция, және т.б. Қалған елдер көп ұлтты Олардың қатырна Ресей, АҚШ – ты (бұл елдерде 100- ден астам әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады), Ұлыбританияны (ағылшындар, шотландтар, уэльстіктер және т.б.), Испанияны (испандар, католондықатр, баскілер және т.б.) жатқызуға болады.
Көпұлттылық әсіресе дамушы елдерге тән. Үндістанның өзінде ғана бірнеше жүз, Нигерияда 200- ге жуық, Индонезияда 150 – дей әр түрлі этностық қауымдастықтар бар.
Халықтар әдетте тілдік жақындығы принципі бойынша топтастырылады. Бұлайша топтастырудағы ең үлкен бірлік – тілдік ұялар. Сан жағынан ең көбі индоеуропалық ұя, онда шамамен 2,5 млрд. адам бар. Ол бірқатар топтардан тұрады: роман тобы (француздар, итальяндар, испандар, латынамерикандар), герман тобы( немістер, ағылшындар, американдар), славян тобы (орыстар, украиндар, беларустар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар). Қытай – тибет ұясы саны жөнінен екінші ұя, ал оның құрамындағы ең үлкен тілдік топ – қытай тобы.
Дүние жүзінің неғұрлым көп тараған тілдері мыналар: қытай тілі, онда 1 миллиардтан астам адам сөйлейді, ағылшын тілі (400 млн.), хинди (300млн), испан(280 млн), араб тілі (230 млн), орыс (220 млн). Ұлыбритания мен Испанияның өзінің халқынан әлдеқайда көп халыққа ағылшын және испан тілдерінің кеңінен тарауы Азияның, Африка мен Латын Америкасының көптеген елдерінің бұрын отар болғанынан. Мысалы, Африкадағы 19 елдің мемлекеттік тілі осы күнге дейін ағылшын тілі болып отыр.Мұндағы ұлттық белгі тілдік белгіден едәуір сараланады.
Дүние жүзінің ұлттық немесе нәсілдік айырмашылықтары бар көптеген елдерінде ең өткір мәселелердің бірі – ұлт мәселесі; ол әр түрлі этностық қауымдастықтар арасындағы саяси , экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастар жиынтығын қамтиды.
Адамдардың діни түсініктерінде ХХ ғасырда күрт өзгерістер болғанына және халықтың бірсыпырасының діннен қол үзгеніне қарамастан, дүние жүзінде діннің позициясы берік. Ол адамдардың ақыл – ойына, құлқына, әдет – ғұрпына, адамдар арасындағы қарым – қатынасқа және тіпті кейбір мемлекеттердің сыртқы саясатына әсер ықпал етіп келеді.
Бүгінде әлемде дүниежүзілік діндер деп аталатын үш дін бар, олардың бұлай деп аталатыны бұл діндерді кейде әр түрлі континеттерді мекендейтін көптеген халықтар ұстанады.
Олардың ішінде ең көп тарағанының бірі – христиандық, оны ұстанатындар 1 млрд. адамнан асады. Христиандықтың ықпалы Еуропа, Америка, Австралия елдерінде неғұрлым күшті. Христиан дінін ұстанушылар Азия мен Африкада да бар, мұнда олар еуропалықтардың миссионерлік әрекетімен тараған.
Христиандықтың негізгі бұтақтары – католицизм, православие, протестанттық. Дүние жүзінің кейбір елдерінде (мәселен АҚШ – та) осы бағыттардың бәрі бар. Ал Латын Америкасында үстем дін – католицизм. Грекияда – православие, Австралияда – протестанттық,т.б.
Енді бір дүниежүзілік дін – ислам неғұрлым шоғырланып тараған. Мұсылмандар негізінен Азия мен Африкада (Сауд Арабиясы, Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш, Алжир, Марокко, Египет, Индонезия, Үндістан, Малайзия және т.б.). Исламды ұстанушылар Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда, Ресейде, Қытайда, Еуропада тұрады. Дүние жүзінде мұсылмандардың жалпы саны 1,5 млрд. адамға жуық және мұсылман елдерде халықсаны артып келе жатқандықтан тез көбеюде.
Исламның тараған жері – Сауд Арабиясындағы Мекке және Мәдине қалалары деп есептеледі. Басқа дүниежүзілік діндердегі секілді исламда да біртұтастық жоқ. Онда суниттер мен шейіттер деп аталатын екі бағыт бар. Қазіргі заманғы мұсылман әлемінде сунниттер көп басым, ал шейіттер негізінен екі елде – Иран мен Иракта тұрады.
Бұдан мың үш жүз жылдан астам шыққан ислам замндар бойына өзін ұстанатындардың өміртіршілігінің қай жағын болсын түгел анықтап беретін әмбебап қағидалық жүйе болып келді. Қоғамдық қарым –қатынастар, шаруашылық қарекет, неке – жанұя қатынастары, адамдардың өзара қарым – қатынасы дін қағидаларына сәйкестеліп, адамдар мен халықтардың тағдырын сол заңдар шешіп отырды. Ислам қазір де Шығыс халықтарының өмірлік салт – санасының өте маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. Көптеген елдердің конституциялары оны мемлекеттік дін деп жариялайды, ал саяси партиялар өздерінің бағдарламлалық құжаттарында мұсылмандық қағидаларынан айнымайтындықтарын жиі жиі жариялап отырады.
Үшінші дүниежүзілік дін – буддизмнің тараған ауданы географиялық жағынан анағұрлым шектеулі. Оны ұстанатындар непалдықтар, бирмалықтар, Үндіқытай, Үндістан, Шри – Ланка, Қытай, Монғолия елдерінің дінге сенетін тұрғындарының біразы.
Ресейде буддизмді ұстанатындар Бурятияда, Қалмақстанда, Тувада. Буддистердің жалпы саны шамамен 200 млн. адам.
Дүниежүзілік діндерге қоса өзіндік ерекшеліктері бар ұлттық діндер де бар. Мысалы, Үндістанда индуизм, Қытайда конфуцийшілдік, Жапонияда синтоизм, Израильде иудаизм бар. Тропиктік Африканың, Азияның, Латын Америкасы мен Австралияның жетуі қиын және артта қалған аудандарында негізінен әр алуан рухтарға , табиғи обьектілерге және т.б. табынатын жергілікті діни наным – сенімдер әлі де бар.
Жер шары халқының басым көпшілігі дінге сенеді. Мұның мәнісі қазіргі заманның келелі проблемаларының ойдағыдай шешілуі едәуір дәрежеде дінге сенетіндер мен дінге сенбейтіндердің бірлігін нығайтуға байланысты деген сөз. Біздің күрделі заманымызда дінбасылары әсіресе бейбітшілікті сақтау, қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау туралы мәселелерде барған сайын прогресті позициялар ұстанып отыр.