А. Минстің анықтамасы бойынша өндіргіш күштердің қазіргі заманғы дамуы мен зерттелу деңгейіне сәйкес адам қоғамның қажетін пайдалану үшін пайдаланылатын табиғат байлықтарының бір бөлігін табиғат ресурстары деп атайды.
Табиғат сферасына табиғат ресурстары оның ажырамас құрамдас болігі ретінде кіреді. Мысалы, минералдық ресурстар- табиғатта тау жыныстары литосферадаға құрамдас бөлік ретінде кірсе: су ресурстары- құрамдас бөлігі, орман ресурстары- юиоценоздардың құрамдас бөлігі болып табылады және т.б. Әлеуметтік-эканомикалық сфераға жоғарыда аталғандар өндірістік және жалпылама заттық элементтер ретінде кіреді. Энергетикалық, шикізаттық пайдалы қазбалар қоғамының әлеуметтік-эканомикалық дамуының белгілі деңгейін қамтамасыз етеді. Бір мезгілде табиғатқа да, әлеуметтік-эканомикалық сфераға да жататындықтан, табиғат ресурстары олардың арасындағы байланыстырушы болып табылады.
Табиғат ресурстарына литосфераның, гидросфераның, атмосфераның және биосфераның элементтері кіреді (олардың қандай ресурстар екенін еске түсіріңдер).
Шаруашылық тұрғыдан жіктеу ресурстары пайдалану әдістерінен және бағыттарынан туындайды. Олар: жалпы және мамандандырылған, салалық және құрамдас бөліктерден тұрады.Өнеркәсіптік өндірістің негізін құрайтын минералдық ресурстар, су ресурстары, агроклиматтық,рекретциялық, биологиялық және т.б. ресурстар бөліп қарастырылады.Бір салада табиғат ресурстарының бірнеше түрлері пайдалануы мүмкін. Мысалы, ауыл шаруашылығында жер, топырақ, су, климат ресурстарыпайдаланылады. Екінші жағынан, табиғат ресурсының бір ғана түрі әртүрлі салаларда пайдалануы мүмкін. Өзендер, көлдер өндірістің қажетін өтеу үшін немесе жол қатынасы ретінде ле пайдаланылады.
Сонымен қатар мүмкіндігінше ресурстардың бір түрімен екіншісінің алмастырылуы да бөлініп қаралады:алмастырылатын(мысалы,металды пластмассамен немесе керамикамен алмастыруға болады) және алмастыруға болмайтын (тыныс алуға қажетті атмосфералық ауа).
Қоғам дамуының белгілі кезеңінде өзендер үлкен рөл атқарып, белгілі бір өркениеттердің бесігі болды. Ежелгі шумерлердің, Ассирия мен Бабылдың (Вовилон) өркениеттері Тигр мен Ефраттың бойында туындап дамыды. Египет патшалығымен мыңдаған жылдық тарихы бар египеттіктердің өркениеті түгелмен Нілдің жағалауында өркендеген. Ал Ганг өзені Үнді субконтинентінің ежелгі мәдениетінің бесігі болды. Дәл осындай рөлді Қытайдағы Янцзы мен Хуанхэ өзендеріде атқарады. Орта Азиядағы Сырдария, Әмудария, Шу, Талас, Іле өзендерініңде түркі өркениетінің қалыптасуында алатын орны өте зор.
Өндіріс өзінің даму барысында күннен-күнге табиғат ресурсының көптеген түрлерін қамти отырып, оның пайдалану көлемін арттыра түсуде. Дүние жүзіндегі өнеркәсіптік өндіріс 1860 жылдан 1990 жылдарға дейін 120 есеге ұлғайды. Бұл жер бетінедегі барлық табиғат ресурстары қорының сарқылуына апарып соқтырады. Мұндай, көмір қорлары айтарлықтай дәрежеде сарқылып, түсті және бағалы металдардың қорлары таусылуға жақын қалды.
Жылсайын дүние жүзінде, шамамен, 300 мың км3 ағаш кесіледі оның ішінде 160 км3-і тропиктік ормандар. Жабайы аңдардың саны күн санап кемуде, Ауыл шаруашылық жерлер азаюда.
Табиғат ресурстарының сапасы нашарлады. Судың, топырақтың, ауаның өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық қалдықтармен ластану осы ресурстардың сапасын нашарлатып, төмендетіп отырады. Кен орындарының азаюына байланысты өнімді аз беретін өндіріс орындары іске қосылуда. Бұл қоршаған ортаға шығарылатын бос тау жыныстарының көлемі өсуде деген сөз.
Ресурстарға өздігінен тазаланатын және қалпына келетін, сарқылмайтын кен ретіндегі көзқарасты түпкілікті түрде өзгерту қажет. Оған материалдық,энергетикалық, ресурс сақтау технологиялары, үнемді пайдалану,шикізатты қайта өңдеуді кешенді және толық жүргізу, туынды шикізатты кеңінен қолдану сияқты шараларды жүргізу арқылы қол жеткізуге болады.