Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері.Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының объектілерi қатарына мемлекеттiк мәртебесi жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екi топқа:1) мемлекеттік мәртебесi жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсiз мемлекеттер 2) дербес басқару мәртебесiне ие болмаған тәуелдi аумақтар деп екiге боледі.Олар бiр-бiрiнен жерiнiң ауданы, халық саяси әлеуметтiк-экономикалык даму деңгейiне қарай айырмашылық жасайды.
Тәуелсiз мемлекеттер. Тәуелсiз елдер мемлекеттiк құрылымы мен басқару формалары жағынан әр түрлi болады Кез келген елдiң мемлекеттiк құрылымы, яғни мемлекеттiң аумақтық ұйымдың сипаты оның қоғамдык-саяси өмiрiне тiкелей ықпал еткенiмен, экокомиканың даму деңгейiнде шешушi рөл атқармайды.Дүние жүзінің халықаралық деңгейде танылған тәуелсiз мемлекеттерiн олардың саны 191 мемлекеттiк құрылымы бойынша монархиялар мен республикаларга бөледi.
Монархия жағдайында жоғары өкімет билiгi бiр ғана адамнын (имлератор,король, герцог, князь, сұлтан және т.б.) қолында шоғырланған.Билiк ету құқығы атадан балаға мұра өтетiтi берiледi. дүние жүзiнде қазiргi кезде З0 монархия бар. Олардың барлығы дерлiк Ескi Дүниеде (Азияда — 14, Еуропада — 12, Африкада — З), тек бiреуi ғана Мұхит аралдарында (Тонга Корольдiгi) орналаскан.
Абсолюттi монархияларда монархтың билiгiне мүлде шек қойылмаған.дүние жүзi бойынша мұндай мемлекеттер саны жыл сайьш азайып келедi, олардын көпшiлiгi Азияда (Бахрейн,Қатар, Кувейт, Оман) орналасқан.
Конституциялық монархияда монархтың билiгi конституциямен шектелген.Яғни накты заң шығару билiгi парламенттiң қолында, ал үкiмет атқарушы билiкке ие. Мұндай мемлекеттерде монархтар патшалық етедi, бiрақ басқармайды, тек ұлттық символы ретiнде сан жылғы дәстүрдi жалғастырады.Еуропаның көптеген елдерiнде монархияның осы түрi тән: Бельгия, Дания,Нидерланд, Норвегия және т.б. конституциялы монархиялар арасында жоғары дамытты елдермен қатар, Непал, Лесото сияқты мешеу елдер де бар.Азиядағы жетекшi ел Жапония да конституциялык монархиялар қатарына жатады.
Теократтық (грекше құдай, билiк) монархияларда мемлекет басшысы дiни жетекші кызметiн де атқарады.Мүндай мемлекеттер қатарына бруней,Сауд Арабиясы және Ватикан жатады. Дүние жүзіндегi елдердің басым көпшiлігi мемлекеттi басқару формасына қарай республика (латынша — қоғамдык iс) болып табылады Республикалық басқару формасы Еуропадағы буржуазиялық төңкерiстің нәтижесiнде өткiзiлген болатын.Республика -заң шығаратын ең жоғары әкiмi билiгi сайлайтын өкiлеттi орган (парламент) , ал мемлекет басшысын ел халқы өзi сайлайды. Президенттiк республика жағдайында президенттi мемлекет басшысы болумен қатар, үкiмет басшысы қызметiн атқарады. АҚШ, Аргентина, Бразилия тәрiздi елдер президенттiк реслубликалар болып саналады, Ал парламенттiк республикаларда атқарушы билiк қызметiн президент тағайындаған премьер-министр атқарады.Дүние жүзiнiн көптеген елдерiнде, соның iшiнде Қазакстан Республикасыда басқарудың осы формасы тән.
Мемлекеттiк құрылымына байланысты унитарлы (латынша — бiрлiк) және федерациялы (латынша — одак, бiрлестiк) мемлекеттерлi ажыратады. Унитарлы мемлекеттерде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер тікелей орталық үкiметке бағынады.ортак заң жүзеге асырылады. Унитарлы мемлекеттер қатарына Италия, Франция сиякты республикалармен қатар, Жапония, Ұлыбритания тәрiздi конституциялық монархиялар да кiредi.
Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетiн федерация мүшелерiнің белгiлi бiр саяси, экономикалық дербестiгi болады. Бiріңғай (федералдық) зандарымен және басқару органдарымен, ортақ әскермен қатар, федерация мүдделерiнде мемлекеттiк билiктiң барлық белгiлерi бар. Дүние жүзiндегi федера циялар саны 20-дан асады.Тәуелдi аумақтар. Ұлы географиялық ашылулар мен еуропалық отарлау нәтижесiнде метрополияларға тәуелдi аумақтар пайда болды. Жалпы аумақ деген термин егемендігi жоқ жерлерге; аз көтерiлген аудандарға; мәртебесi белгiсiз жерлерге (мысалы, Батыс Сахара) қатысты қолданылады.
Тәуелдi аумақтарға — отарлар (латынша — қоныс), лротектораттар (лат — қамқоршы), мандаттық аумақтар. департаменттер мен аймақтар.ассоция мемлекеттер жатады.
Отарлар толығымен басқа мемлекеттер билiгiндегi және саяси, экономикалық дербестiгi жоқ елдер болып табылады. Теотекторат тән емес келiсiм негiзінде неғұрлым күштi мемлекеттiң әлсiзiне қамқоршы болунан қалыптасады.Бұл жағдайда елдiң тәуелдiлiк сипаты өзiнiң сыртқы экономикалық және саяси байланыстарын жүргiзу құқығын басқа мемлекетке беруiмен аныкталады. Мандаттық аумақтар Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста жеңiлiске ұшыраған Гермнияның бұрындағы отарлары мен иелiктерi соғыста жеңіске жеткен елдердiң қарамағына беру нәтижесінде пайда болды. Екiншi дүниежүзiлiк соғысстан соң мандаттык жүйе БҰҰ-ның қамқорлы жүйесiмен ауыстырылды.Қазiргi кезде тәуелдi аумақтардың аталған түрлерi БҰҰ жасаған отарлар тiзiмiне енгiзiлген, ұйым таратылған оларға жедел түрде тәуелсiздiк беру туралы талаптар қойылуда.Соған қарамастан, ұлыбритания маңызды әскери-стратегиялық аудандар болуы себептi Исландия оңтүстiгiндегi Гибралтарды, Атлант мұхитың оңтүстiгіндегi аралдарың тәуелдi аумақтар ретiнде сақтап қалып отыр.
Халықаралық ұйымдар. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан соң, 1945 жылы Бірiккен Ұлттар Ұйымыi БҰҰ құрылды. Штаб пәтерi Нью-йорк қаласында (АҚШ) орналаскан. Ұйымға 188 мемлекет (2000 ж.) мүше болды.
Кейбiр жағдайда БҰҰ халықаралық саяси жанжалдарды реттеудiң бейбiт құралдарынан басқа,әскери жолы да пайдалануына тура келедi. БҰҰ қарамағындағы әскери күштер мен қаржы оған мүше елдердiң жарнасы есебшілері түзiледi.БҰҰ-ның басты органдары — Бас Ассамблея мен Кауiпсiздiк Күшi, Экономикалық және әлеуметік кеңес,Халықаралық сот, қамқорлығы жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзiмге тағайындайды.