Саяси картаның мазмұны. дүние жүзiиiң саяси картасыда елдiн әлемдегi орны, саяси-әкiмшiлiк құрылымы бейнеленедi. Сонымен қатар саяси картада , саяси-географиялык өзгерiстер: жаңа тәуелсiз мемлекеттердің пайда болуы,елдердің саяси мәртебесiнiң ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астананың өзгеру т.б. өзгерiс табады. Дүние жүзiнiң саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерiстердi географияны саяси география деп аталатын саласы зерттейдi.
Мазмұны жағынан бiр қарағанда қарапайым болып көрiнетін саяси картада,әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкiмшiлiк-аумақтық жiктелуi, астанасы мен iрi калалары бейнеленедi.Мұның негiзiнде дүние жүзi елдерiнiң мемлекеттiк құрылымы мен басқару үлгiлерiнiң таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастарга,сондай-ақ мемлекеттiк шекараларды анықтау мен халықтық қоныстануына байланысты болатын аймактык қақтығысстарға катысты күрделi мәселелер жатыр.Дүкие жүзiлiк саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгерiске түсуде. Ортақ әр түрлi факторлар ықпал етедi.
Саяси картаның қалыптасу қезеңдерi. Дүние жүзiнiң қазiргi заманғы саяси картасының калыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа және Ең жаңа кезец деп аталатын екi дәуiрге топтастырады. Еуропалықтардың отарлау әрекеттерi 15 ғасырдаi португалдардың Солтүстік, Африкадағы аса маңызды сауда және көлiк қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута жене Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды.
Еуропалық отарлау кезенi Жаңа дүние мен Ескi дүниенiң көптеген аумақтарын қамтыды.Еуропадағы жетекшi мемлекеттердiң жаңа жерлерді бөлiсуi және ықпал ету аумақтарын экономикалык, саяси жағынан басты сипаты дүние жүзiнiң саяси картасында едәуiр өзгерiске түсуiне алып келдi Осы өзгерiстерге сәйкес,мемлекет құрылымы мен оның басқарудын Жаңа формалары пайда болды. Бiраз уақыт аса iрi отар иеленушi мемлекеттер метродолиялар (грекше — кала) болып есептелiн келген Испания мен Португалияның қатарына кейiннен Ұлыбритания, Франция, Нидерландия Германия келiп қосылды.
ХIХ ғасырдын басында Латын Америкасында басталған ұлт-азаттық қозғалыс нәтижесiнде Эквадор (1809 ж.), Колумбия (1810 ж.), Венесуэла, Парагвай (1811 ж.), Аргентина (1816 ж.) және т.б. жаңа тәуелсiз мемлекеттер қальтптасты,
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дүние жүзiндегi жетекшi метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшiн күрес шиеленiсе түстi, Соның салдарынан әлемдi Бiрiншi дүниежузiлiк соғыстың өртi шарпыды.Дүние жүзiлiк қазiргi заманғы саяси картасының қалыптасуына Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерiстер, ХХ ғасырды 50—60-жылдарындағы отарлық жүйенiң күйреуi, 8О—9О-жылдардағi.
социалистiк жүйенiң ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.
1939—1940 жылдары Балтық бойы елдерi мен көршiлес аумақтардың қосып алу есебiнен КСРО аумағы кеңейе түстi. Азияда бұл кезеңде Индонезия мен Вьетнам (1945 ж.), Филиппин (1946 ж.), Үндiстан (1947 ж.), Бирма (казiргi Мьянма, 1948 ж. ), Цейлон (казiргi Шри-Лакка, 1948 ж.) тәуелсiздiгiн алды. 1948 жылы Корея болiнiп, 38° с.е. бойымен жүргiзiліп демакратиялық сызықтың солтүстiгiнде КХДР, ал оңтүстiгiнде Корея ресубликасы пайда болды. Осы жылы бұл шешiмiмен Израиль мемлекетi қалыптасты. 1949 жылы Азияның алып мемлекетi — Кытайда мемлекеттiң құрылымы өзгердi, Кытай Халык Республикасы жарияланды.
ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Азия мен Африкадағы отарлық иелiктердiң тәуелсiздiк алуымен байланысты саяси картада үлкен өзгерiстер болды. Азияда Ұлыбритания мен Францияның иелiктерi негiзiнде бiрнеше тәуелсiз мемлекеттер Мальдив аралдары, Камбоджа, Пәкістан Ислам Респубикасы, Бангладеш, Сингапур, Кувейт жене т.б. птайда болды. Осы кезеңде Африкада 40-қа жуык Мемлекет теуелсiздiгiн алды. Тарихта Африка жытлы деген атқа ие болган 1960 жылы Африканың 16 елi тәуелсiздiгiн жариялады.
Еуропаның саяси картасындағы соңғы өзгерiстер ХХ ғасырдың 80—90- жылдары социалистiк жүйенiң ыдырауымен байланысты болды. 1989—1990 жылдары Болгария, ГДР, Румыния және Чехословакияда тоталитарлық жүйеге қарсы төңкерiстер болды.Чехословакиядағы саяси-зкономкалық қайта құрулар қоғамдық өмiрде баска елдердегi сияқты үлкен дағдарыс тудырмағандықтан, тарихта мамыражай төңкерiс деген атка ие болды.Қоғамдык өмiрдiң барлық салаларын қамтыған бұл түбегейлi өзгерiстер елдiң қарқынды дамуына ықпал етiп, 1993 жылы саяси картада бейбiт жолмен дербес Чехия жене Словакия Республикаларының пайда болуына алып келдi. 1990 жылы ұзақ жылғы ажыраудан соң ГДР мен ФРГ бiрмемлекет ретiнде кайта бiрiктi. 1991
жылы дүние жүзiндегi аса iрi ел саналып келген КСРО ыдырап, оның құрамында болған 15 республика өз тәуелсiздiктерiн жариялады.Балтық бойы мемлекеттерiнен басқалары ТМД деп аталатын жаңа одаққа бiрiктi.
КСРО-ньң ыдырауы салдарынан саяси картада теуелсiз Хорватия, Словения, Македония, Босния және Герцеговина, Югославия Одақтық Республикасы пайда болды.
Соңғы онжылдыктың өзiнде Дүние жүзiнiц саяси картасында бiрнеше маңызды өзгерiстер болды. 1993 жылы Эфиопияда Кызыл теңiз жағалауында орналасқан провинциясы — Эритрея тәуелсiздiгiн жариялады. 1994 жылы аралдық Палау Ресттубликасы пайда болды. Камбоджа мемлекетгiк құрылымын өзгертiп, конституциялық монархияға айналды. 1997 жылдан бастап Заир Республикасы атын өзгертiп, Конго Демократиялык Ресттубликасы деп атала бастады. Осы жылы 99 жыл бойы Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) айрықша әкiмшiлiк аудан ретiнде қытайдың қарамағына өттi. 1999 жылы португал отары Аомынь (Макао) Кытай құрамына өтдi.
Саяси картасының қалыптасуында мемлекеттiк шекараларды айкындау мәселесi маңыздылығын күнi бүгiнге дейiн сақтап отыр. Елдер арасындағы ұзаққа созылатын екi жақты келiсiмдерге, халыкаралык бiтiм-шарттарга қарамастан,дүние жүзiнiн бiрқатар бөлiктерiнде шекара дауы аймақтық жанжалдарға алып келуде.