Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Баты Қазақстаннан кейінгі 2-ші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағы 27%).
Ол Аралдан шығыстағы шекараға дейін 2000 км-ге, Балқаш көлімен, Бетпақдаладан оңтүстік шекараға дейін 700 км-ге созылп жатыр.
Оңтүтік Қазақстанның табиғат жағдайы әр алуан.
Бұл аймақтың климты жылы, тау алдарында 300-400 мм, ал беткейлерінде 500-800 мм (1000 мм) жауын-шашын түседі.Бірақ, жер сілкіну, сел тасқындары мен көшкіндер осы аймақта мекендейтін халықтарға үлкен қауіп төндіреді.
Ауданның солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде құмды шөлдер өзендердің құрғақ арналары мен бұзылған ескі таулардың аласа төбелермен кезектесіп отырады, ойпаң жерледе тақырлар, сор және сортаң жерлер кездеседі. Жылу мөлшері мол болғанымен, бұл жақтың климаты құрғақ.
Оңтүстік Қазақстан минералдық қорларға аса бай емес. Мұнд түсті металл кендерінің: қорғасынның, ваннадийдің, вольфрамның мол қорлары бар.
Алматы жәнеОңтүстік Қазақстан облыстарында ірі тас көмір кенорындары анықталған.
Қаратау жотасында фосфориттің, Мойынқұмда (Амангелді) табиғи газдың орасан мол қорлары барланған.
Минералдық тұздардың (ас тұзы), әктастың(Састөбе), гипстің (Тараз) қолары бар.
Оңтүстік Қазақстан су қорлармен біргелкі қамтамасыз етілмеген. Аумағының көп бөлігін шөлдер мен шөлейт жерлер алып жатыр. Ірі өзендері – Сырдария, Іле, Талас, Қаратал, Ақсу бастауларын биік таулардан алады.
Өзендері су энергетикалық қорлрына бай, Сырдарияда-Шардара, ал Іледе –Қапшағай СЭС-тері салынған.
Ауданның жер қорлары бішама. Бірақ, ылғалдылықтың жетіспеуі топырақ құнарлылығына әсерін тигізеді – көбінесесұр-қоңыр және сұр топырақ түрлері басым болып келеді. Ең құнарлы топырақ тау етектері мен беткейлерінде кездеседі.
Оңтүстік Қазақстанның жер қорының көп бөлігі – ауыл шаруашылық жерлер.
Халқы. Оңтүстік Қазақстан – ең көп халық қоныстанған аудан. (Қазақстан халқының 44%). Халықтың көбі Алматы қаласы мен Алматы облысында (42%), Оңтүстік Қазақстанда тұрады.Аудан халықтың тығыздығы жөнінен республикада 1- ші орын алады.
Оңтүстік Қазақстанда тұратын ұлттардың бәрі кездеседі. Ең саны көп диаспора — өзбектер (98%) және ұйғырлар (80%)-дан астам, кәрістер 70%.
Оңтүстік Қазақстан Республикасының ірі аграрлы-индустриалдық аудандарының бірі. Ауданның жалпы өнім өндірудегі үлесі 34%. Жетекші салалары болып агроөнеркәсіп кешенінің салалары, түсті металлургия, кен-химия өнеркәсіптері мен машина жасау саналады.
Түсті металлургия салалары Қаратау (Шалқия мен Ащысай кенорындары) мен Жоңғар Алатауындағы (Тұйық) полиматалл кендерін өһндірумен және оладың концентраттарын шығарумен байланысты.Қорғасын концетраттарын Шымкент қорғасын зауытына, ал цинкті -Өскеменге жөнелтеді.
Қаратаудағ фосфорит өндірі мен байыту маңызы ерекше. Таразда минеалды тыңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыты бар. Оңтүстік Қазақстан лак пен бояу өндіруден алда келеді.
Ең үлкен “Хмифарм” зауыты (Шымкен) – барлық лдегі шығарылатын дәрілік (препараттар) 3/5 бөлігін береді. Бұл саланың басқа кәсіп орындары Алматы мен Қаскелеңде орналақан.
Мәшина жасау кәсіпорындары тасмалданып әкелінетін металлмен жұмыс істейді. Бірақ, сонда да барлық кір жуатын машиналары мен аккумляторлар шығаратын өндіріс Алматы облысында орналасқан.
Құрылыс материадары өнеркәсібі, ең алдымен кірпіш (жалпы республика бойынша шығарылатын өнімнің 63%-ы) пен цемен (19%) өндіру дамыған.
Өндірістің энергетикалық негізін Бұқараның табиғи газымен жұмыс істейтін Жамбыл МАЭС-і, Қапшағай, Шардара СЭС-тері және басқа ірі электр стансалары құрайды.
Ағаш өңдеу өнеркәсібі әр түрлі жиһаз шығарумен айналысады (кеңселік және үй жиһаздары), ауданның барлық облыстарында жалпы өнімнің 70%-дан астамын құрайды. Бұл саланың ең алдында Алматы қаласы келеді.
Оңтүстік Қазақстан — дайын өнім шығарудан ең жылдам дамып келе жаткан аудан.
Алматы облысында 2004 жылы 20-дан астам жаңа өнім түрлерін шығару қолға алынған, олар: трансформатор қосалқы стансалары, теледидарлар, гипсокартон жазық беттері, медициналық пластик ыдыстар, лак-бояу препараттары, «Алакөл Нұр су» газдалған суы, крахмал, құстардың жем-азығы т.б.
Тау-кен өнеркәсібі түрлі пайдалы қазбалар өндірумен байланысты. Оңтүстік экономикалық аудан республика бойынша өндірілетін мұнайдың 19%-ын (Қызылорда облысы) және газдың 4%-ын береді .
Агроөнеркәсіптік кешен. Ауданда суарылатын жөне суарылмайтын жерлер де бар. Суармалы жерлер тау етектері мен жазықтарда орналасқан. Ал биіктеу, қыратты жерлерде богарлық, яғни табиғи жағдайда ылғалданатын аумақтар таралған.
Оңтүстік Қазакстан — мақта және күріш өсірудің басты орталығы. Одан басқа мұнда темекі, әр түрлі көкөністер мен жемістер өсіріледі.
Оңтүстік Қазақстан, негізінен техникалық дақылдар өсіруге маманданған. Оның негізгілері — мақта, қант кызылшасы және темекі. Оларды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Қаратал суландыру жүйелері салынған.
Суармалы жерлерде дәнді дақылдардан күріш өсіріледі (негізінен, Сырдария мен Іле өзендерінің жайылмаларында). Егістік жерлердің біраз бөлігін бидай, арпа, жүгері мен соя алқаптары алып жатыр. Көкөніс және жүзім өсіру көбінесе суармалы жерлерде таралған.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен қант, көкеніс, жеміс-консервілеу, мақта тазалау, май шайқау, мақта-мата және тоқыма салалары айналысады.
Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші салалары — кой және ірі қара мал өсіру. Аудан кой, ешкі, мүйізді ірі қара мал бастары жөнінен республикада 1-орын алады, ал шошқа өсіруден Солтүстік ауданнан кейінгі орынды алады.
Қой өсіру саласында әлемдік тәжірибедегі сияқты, санынан гөрі сапалық жағына көбірек көңіл бөлінеді.
Тамаң өнеркәсібі салалары да жақсы дамыған.
Республикада өндірілетін қанттың 100%-ын Оңтүстік Қазақстан аймағы берсе, сары майдың 50%-дан, еттің 30%-дан астамы өндіріледі.
Жеңіл өнеркөсіптің ең дамыған салалары мақта-мата (83%-дай), жүн маталарын шығару (100%), аяқ киім тігу (80%).
Ауданда көлік желісі жақсы дамыған. Темір жол, автомобиль жолдары, құбыр желілері және өзен жолдары салынып, әуе жолдары тартылған. Жүктің басым бөлігі көліктің темір жол жөне автомобиль жолдарымен тасымалданады. Аудан Қытай мен Орта Азия республикалары арасындағы, Ресеймен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен арадағы маңызды көлік коридоры болып табылады.
Қалалары. Оңтүстік экономикалык ауданда 78 қала мен кенттер бар. Басты қалалары — Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда. Олардың барлығы қалалар пайда болуының алғашқы екі кезеңінде қалыптасқан. Бірінші кезеңде — Тараз, Түркістан қалалары, қалғандары екінші кезеңде (XVIII-XIX ғ. ғ) пайда болған.
Алматы — мемлекеттік дәрежедегі қала, ірі саяси, сауда, өндірістік, мәдени, ғылыми және туристік орталық. Мұнда Қазақстан Президентінің резиденциясы, елшіліктер мен әлемнің көптеген елдерінің өкілдіктері орналасқан.
Қалада мұнай өндіру мен металлургиядан басқа барлық өнеркәсіп салалары дамыған. Мұнда жалпы өндіріс көлемінің 78%-ын құрайтын 1 500-дей өндіріс кәсіпорындары орналасқан. Негізгі салалар — машина жасау мен тамақ өнеркәсібі (қалада шығарылатын өнім көлемінің 64%-ын құрайды). Мысалы, Алматы ауыр машиналар жасау зауыты (ААМЗ), тракторларға қосалқы бөлшектер шығаратын «Поршень» зауыты, теледидарлар және басқа да күрделі техникалар жинайтын зауыттар және т.б.
Талдыцорған қаласы (103 мың адам) 2001 жылдан Алматы облысының орталығына айналды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық шикізатын өңдеудің негізгі орталықтарының бірі. Мұнда жеміс-консерві комбинаты, қант зауыты мен «Ажар» тігін фирмасы жұмыс істейді (100-ден астам енім түрлерін шығарады).
Машина жасау да дамыған, ТМД-дағы жалғыз аккумулятор зауыты жұмыс істейді. Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат, темір-бетон, асфальт, кабель зауыттары.
Тараз — облыстың әкімшілік орталығы.. Бұл — Ұлы Жібек жолында салынған ежелгі қалалардың бірі. Сол уақыттардың өзінде ол маңызды рөл атқарды. 1936 жылға дейін Әулие-Ата, 1936-1939 ж.ж. аралығында Мирзоян қаласы деп, ал 1938 жылдан бері айтыскер ақын Жамбыл атамыздың есімімен аталып келді. 1998 жылы қалаға өзінің тарихи атауы қайтарылды.
Осы уақытқа дейін жеткен тарихи ескерткіпітерден қалада мұсылмандық құрылыстың інжу-маржандары — Айша бибі, Бабажан қатын мазарлары бар.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы — Шымкент қаласы (513 мын, адам).
Бізге жеткен жазбаларда («Зафар Наме» — «Жеңіс» кітабында) Шым-кент қазіргі жыл санауы бойынша 1365-1366 ж.ж. Аксақ Темірдің жо-рықтарының суреттемелерінде айтылады. Бүгінге дейін қазіргі Шымкенттің орнындағы елді мекен ХІ-ХІІ ғасырлардың аралығында пайда болған деген пікір айтылып келді. Бірақ, жаңа қазба жұмыстары оның біздің эрамыздың Х-ХІ ғ.ғ. болғанын дәлелдейді. Өткен ғасырдың басында қала бекінісі орналасқан жерлердің астынан ғалымдардың пайымдауынша 1500 жыл бұрын өмір сүрген әйел мен еркектің қалдық сүйектері сақталған обалар табылған. Соңғы деректерге қарағанда ол тіпті Тараз қаласынан да көне болып есептеледі.
Шымкент — маңызды темір жол торабы. Қалада әр түрлі -химия, тамақ, жеңіл, т.б. өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Автокөліктерге шина шығаратын «Шымкентшина» АҚ, мақта-мата өнеркәсібінің, ауыл шаруашылық техникасының кәсіпорындары, мұнай өңдеу және цемент зауыттары бар.
Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін ежелгі орталықтарының бірінде Түркістан қаласы орналасқан (181 мың адам). XV ғ. өзінде бұл дамыған кәсіпшілігі бар, маңызды сауда орталығы болды.
Қала өткен ғасырдың ортасына дейін ғана өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол ірі тарихи және мәдени орталық.
Қызылорда (196 мың адам) Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан облыс орталығы 1817 жылы керуен жолдарының қиылысында Ақмешіт әскери бекінісі салынған. 1925-1929 жылдарда ҚазАКСР астанасы болды.